Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Четверг, 25.04.2024, 05:19
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Доспамбет жырау (XVI ғасыр)


Доспамбет жырау (XVI ғасыр)
 Доспамбет өз заманында жаксы тәрбие алған, парасатты білгір адам болған.

Азау каласында туған жыраудьщ "Азаулыньщ Ыстамбүл-дан несі кем?!” деген жолдарына Караганда Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз.

Өз толғауларында акын өзін "Ер Доспамбет” деп эр түста таныстырып отырады. Демек, ол "астына карт күренді мініп”, "болат қылыш асынып” жаумен талай шайкасқан батыр жігіт болған. Ол "күңіреніп күн түбіне жорткан”, "садак толған сайгез ок өткеріп”, "арғымактың талдай мойнын талдырып” көп жорыктарга бастаган. Сол жорык-шайкастарда батыр басына талай кауіп-катер төнген. Оқ тиіп, өлім аузынан қайткан. Ол жайында акын:

Айдаметке ок тиді,

Отыз екі омыртканын буынынан. '

Зырлап аккан кара кан,

Тыйылмайды жонның уак тамырынан...

Жара бір катты, жан төтті,

Жара аузына қан катты...

Жағдайсыз жаман калып барамын,

Жанымда бір туранның жоғынан, —

деп, сол бір катерлі шакты бейнелеген.

Доспамбет "Айналайын ак Жайык” деп, туған Жайығын, бетегелі Сарыаркасын, елін, жерін шексіз сүйген:

Екі арыстан жау шапса,

Оқ кылкандай шаншылса...

Бетегелі Сарыарканың бойында,

Соғысып өлген өкінбес! —

деген жолдардан жыраудьщ еліне, жеріне деген перзенттік ыстык сезімін тану киын емес. Акын "Еділдің бойын ен жайлап, шалғынға бие біз байлап, орындыктай кара сабадан бозбаламен күліп-ойнап кымыз ішер күн кайда!”— деп, сол еліне тыныштық, бейбіт күн іздер шақты армандайды.


Copyright MyCorp © 2024