Скачать рефераты бесплатно қазақша,әдебиеттен,халық ауыз әдебиеті,ежелгі дәуір әдебиеті,XV-XVI.XVII.XVIII.XIX.XX ғасырлардағы басындағы ортасындағы аяғындағы қазақ әдебеті * - Шешендік сөздің жанрлық түрлері

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 726

Форма входа

Поиск





Вторник, 06.12.2016, 05:47
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Шешендік сөздің жанрлық түрлері


Шешендік сөздің жанрлық түрлері
Шешендік сөздер мазмүнына карай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үшке бөлінеді.

Шешендік арнау өмірде сан алуан окиғаларға сай эр түрлі мазмүнда айтылған. Қуанышқа үлкендер бата беріп, игі тілек айтып, қайғыда басалкалы акыл айтылып, көңіл білдірулер тілекпен жалғасып отырған. Халқымыз "Жаксы сөз — жарым ырыс” деп жылы лебізге үміт артып келген. Үлкен кісілерден бата сүрап, сол баталардың күдірет-күшіне сенетін болған. "Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер” деген макал осындай сенімнен туған болса керек.

Халкымыз байлык көзін еңбекке байланысты алып қарастырған. Мүны Асау бидің Өгіз биге берген батасынан аңғаруға болады: "Бай болатын үйдің иті — сак, әйелі — малсақ, кызы — көрікті, үлы — епті болар еді, үйіңде осы төрт нүсканың бірі жоқ. Екі сиыр, бір ат, саған мүнан артық мал да бітпес”, — деген екен. Осы түста "мал таппас жігіт болмас, қүрарын айт, үл таппас өйел болмас, түрарын айт” деп, ер азамат тапқан малдың көбею жолдарын би тап басып, дөл көрсеткен. \

Асау би "әйелі малсақ болса” деп текке айтьш отырған жоқ. Өйел — үйдің береке-қүты, байлық көзі. Халық жьфларында бүл туралы мынандай үтымды жолдар кездеседь

Алғаның жаксы болса — абыройыңның түрағы,

Атың жаксы болса — дүниенін пырағы,

Балаң жаксы болса — екі көздін шамшыраіғы.

Мүндай үтқыр жырлар билер сөзінде де кездеседі. Сөйтіп барып бүлар мақал-мәтелге үласьш отырған. Келешек жасты жақсыльщқа, саналы өмірге үндейді, ой салады.

Мысалы. Байдалы шешеннің Уөли ханымы Айғанымға айтқан шешендік сөздері арнауға жатады.

Қайрат деген кыран бар,

Қайғыға тізгін бермейтін.

Қайғы деген жылан бар,

Өзекті шағып, өрлейтін.

Үміт, сенім, тілек бар,

Қуантып, куат алдырар.

Жылау деген азап бар,

Қуратып отка жандырар.

Мен кайғыңды козғағалы келгенім жок, Қайратыңды колдағалы келдім... —

деп, — Айғаным, сен жоқтау айтқалы отырсьщ, мен тоқтау айткалы отырмын. Жоқтауды коя түрып, тоқтауды тыңдасақ қалай болады, — дейді.


Шешен бүл сөздерінде ауыр қайғыны жеңудің өзі үлкен ерлік екенін көрсетіп, "кайратты” кыранға теңесе, "кайғыны” жыланға тенейді. Өмір өлі аякталған жок, алдағы күннін жаксылығына үміт, сенім аргу керектігін аңғартады. Жөнібек батырға Сокыр Абыздың айтқан арнау батасы:
А, балам, болсаң боларсың!

Қол бастап, жау алайын деген ұл екенсің. Алдыңа келсе, өділдігіңді аяма —

Аймағың кетпес алдыңнан.

Олжа түссе, олжаңды аяма —

Жолдасың кетпес жаныңнан.

Жолдастың мыңын алма, бірін ал,

Мың кісіге бір кісі олжа салады.
Жәнібек осыны олжа кылып, Абыздың батасын алып қайтқан екен.

Бөлтірік шешеннің өйгілі мына сөзі де шешендік арнау болып табылады.
Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді, Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.
Болтіріктің шешендік сөздерінің көбі өз үлтының қасиетті үғым-түсініктеріне (жер, ел, ер, т.б) айрыкша арнау сипаттама беруге, тәжірибелік даналыкка негіз-делген.








Жер деген — (

Ел деген — халык.

Жер сөні — мыңғырған мал, агылған аң. Ақкан су, жайкалған ну.

Ел сөні — атаға карап өскен ұл,

Анаға карап өскен кыз.

Елді ер көтереді.

Жердің кұты күйінде болады,

Ердің кұты үйінде болады,

Елдің кұты биінде болады, —
деген сөздер елін, жерін кадірлеп кастерлеуге, корғап сақтауға үндейді. Халыктың байлығы жері екенін ашық көрсетіп, жас үрпақтың еліне деген сүйіспеншілігі кашан да азаматтык парызы мен карызына астасатынын ашып

айтады. Енді бірде шешен адам баласын кор кылатын кырсык дерттерді биіктететін мөлдір касиеттерді ашып баяндайды. Бүл арнау сөздердің кімнің болса да жадында үстап, үлгі түтар сөз екенін тануға болады:

Күншілдік деген бар, содан сактан,

Кекшілдік деген бар, содан сактан,

Астамшылык деген бар, одан алые жүр.

Сараңдык деген бар, одан калыс жүр.

Қараулык деген бар, одан таза бол.

Бөлекорлык деген бар, одан ада бол.

Ынсапсыздык деген бар, содан аман бол.

Үксас, бірыңғай дыбыстармен қайталанған сөйлемдер, таекынды ойларды таныта отырып, орнымен колданылған сөздердің мәні бірнеше рет айтыла келе тыңдаушыға дөп тиіп, баурап алады.

Осы шумактағы шешеннің ой тереңдігі, тапкырлығы, мәнді де мәнерлі сөздері шыншылдык үгіт-өнегесімен өзгешеленеді.

Шешендік толгау. Айтушының табиғат күбылыстары мен өлеуметтік өзгерістерге өзіндік көзкарасын көрсетеді. Көп жасаған акылгөй, дана кариялар көрген-білгендерін корытып, келер үрпакка айтар аманат-ақылын, өсиетін шешендік толғау түрінде білдіреді.

Шешендік толғаулардың көпшілігі өзінің төрбиелік, дидактикалык мазмүнына сөйкес табиғат күбылыстары мен адам өмірін катар алып салыстыру, шендестіру түрғысында келеді. Бүл Асан қайғы жырларындағы:

Қүйрығы жоқ, жалы жоқ,

Қүлан кайтіп күн көрер?

Аягы жок, колы жок,

Жылан кайтіп күн көрер?

Жалаң аяк балапан,

Қаздар кайтіп күн көрер?

Шыбын шықса, жаз болып Таздар кайтіп күн көрер? —

деп келетін толғау жолдарынан анык көрінеді. Немесе ел мен жер қадірін білмейтін надандардың сыр-сипатын мына бір толғау шумактарынан анык байкауға болады:

Көлде жүрген коңыр каз Қыр кадірін не білсін?!

Қырда жүрген дуадак

Су кадірін не білсін?!



Ауылдағы жамандар Ер кадірін не білсін?!

Көшіп-конып жүрмеген Жер кадірін не білсін?!

Акылына көнбеген Көшсе, кона білмеген,

Конса, көше білмеген.

Жүрт кадірін не білсін?! —

дегенді жыраудың ең басты уайым-қайғысы эр нөрсенің кадіріве жете білмеу. Сондай-ак айткан акылға токтап, түсінбегендердің халык кадір-қасиетін үғуға шамасы, өресі зкетпейгінін дөлелді жеткізеді.

Мөйке би айткан бүл шешендік накыл сөздерде айтылатын ойдың дөлелі мен корытындысы коса берілген.

Бүл заманда не ғаріп?

Қадірін біліп үкпаса,

Дүррі гауһар сөз ғаріп.

Замандасы болмаса,

Қария болар тез ғаріп.

Ел жағалай конбаса,

Бетегелі бел ғаріп.

Қаз, үйрегі болмаса,

Айдын шалкар көл ғаріп.

Өділ биі болмаса,

Бірлігі кеткен ел ғаріп.

Қадірін елі білмесе,

Қайратты туған ер ғаріп...

Шешен сөзі шындыкты жактап, әділдікке жол сілтер биі болмау елдің бірлігі мен ынтымагына кауіп екенін аңғар'і'ады.

Шешендік толғаудың бір үлгісі нақыл сөздер коп кездеседі. Накыл шешендік сөзі аякталған, түжырымды, толык ой-пікірді накты көрсетіп береді де, адам бойындағы адамгершілік касиеттерді насихаттайды.

Өйелінмен дос бол — берекең кіреді,

, Азаматпен дос бол — кадіріңді біледі,

Білімдімен дос бол — акыл-кенес береді.

Бармен жолдас болсаң,

Ерінін майланады.

Жокпен жолдас болсаң,

Есің айналады.

Үрымен жолдас болсаң,

Алдыңнан дау шығады,

Артыңнан жау шығады,

Одан ілуде біреу ғана сау шығады!

Бүл нақыл сөздер де жаксы мен жаманды айыра білуді ашьш көрсетіл, ақыл-кеңес, төлім-төрбие танытады. Адам бойында кездесетін астамніылықты сынаган:

Малым бар деп мактанба,

Боран сокса кайтесің!

Тілім бар деп мактанба,

Тіл байланса кайтесің!

Бағым бар деп мактанба,

Сорга айналса кайтесің!

Басым бар деп мактанба Ажал сокса кайтесің!

Акылдан артык хандык жок,

Жомарттан артык нарлык жок, —

деген накыл сөзде кауіп-қатерден сактандырады. Байлык пен дәулетке мастанып, соны биік мөртебе санаушыларды сынап, мақтаншылыктан аулак болуға үндейді, өр нөрсеге ой-акылмен, байыппен карауга шакырады.

Шешендік толғаудың бір тобы сүрак-жауап түрінде айтылады.

"Бүл дүниеде не өлмейді?” деген Жәнібек ханға Жиренше шешеннің кайтарған сөзі шешендік жауапка жатады.

Аскар таудың өлгені —

Басынан бұлттың асканы.

Ай мен кұннің өлгені —

Еңкейіп барып батканы.

Аккан судын өлгені —

Аязда мұз боп натканы.

Қара жердің өлгені —

Кар астында жатқаны.

Ажал деген — аткан ок,

Одан ешкім күтылмайды,

Бір алланың какпаны.

Бүл дүниеде не өлмейді?

Жаксының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді, —

деген дөлелді сөзі кімді де болса ойландырады.

Сүрак-жауап түрінде келетін мүндай шешендік тол-ғаулардың негізі өмірдегі көрген-білгеннен жинакталған ой-қорытынды болып келеді. Мүнда бастан кешкен тәжірибе мен ілім-білім сабактаса табиғат пен қоғамдағы белгілі бір күбылысты, заңдылыкты ашып көрсетуге багытталады.


Шешендік толғаулар макал-мөтел, канатты сөздер, жүмбактар, мысал түрінде айтылып, тілдің байлығын, сөздің мәнін танытып отырады. Бүлардың көпшілігі кыска кайырылып, терең мазмүнға күрылады.

Шешендік толғаудың ерекше түрі— канатты сөздер. Қанатты сөздер ауыз әдебиетінде де, сондай-ак жазба әдебиетте де кең дамып отырады. Бүлардың баска шешендік сөздерден айырмашылығы — кім, кашан айтқанын тап басып көрсетуге болады. Мүндай жайт үлы Абай шығармаларында көптеп кездеседі.

Мысалы:

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар калан, —

деп бір-бірімен карама-карсы мағыналас сөздер түрінде беріледі. Енді бір шешендік толғауларда белгілі бір үйқасқа қүрылган өлең түрінде кездеседі:

Жаман атка жал бітсе,

Жанына торсык байлатпас.

Жаман адамға мал бітсе,

Жанына консы жайлатпас.

Ақылы аскан жаксыны,

Алысым деп ойлама.

Ақылы жок жаманды,

Жакыным деп ойлама, —

деген жолдардан парасатты сөз, үғымды ой танылады.

Шешендік толғаулардың енді бір түрі шешендік жірм бақтар болып саналады. Қазак халқы әркашан да түс-палдап сөйлеуді үнаткан. Айтайын дегенін бірден жет-кізбей, кейде жүмбактай отырып, сөздің шешімін, жауабын тоскан. Жүмбақтап сөйлей білу, оның мөнісін үғып, жауап кайтару нағыз шешендіктің белгісі ретінде бағаланған.

Бірде Орта жүз Қаржас Шорманньщ баласы Мүса Қанжығалы Саккүлак шешенге амандаскалы келе жатып, жанындагы көпшіліктен бес ауыз жүмбак сүрайды:

Агат деген немене?

Сагат деген немене?

Қанат деген немене?

Жанат деген немене?

Ханым деген немене?


Бүл жүмбақтардың шешуін касында еріп келе жатқандар таба алмай:

Мырза, біз жүмбағыңыздың шешуін таба алмадык, өзіңіз шешіп беріңіз, — дейді. Сонда Муса мырза:

Арғынның ағасына бара жатырмыз ғой, мүны сол кісіге шештірейік, — дейді. Келген сон Муса жүмбағын Саккүлақ:

Екі кісі үрысса,

Агат емей, немене!

Екі жаксы сөйлессе,

Сагат емей, немене!

Мінген атын болдырмай,

Мөрелі жерге жеткізсе,

Қанат емей, немене!

Токтьішыктың терісі Тоңдырмаса суыкка,

Жанат емей, немене!

Адал болса алған жар,

Ханым емей, немене!

Жайлы болса мінезі,

Жаның емей, немене! —

деп тоқталмастан шешіп беріпті.

Шешендік дауға жер дауы, жесір дауы, күн дауы, ар-намысқа байланысты тапқыр сөздер жаткызылады. Ол кісілер арасындағы мал-мүлік үшін болатын дау талаптан бастап, екі ел арасындағы дипломатиялык-мәмілегерлік сөздерге дейін камтиды.

Елдің мүддесін корғауға арналған сондай ар-намыс дауының бірі — Қазыбектің калмак ханына айтатын сөзі.

Сен — темір де, мен — көмір,

Еріткелі келгенмін.

Екі еліктін баласын,

Теліткелі келгенмін.

Жаңа үйреткен жас түлпар,

Жарыскалы келгенмін.

Танымайтын жаттарга,

Таныскалы келгенмін.

Қазак, калмак баласы,

Егесетін ер шыкса,

Түткыр сары желіммін,

Жабыскалы келгенмін,

Табыскалы келгенмін...


Бұл сөздерден қазақ елінің тыныштықты, татулықгы тілейтіндігі көрінеді. Өз елінің күшін, абыройын, халықтың ар-намысын жоғары үстайды, көтере, асыра сөйлеп жеткізеді.

Дау-жанжал мәселесін қарайтын бүкіл казак қауымының ежелгі заңы "Жеті Жарғы” (Төуке хан түсында, 1511—1523 жылдары дүниеге келген) бойынша реттеу төсілі шешендік өнердің дамуына даңғыл жол ашты.

Қазақта жазылып калган заң жоқ, тек сақталғаны "Қасым салған каска жол”, "Есім салған ескі жол” немесе Тәукенің "Жеті жарғысы” гана ауыздан-ауызға жетіп отырған. Бір жесір дауында Ақтайлақ би қыз баланың бас бостандығын былай қорғаған екен:

Жаксы туған қыз бала Батыр туған ұлмен тең.

Ақылы аз болған соң,

Жаман адам пүлмен тең.

Сатылса малға карындас Есікте жүрген күңмен тең.

Жабыркап көңілі ашылмай,

Қараңғы болған түнмен тең.

Кез жасын көрер пенде жок,

Қайғының дерті умен тең.

Еркі өзінде бар болса,

Мына отырған жас бала Болар еді кімнен кем?

Сөйтіп, Ақтайлақ бидің тапқырлығы мен өділдігі арқасында қыз бала бас бостандығын алып, бүрынғы алған калың малы толығымен қайтарылыпты.

Бірде екі елдің басшылары шабындыққа таласып келе жатып, қой жайып жүрген он төрт жасар Күдеріге кез болады да: "Кел, осы балаға жүгінісейік”, — дейді.

Біз шөпке таласып келе жатырмыз. Олар: "Біз орамыз”, — дейді, біз: "Жоқ, біз орамыз”, — дейміз. Осыған жас та болсаң төрелік айт”, — дейді даугерлер.

Сонда Күдері баланың айтқан төрелігі:

Өзімнің атым Күдері,

Ер Көшектің баласы.

Талассаң бағаң кетеді,

Таласпасаңдар не етеді?

Бірлік кылсаң, ағалар,
г


Анау түрған шабындьщ,

Баршаңызға да жетеді.

Дүние деген жалған ғой,

Бастарыңнан өлі-ак өтеді.

"Бала да болсаң атаңа ракмет, төрелігіңе кұлдық. Бала ғұрлы акылымыз жок екен”, — деп шөпті бөліп, даугерлер жай-жайына кетеді.

Шешендік сөз — хальщтың тіл казынасы, сан ғасырлар жүріп өткен тарихымыздың шежіресі.

Болашакты аскан көрегендікпен болжап айту да осы көсем билер мен шешендер еншісіне тигенін байкаймыз. Мысалы, Майкы би сөзі:

...Өлі заман өзгерер,

Өзгергенін көз көрер.

Мінгенің арба болар,

Бар күс карга болар,

Жансыз арба ат болар,

Өз балаң өзіне жат болар.

Темірден күс болады.

Үрпағының көргені сүс болады.

Еркек жасып, и болар,

Қатын түлданып, би болар.

Сары судан ас болар,

Жүрт пакыр болар,

Жер такыр болар,

Осындай килы заман болар.

Нағыз көрегендік, кемеңгерлік үлгісі осында жатса керек. "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майкы би” деп халық бекер айтпаса керек.





Copyright MyCorp © 2016