Скачать рефераты бесплатно қазақша,әдебиеттен,халық ауыз әдебиеті,ежелгі дәуір әдебиеті,XV-XVI.XVII.XVIII.XIX.XX ғасырлардағы басындағы ортасындағы аяғындағы қазақ әдебеті * - Абай ҚҰНАНБАЕВ (1845—1904)

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 726

Форма входа

Поиск





Вторник, 06.12.2016, 05:49
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Абай ҚҰНАНБАЕВ (1845—1904)


Абай ҚҰНАНБАЕВ (1845—1904)

Қазактын бас ақыны — Абай Құнанбаев. Одан аскан бүрыь-сощы заманда қазак баласында біз білетін ақын болған жоқ...

Абай не нөрсені жазса да түбірін, тамырын, ішкі сырын, касиетін қармай жазды. Өр нөрсенің сырын, касиетін терең сезініп жазған сон, сөздің бөрі де халықка тіреліп, окушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады. (А. Байтурсынов. "Қазақтың бас ақыны".)

Абай Құнанбаев 1845 жылы бүрынгы Семей уезі,

Шыңғыс болысында (қазіргі Шьіғыс Қазақстан облысы,

Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Қүнан-бай Қарқаралы уезіне аға сұлтан болған.

Абай әуелі ауылда Ғабит-хан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды.

Абайды өкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уакытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты өдеби мұралармен танысады.

Абай медреседе небөрі үш-ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен "приходская школаға” түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мүндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Қүнанбай ел билеу ісіне араластырып төрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.

Әкесінің жүмсауымен Абай ел ішіндегі эр түрлі мөселелерге араласады. Ол көптеген ескі өңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.

 Шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу аркылы Абай араб, парсы, шағатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, кисса, аңыз-әңгімелерін    әжесі Зере бәйбішеден, халык акындары Шөже, Бөйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сактады.

Абай парсы, тәжік әдебиетінің кемеңгері Фирдоусидің, әзербайжан акындары Низами мен Физулидің, парсы акындары Сағди мен Шәмсидің, түрік акыны Сейхалидің, өзбек классигі Навоидың көптеген шығармаларын, оның ішінде "Шаһнама”, "Ескендір-нама”, "Ләйлі — Мәжнүн”, "Фархат — Шырын” жөне арабтың "Мың бір түн” сиякты тамаша туындыларын сүйіп окып, сол аркылы Шығыс елдерінің түрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен, өдет-ғүрпымен танысты. Олардың кейбіреулерін өз шығарма-сының сюжетіне аркау етті. Мысалы, Абай Шығыс халқының "Масғүт” атты ертегісін өз поәмасының мазмүнына желі етеді.

Поәмасының түйінінде: "Байлық та, хандык та акылға табынған. Акылды алған адам азып-тозбайды”, "тіршілік-тің түткасы акыл мен білімде” деген қорытындыға келіп, жастарға соны үлгі етіп үсынады.

Ал "Ескендір” поэмасында көрші елдерге шабуыл жасап, ханын өлтіріп, халкын талап, жазыксыз жандар-дың қанын судай шашқан канішер, жауыз Ескендірдің (Александр Македонскийдің) шапкыншылық өрекетін суреттейді. Акыры темір корғанды какпаға кездесіп, камалды ала алмай дағдарысқа үшыраған патшаға біреу орамалға түйген адамның бас сүйегін сыйға тартады. Оньщ мәнісін түсінбей ашуланған Ескендір ойшыл-ғалым Аристотельден жүмбактың мөнін сүрайды. Аристотель адам көзі тіршілікте еш нөрсеге тоймайтынын, тек өлгенде топыраққа көміліп тынатынын айтады. Акын жауыздықты ізгілік жеңеді деп қорытынды жасайды.

Абай арабтың классикалық шығармасы "Мың бір түн” ертегісінен "Әзім әңгімесін” поэма етіп жазып, Бағдатта бояушы, суретші, алхимик Әзім атты жігіттің басынан кешкен уакиғасын баяндайды.

Абай және орыс, Батыс әдебиеті. 1860 жылдардың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей каласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оки бастайды. Осы кітапханада Л. Н. Толстойдың шығармаларын окып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне катысканы үшін жер ауып келген жаратылыстанушы галым Е. П. Михаэлиспен 192

 кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді. Михаэлис орыстың үлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Цекрасовтармен катар революционер-демократ ағарту-шылар Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Еуропаның үлы акьш-жазушылары Шекспир, Байрон, Гёте, А. Дюма-лардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т. б. еңбектерін окуға кенес береді. Бүрын колына түскен кітапты окитын Абай енді орыс, Батые ғалымдары мен акын-жазушылардың еңбектерін белгілі максатпен жүйелеп окуға көшеді. Абайдың: "Дүниеге көзімді ашкан — Михаэлис” деуі осыдан туындаған. 1880 жылдары Михаэлис арқылы ол Долгополов (антрополог), Леонтьев (адвокат) сиякты Ресейден жер ауып келген демократтармен достасады. Олар жаз айларында Абайдың аулына келіп, казак омірімен танысады. Абай бүлардың өсерімен Пушкиннің "Евгений Онегин” романынан үзінділерді, Лермонтовтың "Бородино”, "Теректің сыйы”, "Демон”, "Жалау”, "Жартас”, т. б. ондаған өлеңдерін, Крыловтың "Қазаға үшыраған кара шекпен”, "Шегіртке мен күмырска”, "Бака мен өгіз”, "Піл мен қанден”, "Есек пен бүлбүл”, т. б. мысалдарын аударады. Гетенің "Қараңғы түнде тау калғып” өлеңін орысшасынан (Лермонтов) аударып, өн де шығарады.

Абай орыс, Батые классиктерінің шығармаларын ауда-руда олардың өршіл бостандыкты аңсаған "Бородино”, "Қанжар”, "Жалау” сияқты өлеңдері мен әділетсіздікті, топастыкты әшкерелейтін мысалдарын таңдап, талғап аударған. Акын орыс жөне батыс мәдениетін толғап, таңдап үйрену керектігіне көңіл бөледі. "Интернатта окып жүр” деген өлеңінде сол кездегі казактың оқыған жастарының халык үшін кызмет етуден гөрі, пара алып баюды, шен алып, шекпен киіп патша әкімдеріне жағуды мақсат түтатынына ызаланып:

Ойында жок бірінің,

Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат,

Болсам деген бөрінде ой, —

деп мінеп-сынайды. Абай орыс классиктерімен сыншыл-дык ой бөлісе отырып:


Военный кызмет іздеме Окалы киім киюге,

Бос мақтанға салынып Бекер көкірек керуге,

Қызмет кылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге, —

деп жастарға ой тастайды. "Мансап үшін окыма, біліміңді, пайданды халқыңа жұмса, ел камқоры — азамат бол” деп жастарға халык атынан үлкен бағдарлама үсынады. "Тіпті ол колыңнан келмесе егін ек, сауданың тегін үйрен... адал еңбек етсең, қара жер де қүр калдырмай-ды”— дегенді айтады.

"Ғылым таппай мақтанба”. Абай акындық жолға бет бүрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Оның 1885 жылғы жазған "Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңі осы тақырыптағы түңғыш шығармасы болумен катар жаңа үлгідегі жаңа ізденісін танытады. Ол өз өкінішін білдіре отырып, жастарды ғылым-білім үйренуге үндейді.

1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба” деген өлеңін жазды. Бүл өлеңінде білім, ғылымның адамға пайдасы туралы айта келіп, әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы ғылым болуы керектігін түсіндіреді.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап боска күлуге... —

деп мәз болма, өмірдің мақсаты білімді болғанда ғана орындалады дейді. Оған жетудің жолдарьш көрсете келіп:

Ғалым болмай немене,

Балалыкты қисаңыз?

Болмасаң да үксап бак,

Бір ғалымды көрсеңіз...

Артык білім кітапта,

Ерінбей окып көруге, —

деп, ерінбей, жалықпай ізденудің, көп оқудың, табан-дылықтың кажет екенін жастардың санасына сіңіреді.

Ақын адам болам деген жастардың бойында қандай жақсы қасиет болу керек, неден кашу керек дегенді де сөз етеді.


Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған кайғы жесеңіз,

Өсек, өтірік, мактаншак,

Еріншек, бекер мал шашпақ —

Бес дүшпаньщ білсеңіз,

Талап, енбек, терең ой,

Қанағат, ракым ойлап кой —

Бес асыл іс, көнсеңіз... —

деп бес жақсы қасиетке үйір бол, бес жаман өдеттерден аулақ бол, сонда абыройлы, адамгершілігін зор азамат боласың дегенді өсиет етеді. Абай айтқан жақсы, жаман қасиеттердің бәрінің де күні бүгінге дейін тәлімдік мөні зор екені даусыз. Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшу кезінде де өтірік, өсек айтпау, еріншек болмау, тапқан табысты орынсыз шашпай, үнемдеп үстау, талаптанып, талпыну, еңбекті сүю, тапкан табысқа масаттанбау, бай-лығың асса жетім-жесір, жоқ-жітік, кемтарларга көмек-гесу өмір заңы болып отыр. Абай айтқан уөдеге берік болу, наданның сөзіне қүлақ аспау, бүгінгі күнде де көнеріп ескірмейтін аталы өсиет екені даусыз.

Тіршіліктің түтқасы еңбек пен білімде ғана деп түсінген үлы ақын өзінің "Түбінде баянды еңбек егін салған” деген өлеңінде:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оку оқып, білім алған.

Би болтан, болыс болған өнер емес,

Енбектің бүдан өзге бөрі жалған, —

деп көрсетеді.

Ел-жүрт болу үшін кала салып, отырықшы болу керек, егіншілікті көсіп етіп, мектеп салып, бала оқытып, білім алу керек... Мансап мөңгі емес... Тек окумен, біліммен гана артқа із калдырасың дегенді айтады.

"Ақыл, қайрат, жүректі бірдей үста”. Абай "Ақыл — ардың сақтаушысы” деп қарап, адамгершілік мөселелерін аса жогары багалап, ар тазалыгын сақтауды берік үстаным еткен.

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,

Бүларды керек кылмас ешкім калап...

Терең ой, терен ғылым іздемейді,

Өтірік пен өсекті жүндей сабап, —


деп, кейбір жастардың келеңсіз іс-әрекеттеріне кейістік білдіреді.

Үлы ақын ар-намысты жоғары бағалап, асыл азамат болу үшін адам бойында қандай касиет болуы керек дегенді айта келеді де:

Акыл, кайрат, жүректі бірдей ұста Сонда толык боласың елден бөлек, —

деп, жан-жақты төрбиесі жетілген "толык адам” болудың алғы шартын белгілеп береді. "Акылыңа қайратың сай болсын, адамның іс-өрекетін билеуші әділ казысы жүрек... жүректі таза үста” дегенді айтады.

"Қалың елім, қазағым, қайран жүртым”. Жастайы-нан ел билеуші болыс, билердің, орыс шенеуніктерінің еңбекші халыққа жасап отырған зорлық-зомбылығын, өділетсіздігін көріп өскен үлы ақын Абай олардың озбырлығын мінеп-сынап бірнеше өлеңдер шығарды. Мысалы, "Қараша, желтоқсан мен сол бір, екі ай” деген өлеңінде бай мен кедейдің қарама-қарсы өмірін салыстыра суреттеп:

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жок үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер катыны бүрсең кағып...

Көрі кой ептеп сойған байдың үйі Қай жерінде кедейдің түрсын күйі?

Қара қидан орта кап ұрыспай берсе,

О да — кылған кедейге үлкен сыйы, —

деп, кедейдің аянышты өмірін оқушының көз алдына елестетеді.

"Қартайдық, қайғы ойладык, ұлғайды арман!” деген өлеңінде бірін-бірі алдаган қазақ аулындағы қу мен сүмды, сүрқия алдамшы алаяқтарды шетінен өлтіре сынайды.

Ал "Болыс болдым, мінеки” деген өлеңінде пара беріп, бшгікке қолы жеткен екіжүзді жемқор болыстың бейнесін "улы сия, ащы тілмен” өлтіре сықақ етеді. Ол ел ішіндегі сыбайластарына қыр көрсетіп, "оязға сөзім сенімді” деп мақтанса, ал "оңашада оязға мақтамаймын елімді” деп, екіжүзділік көрсетеді. Осындай жексүрын болыстың ішкі психологиялық портретін өз аузымен баяндатып:

Антұрғанмын өзім де,

Бір мінезбен өтпеймін...

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салгыртсып,

Шала үғамын кырындап, —

деп күбылмалы мінез-қүлкын, кимыл-өрекетін, сүркия саясатын әшкере етеді. Бұл казак ел билеушілерінің бойында орыс әкімшілігіне багынумен байланысты туған жағымпаздық, екіжүзділік психология еді.

Абай билікке таласып, партия қуып, дау-дамайды көбейткен аткамінер пысықтардың іс-өрекетіне ыза болып:

"Бас-басына би болган өңкей кикым Мінеки, бұзған жок па елдін сикын?” —

деп, адамгершіліктен жүрдай, татымсыз топты өлтіре әшкере етеді.

"Сабырсыз, арсыз, еріншек” өлеңінде бас пайдасы үшін кандай да болмасын жексүрындык іс-өрекетке жакын түратындардың мінез-күлкын, іс-өрекетін ақын ащы уытпен сипаттайды.

Бір-ак секіріп шығам деп,

Бір-ак каргып түсем деп,

Мертігеді, жатады,

Үрлыкпен мал табам деп,

Егессе, ауыл шабам деп,

Сөйтіп, күдай атады, —

дей келе, нағыз елдің береке-бірлігін бүзатын, бас пайдасы үшін арсыздықтьщ алуан түрлі айла-шарғысына баратын алаяқтардың типін жасайды:

Пысык деген ат шыкты,

Бір сөз үшін жау болып,

Бір күн үшін дос болып,

Жүз күбылған салт шыкты.

"Пысык кім?” деп сүрасан,

Қалаға шапса демалмай,

Өтірік арыз көп берсе.

Олар үшін өтірік айту, өсек айту, бос мақган — ата көсібі сияқты "өнері”. Аярлык, екіжүзділік, опасыз-дық — олардың қанына сіңген қасиет.

Абай шаруаға қыры жок, жалғыз атын мініп, ел кыдырып ас ішу мен бос мақтаннан баска колынан   келері жоқ арамтамақтардың күлкілі портретін жасай келіп:

Осындай сидан жігіт елде мол-ак,

Бөрі де шаруаға келеді олак...

Олардың жок ойында малын бакпак,

Адал еңбек, мал таппак, жүртка жақпак, —

деп корытынды жасайды.

Абай елдің шыркын бүзар өтірік пен өсек, партияласу мен бак таластыру, үрлык пен барымта екенін айта келіп:

Қайнайды каның,

Ашиды жаның,

Мінездерін көргенде... —

("Сегізаяқ" )

деп, жаны түршіге налиды. Осы жаман әдет, жат мінездін халык арасында етек алуы "жүмысы жоктық пен тамағы тоқтыктан... іппсен жегенге мәз больш, талапсыз, еңбексіз, оқусыз, білімсіз, "хайуанша күн кешуден” деп ой топшылайды. Үрлык-зорлық, барымтамен күн кешкен надан елдің күйіне жаны күйзелген патриот ақын "Қалың елім, қазағым, кайран жүртым” өлеңінде:

Қалың елім, казағым, кайран жүртым,

Үстарасыз аузыңа түсті мүртың.

Жаксы менен жаманды айырмадын,

Бірі кан, бірі май боп екі ұртың,..

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бүзылды, түнде үйкың, —

деп, "қалың елі казағының” ауыр халіне кабырғасы кайыса қайғырады.

Адасып аландама жол таба алмай,

Берірек түзу жолға шык, камалмай,

Не ғылым жок немесе еңбек те жок,

Ең болмаса кеттің гой мал таба алмай, —

деп назаланады.

Жастардың оқу окып, білім алып немесе белгілі бір өнер үйреніп, халыкка пайдасын тигізетін азамат болуын аңсаған акын Абай:


Өсемпаз болма өрнеге,

Өнерпаз болсаң аркалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар калан, —

('Әсемпаз болма әрнеге")

деп, өмірден өз орныңды таба біл деп өсиет айтады. Өнерді көрші өзбек, татар, орыс жүртынан үйрен деп жар салады. Бүл өмір шындығын дөп басып көре білген реалист ақынның елін сүйген шынайы патриоттык сезімінен туған шығармалары еді.

"Ғашықтық қүмарлықпен — ол екі жол...” Абай іпьп'армаларында отбасын қүру, жар таңдау, әйел теңдігі адал махаббат мөселесі ерекше сөз болған.

Ол өзінің "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы” атты өлеңінде "Қыз сыны мен жігіт султаны қандай болу керек?” деген мөселенің айналасында ой қозғайды. Абай ару кыздың сыртқы портретін:

Қақтаған ак күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз, кара көзі нүр жайнайды,

Жінішке кара касы сызып койған,

Бір жаңа ұксатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен кыр мүрынды,

Ақша жүз, ал кызыл бет тіл байлайды,

Аузын ашса көрінер кірсіз тісі,

Сыкылды колмен тізген, іш кайнайды, —

деп, дүниедегі нелер тамаша, асыл, нәзік көріністерге балай отырып бейнелеп береді. Қазак қызының үлбіреген ақ тамағын, кіршіксіз маржандай тізілген отыз тісін, тал шыбыктай бүралған белін, сүліктей ак саусағын, шоқпардай кос бүрымын, сылдырлаған шолпысын Абай көркем сөз асылдарымен кестелеп келтіреді. Осындай гамаша көркіне ақылы сай арудың келісімді мінезін:

Сөйлесе сөзі өдепті, өм мағыналы,

Күлкісі бейне бүлбұл күс сайрайды,—

деп екі-ак өлең жолымен елжіретіп бейнелеп береді.

Ал бүған қарама-карсы ашық боламын деп "орынсыз жыртактаған”, күлкішіл, оспадарсыз, келер-кетерді білмейтін дөрекі, даңғаза, парыксыз, инабат, өдеп атаулыдан жүрдай кейбір кыздарды жеріне жеткізе

сынай келе, өмірлік жар таңдауды мақсат еткен жігіттерге осындай оспадарсыз жандардан сак болыңдар деп ой салады.

Абай жігіттің де жігіті бар, орынсыз мақтанра бой үрған, арзан ойын-күлкіні қуып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн кешетін еңбек сүймес, көрсеқызар, әулекі жандарды елтіре сынайды.

Кей жігіт арсыздьщпен ұятсынбай,

Қол жетпес өр нөрсеге тыртақтаган.

Қасиетті болмайды ондай жігіт,

Өншейін кұр бекерге бұлғақтаған, —

('Жігіттер, ойын арзан, кулкі қымбат")

деп, сынапша жүз қүбылған баянсыз жігіт мінезін келеке, мазак етеді. Жастардың ондай мінезден аулақ болуын қалайды.

"Арыңды жасыңнан сакта, ар — акылдың сауыты” дегенді айтады.

Керек іс бозбалага талаптылык,

Өр түрлі өнер, мінез, жаксы қылык.

Кейбір жігіт жүреді мактан сөйлеп,

Сыртқа пысык келеді, көзге сынық, —

деп, жігітке койылар талапты да саралап көрсетіп береді. Абай айткан талаптылык, өнерлілік, мінезділік, адамгершілік касиеттің биік өлшемі.

Абайдың ар-ождан, мінезділік жөніндегі ой-пікірі бүл жерде "жігіттің күны жүз жылкы, ары мың жылқы”, "жаным арымның садағасы” деген халық кағидасымен қабысып жатыр. Ақын жастарга соны мүрат, мақсат етіп коя білді. Абай өз дөуіріндегі жастарга достықты адамгершіліктің ак туы етіп үсынды.

Кемді күн қызык дөурен тату өткіз,

Жетпесе біріңдікін бірін жеткіз...

Вір жерде бірге жүрсең басың косып,

Біріңнін бірін сөйле сөзін тосып, —

деп сыйласымды, достықпен өмір өткізуді уагыздайды.

Біреудің көркі бар деп жаксы көрме Лапылдақ көрсе кызар нөпсіге ерме!

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп күмарланба,

Ары бар, акылы бар, үяты бар Ата-ананың кызынан ғапыл калма,—


деп, жастарға өзіңе өмірлік жарды дүрыс таңдай біл деген акылды айтады.

Абай махаббат бостандығының, өйел теңдігінің жаршысы бола білді. Мәселен "Бір сүлу кыз түрыпты хан колында” деген өлеңінде алтын, күміс, камка, торғынға орып койып, жас кызды зорлап өйел етпек болған есерсок ханның өрекетін айыптай отырып:

Етімді шал сипаған құрт жесін деп,

Жартастан кыз құлапты терең суға,—

деп корлык өмірден ерлік өлімді артык көрген кызды дөріптейді.

Әсіресе, әйелді малға сатып алуга, калың малға карсы шыгады.

Көрі жас дөурені өткен тату емес,

Епке көнер ет жүрек сату емес.

Кімде-кім үлкен болса екі мүшел,

Мал беріп алганымен катыны емес, —

деп, өйелдің басын еріксіз саудаға салуға мүлде карсы болады. Көрі мен жастың жүрегін калың мал жалгастыра алмайды, "Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны косыңдар...” деп, өзінің кальщ малға деген айыптау үкімін айтады.

Абай "Ғашыктык күмарлыкпен — ол екі жол” өлеңінде жастарды нөпсі қүмарлыктан сақтандырады.

Ғашыктык іздеп тантыма Аз күн өуре несі іс? —

деп, жастардың өткінші, алдамшы сезімге елікпеуін калайды.

"Ата-анадай елжірер күннің көзі”. Абай жылдьщ төрт мезгілін арнайы тақырьш етіп, тамаша өлеңдер жазды.

Оның жылдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері 1886— 1890 жылдар арасында орыс, батыс классиктерін еркін оқып меңгергеннен кейін туған.

Абай "Қыс” деген өлеңінде:

Ак киімді, денелі, ак сакалды,

Соқыр, мылкау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ак кырау, түсі суык Баскан жері сыкырлап келіп калды, —


деп, қысты жанды адам (шал) бейнесінде суреттейді. Қазақ әдебиетінде Абайға дейін табиғатқа бұлай жан бітіре, тірі бейне ретінде суреттеу болмаған.

Ал 1890 жылы Абай шығарған "Жазғытүры” деген өлеңінде табиғаттың осы мерзімге сай бейнелі суретін жасайды, қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтас болады. Ақын көктемгі күншуақты күн нүрын "ата-анадай елжіреген” деп суреттеу арқылы оқушының жүрегінде махаббат сезімін оятуға тырысады.

Жаздьщ көркі енеді жыл кұсымен,

Жайраңдасып жас күлер қүрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, Жалбаңдасар өзінің түрғысымен.

Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, қүшактасып.

Шаруа куған жастардын мойны босап, Сыбырласып, сырласып, маукын басып, —

деп, жадыраған көрі, жастың көңіл-күйін табиғат бейнесімен байланыстыра суреттей келе, елжіреген күн нүры хайуанаттар мен қүстарға, өсімдіктер мен орман тоғайға, өзен-көлдерге де тіршілік нышанын ала келгенін өсерлі баяндайды. Ақын адам өмірі мен табиғат күбылыстарының арасындағы жалғастық-үндестікті бар жан-дүниесімен сезінеді. Табиғаттың сүлулығын асқан шабытты суреткердің көзімен қарап тамашалау, тамсану ерекше көрінеді. Ақын казак даласындағы жазғытүры кездің барлық көркемдігін берумен бірге, бүл кезді казак халқының еңбекке үмтылатын, тіршілік үшін күресетін қайнар мезгілі деп таныды. Осындай әсем сурет, өсерлі бейнелеулер Абайдың "Желсіз түнде жарық ай”, "Көлеңке басын үзартып” деген өлеңдерінен де байқалады.

Мысалы:

Желсіз түнде жарык ай,

Сөулесі суда дірілдеп,

Ауылдын жаны — терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп, —

деп, ақын табиғат суретін дәл өзі көрген бейнеде айнытпай поэзия тілімен суреттейді. Ал "Көлеңке басын


үзартып”* деген өлеңінде казактар "зауал (катерлі) шак” деп ырымдайтын кездің жабыркау көрінісі берілген.

Күңгірт көңлім сырласар,

Сүрғылт тарткан бейуакка.

Төмен қарап мұңдасар,

Ой жіберіп өр жакка, —

деген жолдардан сол сүркай бейуақпен сырласкан акын бейнесін көреміз. Заманнан озып туып, "жүрт ермей не ерік бермей” кор еткен дана жан өмірінің осынау көкжиектен кызарып асьш бара жатқан күндей кеш-кірген шағьшда бастан кешкен жалғыздык мүңын, арман-мүратын еске алып отырғандай. Сондықтан өлең бүрьшғы сахара акындыгына беймәлім сарында "көлеңке басын үзартып”, "күнді уакыт қызартып”, "сүрғылт тарткан бейуакпен”, "төмен карап мүңдасу” сиякты кілең тың, өсерлі тіркестерден түрады.

"Күз” деген өлеңінде көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу тартқан бейнесін шендестіре суреттеген акын:

Жасыл шөп бөйшешек жок бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш, курай, —

деп аспанды каптаган сүр бүлт, жерді баскан дымқыл түманды, жапырағы түскен ағашты, сарғайып тозған күзеуді суреттеу аркылы көшпелі ауыл тіршілік ететін табиғи ортаны, айналаны нақтылы калпында айкын көзге елестетеді. Тіршілік өрекетін бейнелеу жағының басымдығы байкалады.

Қара суыкка тоңып дірдектеген балалар мен кемпір-шалдардың сиқы күзгі табиғаттың жабыркаңқы түріне толык сөйкес келеді.

Табиғат бейнесін адам өмірімен байланыстыра бейнелеп беруде казак өдебиетінде Абай — өз замандастарынан көш ілгері түрған, теңдесі жоқ шебер суреткер акын.

"Үйықтап жатқан көңілді ән оятар”. Абай ақындық өнермен коса өнпгілік, сазгерлік өнерді де аса жогары бағалаған. Абайдың өзі шығарған 20 шакты өлең-өндері бар.
* Бүл өлещгің талдануы Ү. Асылүлының "Абайды оку өліппесі” ("Рауан”, 1994) кітабынан алынган.


"Көңіл күсы қүйқылжыр шартарапка” деген өлеңінде казак өндерінің көркемдік касиетін, жүрек кылын козғап, адам сезіміне ерекше эсер ететін күдіретті күшін айтады:

Шыркап, калкып, сорғалап, тамылжиды,

Жүрек тербеп, оятар баста миды.

Бүл дүниенің лөззаты бөрі сонда,

Ойсыз күлақ ала алмас ондай сыйды.

Үйыктап жаткан жүректі өн оятар,

Үннің төтті оралған мөні оятар.

Кейі зауык, кейі мүд, дертін козғап,

Жас балаша көңілді жаксы уатар.

Ән — көңілдің ажары, жүректің мүң-шерін қуаныш-кайғысьш өн өуені аркылы ғана таркатуға болады. Мүндай ой Абайдьщ "Қүлактан кіріп, бойды алар” өлеңінде айкын көрінеді:

Қүлактан кіріп, бойды алар,

Жаксы өн мен төтті күй.

Көнілге түрлі ой салар Өнді сүйсен, менше сүй!

Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім үмытып,

Көңілім өнді үғады,

Жүрегім бойды жылытып, —

деп тебіренеді.

Абай 1889 жылы А. С. Пушкиннің атакты "Евгений Онегин” романын өлеңмен аударды.

Пушкин шыгармаларын аудару, оны танып багалай білу — Абай үлылыгының бір жаркын көрінісі. "Евгений Онегин” Абай көңіліне тіпті жакын келді. Онегин мен Татьяна бейнесінен казак акыны бірін-бірі сыйлап, риясыз сүйген жас жігіт пен кыздың тіршілік талқы-сының себептерінен косыла алмай арманда кеткен күйін таныды. Олардың хаттарын аудару аркылы Абай казак жагдайындағы Татьянаға тагдырластардың мүңьш жоктады. Татьяна сөзі қазак даласына өн болып таралды.

Абай шыгарган "Сегіз аяқ”, "Көзімнің қарасы”, "Қор болды жаным”, "Бойы бүлгаң”, "Айттым сөлем, Қаламқас” сияқты өсем өндерімен қатар "Қараңгы түнде тау қалғып”, "Татьянаның хаты” төрізді аудармалары өзі шыгарған өн өуендерімен халыққа кең тараган. Қазақтың халық өндерін сүйсіне тыңдап, терең багалаган ақын өз

өндерін де қүр ащы айғайға қүрмай, ойшыл адамның мүңлы сырын лирикальщ әсем өуенмен тыңдарманның жүрегіне үялатқан. Абай әндерінен философиялык терең ой, жүрек сезімінің ішкі лүпілі еркін сезіліп түрады.

"Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы”. Абай акындыкты ерекше жоғары бағалап, күдірет түткан. Ол өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге баска тілдерден орынсыз сөздер енгізуге, тіл шүбарлауға Абай/ мүлде карсы болды. Мысалы, "Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы” деген өлеңінде акындьщ өнерге ерекше ден койып, аса жоғары бағалағаны байкалады. ^

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан киыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жүмыр келсін айналасы, —

деп ақын болам деген азаматтарға зор талап кояды. ^ Абайдың түсінігінше, бөтен сөзбен сөз арасын былғау — білщсіздік, бейшаралық. Ақынның тілі өткір, сөзі салмақты, ойы терең болуы керек. Абай өмір сүрген қоғамда көптеген ақындар бай мен болыс, билерді мактап, жанын жалдап, акындыкты күн көрістің күралы етті. Сөйтіп, олар ақындыктың кадірін кетірді.,

і^Өлеңін сатып күн көрген, жағымпаз, жарамсак ақындарға ыза болған Абай:

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,

Мактау өлең айтыпты өркімге арнап.

Эр елде өлеңменен кайыр тілеп,

Кетірген сөз қадірін жүртты шарлап, —

деп катты сынайды. Ат-шапан үшін немесе болмашы тиын-тебен, сауын үшін ақындык өнерді саудаға салу, сөз кадірін кетіру арсыздық деп карады. Акын өзінің "Біреудің кісісі өлсе, каралы ол” деген өлеңінде:

Сый дөметпе, берсе алма, еш адамнан,

Нең кетеді жаксы өлең, сөз айтканнан? —

деп ондайларға ақыл айтады. Акьш елдің еркесі, хальщ мүңьш жоқтаушы деп бағалайды. Абай жоктан өзгені өлең кыльш кисындьфу акьшдьщ емес, ақьш өлеңдерінің тілі орамды, ойы терең, төлімдік мәні күшті болуы керек дедц Абай акындык өнер еріккеннің ермегі емес, ол— қоғамды түзетупгі үлы күш деп карады. Абайдың осы ойын:


Максатым — тіл үстартып, өнер шашпак,

Наданның көңілін қойып, көзін ашпак,

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігігтер,

Думан-сауык ойда жоқ өуел баста-ак, —

деген өлең жолынан айқын көруге болады.

Абай "Біреудің кісісі өлсе, каралы ол” деген өлеңінде адамның туғанынан өлгенге дейінгі өмірінің бөрі өлеңмен жалгасатынын, үлттык салт-дәстүр атаулының (шілде-хана, қыз үзату, келін түсіру, өлікті жөнелту, т. б.) өлеңсіз өтпейтінін айта келіп:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер койнына кірер денең.

Өмірдегі қызығын бөрі өлеңмен Ойласаңшы, бос какпай елең-селең... —

-->

Copyright MyCorp © 2016