Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Вторник, 23.04.2024, 13:10
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
ХV—ХVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ


ХV—ХVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да,  көптін мұны, көптің жайы туралы айтылады. (М. Әуезов.)

Жыраулар поэзиясы. Жыраулар поэзиясының күнды-лығы неде? "Бұл дәуірдегі өлеумет тіршілігінің, — дейді М. Әуезов, — ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел камын ойлап, күңіренген қария

Асан. Бүл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жүмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін карап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, үғымды кылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу, жүмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мүңы, көптің жайы туралы не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады”. Ғалымның осы ғүламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мөні терең ашылған.

Халқымыздың осы зергерлік сөз түнығына өрі ақын, өрі ғұлама Шөкөрім де ден койған. Ол "Ескі ақындық” деген өлеңінде халық мүрасьш, ауыз өдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған:

Такпак пен макал тағы артык,

Суырыпсалма жағы артык,

Айтады олар ойланбай,

Сыпыра жырау, Шортанбай,

Үмбетей мен Марабай Алды-артына карамай,

Сокканда жырды суылдап,

Жел жетпейтін кұландай.

Шөкөрім ескі акындар поэзиясьшда "терең сыр” барын таниды. Олардың жырында "қыран қүстың үшқаны”, "акбөкеннің жүрісі”, "жайдақ желдің желісі”, "мөлдір судың аққаны”, "жел жетпейтін күландар жүйріктігі”, "адам жанының жайма шуақ кезеңі”— баршасы, көшпелі казак өмірінің бүкіл өлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жүмабаев та "Батыр Баян” поэмасында:


Бүкар мен Төтіқара жырлағанда Толқынды түңғиык боп төгілді жыр,—

деп аса қадірлеген. Демек, жыраулар поэзиясы — халкымыздың неше ғасырлык өмірін өнер өрнегіне, ақыл седіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мүрамыз.

| Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мүратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы.

Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. ^Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақылдың сөз оралымдары мол.^?

Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі такырыбы қандай?Жыраулар поэзиясының өзекті такырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігіГ’Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайҒының "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі — сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да "Қайран да менің Еділім” деп еңіреп өткен. "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым” деп, Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. ^Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Мысалы, Төтікара акын:

Бөкейді айт, Сағыр менен Дулаттағы,

Деріпсөлі,. Маңдайды айт Қыпшактағы.

Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.

Агашта биікті айтсаң қарағайды айт,

Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт, Найзасының ұшына жау мінгізген Еменөлі Керейде ер Жабайды айт,—

деп дәріптеген.


Жыраулар өмір жайлы, достык жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен.

Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің біркалыггга түрмайтынын ("мынау жалған дүние кімдерден кейін калмаған”— Шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дүрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік, этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағылым алар дүниелер молшылык.

Жыраулар поэзиясы өзінің өлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де күнды.

Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі үйкаска күрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз колданыстар да баршылык. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялык ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің үйкас, ырғактарын сол максатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік.

Жабағылы жас тайлак,

Жардай атан болған жер.

Жатып калган бір токты,

Жайылып мың кой болған жер, —

деп Қазтуған жырау "ж” дыбысьш тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер колдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкальщ сазын күшейткен. Шын көркемдік төсіл аркылы олар окушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен катар, эмоциялык өсерін үстей түскен. Мысалы, Жиембет жырау:

Еңсегей бойлы ер Есім,

Есім, сені есірткен,

Есіл менін кеңесім,

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін, —

деп төж-тағына есірген Есім ханның кылығын ашу үшін "е” дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен.

Ақтамберді жырау сүрай арнау сияқты көркемдік төсілді үтымды пайдаланған. Оның "Күмбір-күмбір кісінетіп” толғауынан:

Күмбір-күмбір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екенбіз...

Күдеріден бау тағып,

Кіреуке киер ме екенбіз?!

Төтелеп жүріп жол салып,

Қолды бір бастар ма екенбіз?!—



деген жолдар аркылы өлеңнің өсерлілік қуатын күшейткен, өрі "к” дыбысын кайталай қолдану нөтиже-сінде өлеңнің саздылығын үдеткен. Жыраулар психоло-гиялық синтаксистік параллелизмді де шеберлікпен қолданған. Мысалы:

Уа, карт Бөгенбай!

Құяр жауын аспаннан,

Кара бұлт торласа.

Пөлекет елде көбейер,

Жігітті жігіт корласа.

Акбөкен келіп жығылар,

Алдын қазып орласа.

Пенденің бағы ашылмас,

Маңдайы калын сорласа...

деп, Ақтамберді табигат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмүнын тереңдеткен, өсерлі еткен. Мүнан жьфаулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады.

Жыршы — ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлык, тарихи, ғашыктык жырларды айтып тара-тушы. ірі өнерпаз жыршылар жырларды өзінше өңдеп не суырып салып шығарып та айткан. Бүл жағынан Караганда ерте кезден жыршының түлғасы екі түрлі болған деп үккан дүрыс. Біреулерінде кандай да коғамдык-тарихи уақиғаны жырлап айту, суырып салып өлең шығару кабілеті айқын көрінсе, ал басқаларда шыгарылган жырды жаттап, өзінше өзгертіп, өңдеп айту, орындаушылық шеберлігі басым болган. Жыршыны, негізінде тек бүрыннан белгілі поэзиялык нүскаларды айтушы, орындаушы деп санау кейінгі кезеңдегі жыр-шыларға қарап қалыптасқаны сөзсіз. Казак поэзиясында суырыпсалма шығармашылық кең өрістеген ертерек замандарда жырды шығарып айтушы мен дайын нүсқаларын орындаушы арасында ондай шек болмаған. Кейбір белгілі эпостық жырлардың ондаған, бірінен-бірі өзгеше нүсқалары сақталып, бізге жеткені тегін емес. Ауыз әдебиетінің бірталай ірі өкілдері — ақындар бір жағынан жыршы, жыр да шығарушы, айтушы болып келеді, ал өнері бөсеңдеген кездерде жырды көбінесе жаттап айту өдетке айнала бастаған. Алайда қай кезеңді айтсак та, жыршылық өнері жыр айту өзгешелігі ауызша туу, даму заңдылықтарына негізделеді. Бір нүсқаны өр түрлі орындайды. Тіпті бір жыршының өзі


де жырдың сөздерін бастан-аяк дөл сол күйінде епщашан қайталамайды. Сөзге шешендік пен ой өткірлігі елеулі міндет атқарады.

Жыршының түркі тілдес халыктар поэзиясындағы ертеден белгілі жаркын түлғасы — кырғыздың өйгілі "Манас” жырын айтушылар — манасшылар. Ежелгі дөстүрі бар эпостык жырлар, сондай-ак толғау, терме сияқты жыр үлгісіндегі ескі нүскалар жыршылык өнердін, жырдьщ өрнегі мен өлшемінің сонау көне дөуірде калыптаса бастаганын дөлелдейді.

Енді XV—XVIII ғғ. елдің әлеуметтік тіршілігі, хальщ тагдыры, арман-мүраты жеке жыраулар поэзиясында қалай көркемдік шешімін тапкан екен, соған тоқталып көрелік.






Copyright MyCorp © 2024