Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Понедельник, 29.04.2024, 00:29
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Шортанбай Қанайүлы (1818—1881)


Шортанбай Қанайүлы (1818—1881)
 XIX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүріп, патшалы Ресейдің ел билеу жүйесін катты сынаған реалист ақынның бірі — Шортанбай Қанайүлы.

Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазакстан облысы, Түркістан ауданындағы Қаратау Қарнак деген жерде дүниеге келген. XIX ғасырдың орта шенінде Шортанбай Сарыаркаға келіп, өмірінің соңғы жылдарьш Қаркаралыда өткізеді.

XIX ғасырдың екінші жартысында феодализмнің іргесі ыдырай бастады. 1861 жылы крепостнойлык қүқықты жою туралы Ресейде болған заңның лебі Сарыаркаға да жеткен болатын.

1868 жылы "Жаңа низам” заңы шығып, казак елін билеу жүйелі өзгеріске үшыраған еді. Бүрынғы хан, төрелердің үстемдігі әлсіреп, казактың өз ішінен шыккан саудагер, байлар катарға енеді. Сарыарқаны сауда-саттык жайлады, мал-мүлік базарға түсті, жәрмеңке ашылып, базар наркын ақша биледі. Қысқасы, капитализмнің элементі казак ауылдарына да ене бастады. Осы кезде жаңа байыған саудагер байлар ел билеу ісіне белсене араласты. Кешегі феодалдық дәуірдің дәмін таткан Шортанбайлар күні өтіп бара жаткан хандык дөуірді аңсап, жаңа ене бастаған капиталистік қарым-катынасты жатсынды. Ол өзінің "Бір насихат айтайын” деген өлеңінде:

Өуелі корлар зор болды,

Сондағы зорлар кор болды...

Қайыры жок бай шыкты,

Сауып ішер сүті жок.

Мініп көрер күші жок,

Ақша деген мал шыкты, —

деп, казак аулының түрмысына жаңа ене бастаған айырбас сауда катынасына шошына карады.

Дүйім жүрттың саудаға жүмылғанын байқап камы-ғады. Ауыл ішіне жік түсті, бүрын ағайындасып, бірлесіп еңбек етіп, өмір кешетін жүрт енді бір-біріне карамай, ыдырай бастады, жаңа дөуір, жаңа карым-қатынас кірді, әркім өз бетінше кәсіп істеп, өз күндерін өздері көруге тырысты.

Елге егін жайылды,

Байга коңсы жоламас.

Бай кедейді көрмейді,

Кедей байга ермейді, —

деп казак аулында тап жігінің ашылғанын, кедейдің саудагер байлардың пиғылын түсініп, одан түңіле бас-тағанын айтады. "Жарлының жаны берік-ті” деген өлеңінде байдың кедейді калай канайтынын, өділетсіздігін

билікке таласып, орыс өкімдеріне пара беріп, елубасы, жүзбасы, старшын, болыс бөлуды армандайтынын Шортанбай:

Ендігі байга мал бітсе,

Елубасы, онбасы,

Шайдан баска асы жок,

Жакынынан баска касы жок,

Ендігінің мырзасы,

Байлар ұрлык кылады,

Мал көзіне көрінбей,

Билер жейді параны Сактап койган сүріндей...

Ойлағаны жамандык Жарадан аккан іріңдей... —

деп бейнелеп береді. Ағайындас адамдардың партия бөлып билікке таласумен күн кешкенін Шортанбай бірін-бірі талаған үялас қаскырға теңейді.

Патша жүртын канады,

Байлар жөргем санады.

Жандарал болды ұлыгың Майыр болды сыйларың.

Князьді көрдің піріндей,

Тілмөшті көрдің биіңдей,

Дуанды көрдің үйіңдей,

Абакты тұр көріңдей... —

деп Шортанбай кала, бекіністер салып, пара алып, карсы келгендерді түрмеге жауып, заңсыздыкты казак даласын-да еркін жүргізіп отырған орыс патшасынан бастап, жандарал, майыр, князь, тілмаш сиякты оның жергілікті әкім-шенеуніктеріне дейінгілердің іс-өрекетін аяусыз әшкереледу
әшкерелейді.,|

Қазак байларының     Оларға коса ел ішіндегі кожа-молдалардың да халық-ты алдап-арбап, канап отырғанын айтады.

Мұның бөрі заманның азуы, рулык заңның бүзылуы, адамдардың пиғылының өзгеруі деп бағалайды. Шортанбай қүдай жолын, дін жолын ұстауға уагыз айтады.

Үрлык пенен корлыктан,

Өтірік, ғайбат, зорлыктан,

Бойыңды тартып тек жүрсең,

Көрмессід деген залалды.

Үлкендер, саган айтайын:

Акикат камын камдандар,

Дүниенія тоғы үшін,

Сірө, тіпті азбаңдар, —

деп ақылға, парасатка, адамгершілік жолға шакырады.

Шортанбай "Қалыктаған сұңқар ем” деген өлеңінде өтірік, осек айту, біреуді сыртынан ғайбаттау сияқты оғаш мінездерді мінеп-сынайды. Жастарды ізгілікке, инабаттылыкка шакырады.

Жолдас болсаң жаксымен Қолын жетер Қырымга... ісің түссе жаманга,

Жағаңнан алар сорыңа...

"Сен” демек қиын емес пе,

Бүрынғы туган үлкенге.

Шын екен деп иланба,

Жалғаншының сөзіне,

Айт көзі мен өзіне, —

деп өділ, шыншыл бол, кішіпейіл, ізетшіл бол, үлкенді, ағаны сыйла дейді.

"Өке сыйламаған үлдан, шеше сыйламаған кыздан без, бірге туған бауырымен жауласкан туыстан без” деп өсиет айтады.

Адам болам десең үлкендерден акыл-кеңес ал, батасына болен, "көпті көрген кариядан акыл сүрасаң азбайсың... батаменен ер көгереді” деген ойларды толғау-тілек өлеңдеріне арқау етеді.

Шортанбай "дүние, коғам, табиғат үнемі өзгерісте болады, туу, осу, олу табиғат заңы, туған адамға өлмек парыз, олімнен қашып қүтылмайсың” дейді. Тіршілікте дүние үшін біреуге жасаған зорлык-зомбылығыңды кешіре гор деп жаратушыға жалбарын, ораза түт, намаз окы, зекет-садака бер, күдай жолын үмытпа дегенді айтады.


Шортанбай өлеңдерінің қүрылысы 7-8 буынды үзак жыр, толғау, ақыл-накыл түріндегі шығармалар болып келеді. Өлең мәтінінде бірлі-жарым тауфих, төубө, күрзі, мекке, тәккір, сират, т. б. діни сөздер кездеееді.

Ол діни ұғымдарды пайдалана отырып, жастарға ақыл айту, ғибрат беру, адамгершілік жолга төрбиелеуді көздейді.

Қорыта келе, Шортанбай өз дәуірінде көп шындыктьщ бетін ашты, халыктың ауыр түрмысын көре білді. Оны отаршылдыктың салдары деп түсінді. Заманды "зар заман” деп атады. Ел билеуші әкімдердің парақор, зорлықшыл, әділетсіздігін айкьш ашьш көрсетті. Жастарды адамгерші-лікке, ізгілікке, бауырмалдыльщқа, қайырымдылыққа дін жолы аркылы жеткізуге болады деді.




Copyright MyCorp © 2024