Скачать рефераты бесплатно қазақша,әдебиеттен,халық ауыз әдебиеті,ежелгі дәуір әдебиеті,XV-XVI.XVII.XVIII.XIX.XX ғасырлардағы басындағы ортасындағы аяғындағы қазақ әдебеті * - ежелгі дәуір әдебиеті

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 726

Форма входа

Поиск





Вторник, 06.12.2016, 05:49
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
ежелгі дәуір әдебиеті


ежелгі дәуір әдебиеті

Түркі тектес халықтарға ортақ асыл мұрамыз

...Жаксы сөз — аккан су,

Қайда акса, сонда гүл эсер.

(Жусіп Баласагуни. "Қудатгу білік".)


Қазак халкының арғы тегі көне түркі тайпаларынан шығады. Олар мөдениетін де бірлесіп жасаған.

Қазак халкының кұрылуына негіз болған ру-тайпалар ерте замандарда казіргі Қазакстанды, Орта Азияны, Оңтүстік-шығыс Сібірді, Орталык Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Олар өзбек, қыргыз, өзірбайжан, түрікмен, үйғыр, каракалпак, хакас, башкүрт, татар халықтарының күрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалык, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортак болды. Кумандар, Дешті Қыпшактар, тағы баскадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес ерлік әпостар, ертегілер, аңыздарда халыктардың ерлігі, түрмыс-тіршілігі, арман-киялы ерлік эпостарда, ертегілерде, аңыздарда жырланған. Қүлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоктау, мадактауларын жыр түрінде ойып жазып калдырып отырған. Бүл түркі үлыстарының жазба әдебиеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазба әдебиеті дами келе Күлтегін, Тоңүкүк*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағүни, Махмүд Қашкари, Ахмет Йасауи, Бакырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлык ғүламалар шығармаларында одан әрі дамиды.

Қазақ өдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай (шағатай тілі — араб жөне парсы сөздері араласкан түркі ру-тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлык түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), үйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанымен, біз оларды тол өдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз. Өйткені "қай халыктың болсын ерте замандардағы алғапщы әдебиеті, жазба әдебиет нүскалары, сол халыктың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халыктардың ондай өдебиетінің баска тілде, сол халыкка осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халык жерінде, сол халык өкілдері тарапынан жасалған, сол халыктың бір кездегі өмірін көрсететін өдебиет нүскалары болуы ыктимал”, — деп корсетеді ғалым Б.Кенжебаев.

Ежелгі дәуір өдебиетіне (VII—XIV ғғ.) жататын ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғаш-кыларының ішінде негізгілері деп түркі ру-тайпаларына ортак Орхон ескерткіштерін (VII р.), "Қоркыт ата кітабынан” (VIII ғ.) және "Оғыз-наманы” (IX ғ.) атаймыз. Олардан кейін ежелгі дәуір өдебиетін Мухаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмүт Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сулеймен Бакырғани, Жусіп Баласағұни тәрізді түркі хальщтарының біразына ортак ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X—XII ғғ.). Аталған ғүламалар түркі хальщтарынан шыға түра, кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын дамытуға үлкен үлес коскан.

Сонымен бірге ежелгі дәуір өдебиетіне кыпшак тілінде жазылған (XIII—XVI ғғ.) "Кодекс куманикус”, "Махаббатнама”, "Жүсігх—Зылиха”, "Гүлстан”, "Домбауыл”, т.б. киссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мүралар енеді.

Міне, ежелгі дәуір өдебиетінің басты-басты мүралары, үлгілері осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына негіз болған. Бүларды зерттеп, өдебиетіміздің тарихына қосуға, елге танытуға Ә. Марғүлан, Ә. Қоңыратбаев, Б.Ыскаков, Х.Сүйіншөлиев, А.Қыраубаева, М. Жолдас-беков, Н. Келімбетов, А. Егеубаев, т.б. ғалымдар зор үлес косты. Олардың еңбегі, пікірлері оқулықта пайдаланылды.



* Тоңұқұқ — тоң — алғашкы, щцң — ұғымтал, білімпаз, заң шығарушы деген ұғымды береді.



Copyright MyCorp © 2016