Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Понедельник, 29.04.2024, 01:50
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Ы. Алтынсарин


Ы. Алтынсарин
1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балғожа бидің тәрбиесінде өседі.
Үміт еткен көзімнін нүры балам, Жаныңа жөрдем берсін хак тағалам. Атан мүнда анаңмен есен-аман Сүйініп сөлем жазды бүгін саған... —
деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді. Балғожа би Ыбырайды өзінің орнына ел билеу ісіне даярлау мақсатында 1850 жылы Орынборда   жаңадан ашылған жеті жылдық орыс-казақ мектебіне окуға берді.

Ыбырай 1857 жылы осы мек-тепті үздік бағамен окып бітірді. 1857—1859 жылдары ол өзінің атасы Балғожаның карамагында іс жүргізуші болып кызмет аткарады.

1859 жылы Балғожа би өзінің досы генерал-лейтенант, профессор Василий Васильевич Григорьевтің көмегімен Ыбырай-ды Орынбор облыстык шекара басқармасына тілмаштыкка орналастырады. Осы кезде Ыбырай В. В. Григорьевтің үйінде жиі болып, оның аса бай кітапханасын пайдаланып, орыс, батыс классик жазушыларының, ағартушы-педагогтарының еңбектерімен еркін танысуға мүмкіндік алады.

Осы жылдары Ыбырай В. В. Григорьевтің үйінде Қазан университетінің профессоры Н.И.Ильминскиймен танысып, онымен қадірлес достық қатынаста болады.

Осылайша өз бетімен оқып, білімін молайтудың нөтижесінде Ыбырай тілмаш болудан гөрі, халыкка пайдалы кызметке карай ойысуды ниет етеді.

1860 жылы Орынбор өлкесінің басқару комиссия-сының үйғаруымен Батыс Қазакстан өлкесінен казак балалары үшін төрт бастауыш мектеп (Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы калаларында) ашылады.

Ыбырай Торғай қаласында ашылған бастауыш мектепке мүғалім болып тағайындалады.

"Көптен күткен іс — оқытушылық”. 1861—1863 жылдар аралығында Ыбырай өз бетінше Торғай бекінісінен бір сыныптык мектеп ашу ісін колға алып, әуелі оның үйін түрғызудан бастайды. Жергілікті халыктан ақша жинап, мектепке керекті материалдар сатып алып, ата-аналардың көмегімен мектеп үйін түрғызады. Оку алғаш 1864 жылы каңтар айында салтанатты түрде ашылып, той жасалады. Ыбырай 14 казак баласын окуға кабылдайды. Олар мектеп жанынан салынған интернатта жатып окитын болады. Өзінің осы істері жайында профессор Н. И. Ильминскийге 1864
жылдың қаңтарында жазған хатында былай дейді: "Осы жылы каңтардың 8-і күні менің көптен күткен арманым орындалып, мектеп ашылды. Оған 14 казак баласы кірді, бәрі де жаксы, есті балалар... Қазактар мектепке балаларын беруге ынталы екенін көрсетіп отыр. Оларға ең алдымен мемлекеттің заңын үйрет деп өтініш жасап жүр. Сондағы ойлары кейін олардан законшіктер, демек өсекші-шенеуніктер шыксын дегені ғой.

Олардың көздегені осы. Мен әзірге оларға бүл жөнінде ешнөрсе деген жоқпын... Мен балаларды окытуға койға шапкан аш қаскырдай оте кызу кірістім. Кейін паракор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан өсер етуге бар күшімді салып отырмын...” деп өзінің сүйікті ісіне белсене кіріскенін зор куаньпнпен хабарлайды. Ыбырайдың бүл хатынан оның педагогтік-ағартушылык көзкарасының түпкі максаттарын айқын аңғаруға болады. Окыған жастардың адал, әділ, адамгершілік қасиеттері жоғары азамат болуын көздегені байкалады.

Ыбырай балаларға түсініксіз жаттамалы діни оқудың орнына жаңаша өдіспен түсіндіріп окытып, оларға тез хат танытатын жол табады. Соның нөтижесінде Ыбырай окыткан балалар небөрі 3-4 айда кара танып, кітапты еркін окитын халге жетеді.

Ыбырай заманында казак даласындағы діни окуларды көбінесе Қазан, Уфа калаларынан окып келген татар молдалары окытты. Пайдаланылатын оку күралдары да Қазан жөне Уфа калаларында татар-араб тілдері аралас-тырыла басылып шыккан кітаптар болатьш.

Ал Ыбырай болса казак тілінің тазалығы үшін күресіп бакты. Ол мектептегі окуды түсініксіз жаттамалы араб тілінде окытуға немесе араб-татар тілдерін араластыра оқытуға негізделген окулыктарды пайдалануға карсы болды. Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында: "Мәселенің мөнді жері — қазактарға татар фанатизмінің ықпалын тигізбеу, казактардың білім алуына кесірің тигізбеу ғой. Осындай ыкпалдан күткару үшін бірте-бірте, бірак шын қүткару үшін мазмүны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды кызыктыратын кітаптар керек, бүл кітаптар татар кітаптарымен катар, зор күш болар еді” деп өзінің шынайы ағартушылык идеяларын ана тілінде жазылған окулықтар аркылы іске асырмақ болады. Осы максатпен 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан
қалаларына барып, орыстың ұлы педагогтері К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Н. Ф. Бунаковтардың оку-льщтарымен танысып, олардың оқыту жүйесін үйренді. Соларға еліктей отырып, казак тілінде түңғыш оқулық-тар жазуға кірісті.

Ол заманда мүсылман мектептерінде араб тілінде жазылған "Қүран”, "Әптиек”, "Мүқтасар” секілді діни кітаптар окулык ретінде пайдаланылатын. Бүл кітаптарды оқушы түгілі молдалардың (мүғалімдердің) өздері де түсінбей, жаттатып окытатын. Ыбырай казақтың өз тілінде окулык жазу керек деген қорытындыга келді.

Ы. Алтынсарин алдыңғы катарлы орыс педагогте-рінің оку күралдарын басшылыкка ала отырып, казак ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлері үлгісіне негізделген екі тол оку күралын ("Қазак хрестоматиясы” мен "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш күралын”) 1879 жылы жазып, бастырып шығарды.

Ыбырай "Қазак хрестоматиясына”, біріншіден, Қара батыр, Байүлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі, т. б. казактың байырғы өңгімелерін енгізсе, екіншіден, өзінің "Бай баласы мен жарлы баласы”, "Таза бүлак”, "Аурудан аяған күштірек”, "Жеміс ағаштары”, "Эке мен бала”, "Асыл шөп” сиякты ғибрат, өсиет-өнегеге қүрылған дидактика лык әңгімелері мен өлеңдерін кіргізді, үпгінпгіден, "Талаптьщ пайдасы”, "Бір уыс макта”, "Алтын шекілдеуік”, "Мейірімді бала”, "Жаман жолдас”, "Силинші ханым”, "Зеректік”, т.б. орыс, батыс классик-терінің тәлімдік мәні зор өңгімелерін аударып енгізді.

"Қазак хрестоматиясына” енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушыльщ идеясына бағынды-рылған. Ол әдебиетті бала санасына эсер ететін, сөйтіп, оны жаксы, үлгілі істерге үйрететін күшті қүрал деп үкты.

"Қазак хрестоматиясын” Ыбырай орыс алфавитімен жазды. Оның себебі туралы: "Орыс әрпін қолданумен байланысты казак тілі орынсыз кірген араб, татар сөздерінен тазарады. Орыс әрпін колданғанда ғана қазак кітаптары дүрыс жазылатын болады” деп жазды Ыбырай.

Ыбырай діни окудың өзін адамгершілікті, гуманизмді насихаттауға бейімдеу керек деп карады. Осы максатпен ол 1883 жылы өзінің "Мүсылмандық түткасы” атты оқу күралын жазып, Қазан қаласында араб әрпімен 180
бастырып шығарды. Ы. Алтынсариннің "Мұсылмандық түткасы” ("Шариат-ул-ислам”) кітабьш жазьш шыгаруына екі түрлі жағдай себеп болды.

Бұл жөнінде Ыбырай Алтынсарин өзінің осы еңбегінің кіріспесінде: "Біріншіден, казак жастарының дін жөніндегі түсішктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екішігіден, қазақтың жазба тілінен татар тілінің орынсыз етек алуына жол бермеу үшін осы оку күралын күрастыруға кірістім” дейді.

Ыбырайдың бүл кітабының кұндылығы, біріншіден, мүсылман дінінің шариғат заңдарына ана тілінде түсінік беруі болса, екіншіден, діни терминдердің мән-мағынасын ашуға зер салуында, үшіншіден, (ең бастысы) шариғат заңдарын күнделікті тіршілікпен байланыстыра талдау-ында болып отыр. Мысалы, осы кітаптың кіріспесінде: "...Имансыз еткен жаксылыктың пайдасы жок. Мөселен, біреу намаз окыса да, ол намаздың керектігіне көңілі сенбесе, әлбетте ол намаз больт табылмайды” деп адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол нәтиже бермейді деген корытынды жасайды.

Ыбырай мұсылмандыктың бес парызының бірі ораза түту, намаз оку болса, оны да жүртты алдау үшін немесе күдай алдындағы парызымды өтей салып, жұртқа мүсылман болып көрінейінші демектің өзі күнө дегенді айтады. Сондай-ак ол жаксылық-жамандык ниеттер сол адамның іс-әрекеті аркылы сыртка көрінеді дей келіп, нашақорлык, ітттімдікке үйірлік, зинакорлық, кісі акысын пайдалану, біреуді зорлау, корлау, тонау мүсылманды-лыкка жат кылыктар ден отандастарын, өсіресе жастарды ондай өдеттерден аулақ болуға үндейді.

Сөйтіп, Ыбырай діни окудьщ мөн-магьшасын ағартушы-педагогтік жолмен түсіндіре отырып, дінді өзінің ағартушылык ісіне күрал ретінде пайдалануды көздеді.

Ыбырай казак балаларын баска дінге зорлап ендіріп шокындыруға да карсылык көрсетіп, миссионерлік бағыттағы жат пікірмен аяусыз күрес ашты. Діни окудьщ жаттамалы-түсініксіз болуымен келіспеді.

Ыбырай өзінің ағартушылык, үлы педагогтік ісін үш түрлі бағытта жүргізді. Біріншіден, Батые Қазакстан — Торғай өлкесінде өр салалы мектептер ашып жастарға білім берумен коса, оларды еңбекке, кәсіпкерлікке баулуды көздеді. Екіншіден, өзі ашкан мектептерге


мүғалім мамандарын даярлап, оларды өдіскерлік шеберлікке үйретті, үшіншіден, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой сияқты орыстың үлы педагогтерінің гуманистік идеяларын түңғыш казак мектептеріне таратты.

Ыбырайдың педагогтік атағы 1879 жылы Торғай өлкесіне мектеп инспекторы кызметіне тағайындалған кезінен бастап калың жүртка таныла бастады.

Ол 1879—1883 жылдар аралығында Торғай облысы-ның торт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Актөбе) уездік жаңа мектептер ашты. 1883 жылы Торғай қаласында түңғыш колөнер мектебін ашып, жастарға кәсіптік-техникалық білім беру ісін қолға алды. Онда окушылар сабын кайнату, тон пішіп, тігу, тері илеу кәсіптерін үйреніп меңгерді.

1887 жылы Елек уезіне карасты Борте болысынан, Қостанай (бүрынғы Николаевск) уезінің Обаған және Жітіқара болыстарынан бір сыныптык мектептер ашып, өркайсысының жанынан казак балалары жататын 25 орындык интернат салдырды.

1887 жылы Торғай даласында айтулы тағы бір жаңалық болды. Ол — Ы. Алтынсариннің көптен армандап жүрген, оку күралдарымен өзі жабдықтаған Ырғыз қыздар училшцесінің салтанатты түрде ашылуы еді. Патшалы Ресей заманында қазақ кыздарын оқыту деген адамның өңі түгілі түсіне де кірмейтін жаңалық болатын. Себебі қазақтар "қыздар жаңа заман окуын оқыса бүзылып кетеді” деген жалған түсініктен арыла қоймаған-тын. Алтынсарин осы теріс көзқарасты сейілту жолында аянбай еңбек етіп, өлкелік баскармаға Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищесін ашуды отініп мәлімдеме жазды. Осының нәтижесінде кейін Қарабүтақта (1890 ж.), Торғайда (1891 ж.), Қостанайда (1893 ж.), Ақтөбеде (1896 ж.) қыздар училищелері ашылды. Бүл қазақ қыздарының әлеуметтік істерге белсене араласуына ашылған үлкен жол еді.

Ыбырайдың Орынбор әкімшілік баскармасы алдына қойып жүрген тағы бір мәселесі — Орынбор кадет корпусына жылма-жыл Торғай облысы казақтарының балаларынан түрақты окуға бала алғызып, өскери маман даярлау болатын. Оның үсынысы бойынша 1887 жылдың 19 қарашасында өскери губернатор жыл сайын аталған

корпуска Торғай облысынан бір казак баласын алуга ресми рұксат беріп, стипендия тағайындайды.

Ыбырай казак балаларының ғана камкоршысы болып қойған жок, ол XIX ғасырдың екінші жартысында патша жарлығымен Батые Қазакстан өлкесіне көшіп келген орыс, украин переселендерінің балаларын окытуға да көңіл бөлді. 1888 жылы кыркүйек айының 21 күні Қостанай каласында орыс мектебін ашты.

Осы жылы Ыбырай уезд орталыктарындағы орыс-казак училищелерінің жанынан көсіптік мамандыктарға даярлау бөлімдерін күрды. Ырғыз училищесінің жанынан тері илеу зауытын ашуды ойлады. Ол казак даласында пайдаланылмай шіріп жаткан шикізат корын пайдала-нудың көзі деп қарады. "Ойымыз, — деп жазды Алтынсарин, — казак даласына техникалық білім тарату... Осы зауытты ашудың есеп-кисап, сметасын жасауды да өз мойныма алып отырмын” дейді.

Ыбырай ашкан өлкедегі орыс-казақ мектептеріне білікті мүғалім мамандары керек болды. Осы мәселені шешу үшін 1886 жылы Орскіде түңғыш мүғалімдер мектебін ашты.

Ы. Алтынсарин он жыл бойы Торғай даласында инспекторлык қызметті аткару кезінде талай киын-шылыктарға тап болды. Ыбырайға өшіккен казак даласындағы кожа-молдалар оны сыртынан ғайбаттап, "шокынған кәпір” деп өсек таратты немесе "пиғылы жат, үкіметке карты — социалист” деп Орынбор генерал-губернаторына өтірік шағым мөлімдеме берді, ал орыс генералы Приходько оны кудалап, Ыбырай ашқан мектептерді жауып, өзін инспекторлык кызметтен босатып, ісін сотка беруді үйғарады. Ыбырай орыс достарының ара түсуімен бүл істен әзер күтылып, аман калады.

Ыбырай денсаулығының нашарлағандығына қарамай Қостанай каласьгаа келіп, Торғай облысының губернаторы генерал Барабашпен кездесіп, мына мөселелерді шешуге келісім алады: оку-ағарту ісіне халыктан қосымша каражат жинау (ол кезде мектеп ашу ісіне мемлекет тарапынан акша бөлінбейтін), кыз балалар окитын учи-лищелер ашу, ауыл шаруашылығы мектебін үйымдас-тыру, Мәскеудегі Жер шаруашылығы академиясында

оқитын казак балаларына стипендия тағайындау, Красно-уфимскідегі училище оқушыларының стипендиясын көбейту, тері өңдейтін, сабьш кайнататын зауыттар үйым-дастыру, т. б.

Қысы-жазы сар даланы атпен аралап, өзі яттткян мектептердің камымен жүрген Ы. Алтынсарин жүрек ауруы салдарынан небәрі 48-ак жас жасап, 1889 жылы шілденің 17 жүлдызында дүниеден кайтты. Бар өмірін халыкының оқу-ағарту ісіне арнаған ардакты үстаздың денесі Қостанай каласынан 12 шакырым жердегі Тобыл өзенінің бойына жерленді.

Ыбырай — балалар әдебиетінің атасы. Ы. Алтынсарин түңғыш ағартушы-педагог болуымен бірге, балаларға арнап көлемі шағын, мазмүны мөнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін калдырған жазушы. Ол өзінің "Қазак хрестоматиясы” атты түңғыш окулығын "Кел, балалар, окылык” деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.

Окысаңдар, балалар,

Шамнан шырак жағылар.

Тілегенін алдыңнан іздемей-ак табылар.

Кел, балалар, окылык,

Окығанды көнілге Ыкыласпен тоқылык,—

деп окудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді.

Бүл өлеңде акын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар кызығы тек байлыкта деп үғатын, оку, өнер, ғылым-білімге мөн бермейтін кертартпа көзкараска соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық — білім екендігін айта келіп, оған кол жеткізу үшін ерінбей-жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.

Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері —халкына пайдасьш келтіру, өнер-білім меңгеру-дің арқасьшда өз елін "тастан сарай салдырған”, от пен суды пайдаланып, "отьшсыз тамак пісірген, теңізде кеме жүргізген” мәдениетті елдердің катарьша жеткізу деп біледі.

Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Өзін коршаған ортаның караңғылығы мен надандығын шеней келіп:

Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сакалды.

"Өнер — жігіт көркі”, — деп,

Ескермедік макалды.

Біз болмасаң, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды ... —

деп жастарға зор үміт артты.

Ыбырай лирикасы. Ыбырайдың бір топ өлеңдері табиғат бейнесін суреттеуге, жастарды ізгілікке, адамды, ата-ананы сүюге баулуға арналған. Оның табиғат бейнесін суреттейтін "Өзен”, "Жаз” деген өлеңдері бар. Табигаттың бейнесін жеке такырып етіп өлеңдер жазу Ыбырайға дейінгі казак әдебиетінде кездеспейтін. Окырманның көңілін табигаттың сүлу көркіне аудару аркылы елді, жерді сүюге, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу орыстың демократиялык гуманистік әдебиетінің үлгісі еді. Акын "Өзен” атты өлеңінде табиғат пен адам өмірінің байланы-сын бейнелеп береді.

"Жаз” деген өлеңінде жадыраган жаз, адамзат пен жан-жануарлар, аң мен күстар үйлесімі сөз болады. "Аспаннан ракымменен күн төнгенде”, "үйкыдан көзін ашкан жас балаша, жайкалып шыга келер жердің гүлі”, "кеш болса күн конады таудан асып, шапакка қызыл алтын нүрын шашып”, т. б. өлең жолдары табиғат көрінісін шебер суреттейді.

Табигаттың адамдар мен жан-жануарларға тигізер өсерін бейнелі сөз айшыктарымен суреттеп беруі "Жаз” өлеңінде ерекше байкалады. Оны акынның "кыстаудан ел шығады алуан-алуан”, "күлісіп, күшақтасып өзіл етер” деп көрі мен жасты бейнелеген немесе "жүгіріп киік, күлан тау мен кырга, куанып ыкыласпен келген жылға” деген хайуанаттарды бейнелейтін өлең жолдарынан байқауға болады.

Акынньщ "Бүл кім?”, "Өй, достарым!”, "Әй, жігіттер!”, "Ананың сүюі”, т. б. өлеңдері жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа, ата-ананы, дос-жолдасты сыйлауға шакыратын сүйіспеншілік пен мейірімділікке күрылған.

Әсіресе "Ананың сүюі” атты өлеңінде түн үйкысын төрт бөліп, ак сүтін беріп асыраған, еркелетіп өсірген, жалкаулык пен жамандыктан сактандырған, еңбек сүй деп елгезек етіп төрбиелеген ананың үшан-теңіз еңбегін

айта келіп, "үмытпай, ең кемінде жүлдыз сайын хат жазып түрсаң, анаңның төбесі көкке жеткендей болады, сенің куанышың — анаңның куанышы” дегенді баланың санасына қарапайым өлең жолдарымен жеткізе білген.

Ы. Алтынсариннің жастарды еңбекке, өнерге, имандылыкка, ізгілікке, кайырымдылыкка үндейтін көптеген қыска-қыска өңгімелері де бар. Оларды такырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топка бөліп карастыруға болады.

"Тәрбие бағу-қағудан басталады...” Ыбырай өзінің бір топ әңгімелерін адамгершілік төрбиесі мөселесіне арнап жазды.

Жазушының бүл такырыпка жазған шығармалары катарына "Өке мен бала”, "Асыл шөп”, "Бакша ағаштары”, "Алтын шекілдеуік”, "Қарға мен күрт”, "Сауысқан мен карға”, "Өдеп”, "Төкаппарлык”, т. б. әңгімелерін жаткызуға болады.

Мөселен, жазушы өзінің "Бақша ағаштары” деген өңгімесінде өкесі мен баласының таңертең ерте бакшаға барып, жеміс ағаштары жайында өңгіме қүруын айта келеді де: "Бағу-қағуда көп мағына бар. Сен жас ағаш сияктысың, саған да күтім керек. Сен менің айткан-дарымды үғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі боласьщ. Ал багусыз бетіңмен кетсең, мына кисык біткен ағаштай қисық өсесің” деп, тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды мегзейді. Бүдан жазушының баланы дүрыс төрбиелеуге, оларды жаксы мінез-күлыкка үйретуге мөн бергенін көреміз.

Ал "Байүлы” атты әңгімесінде Байүлының өкесі мінгізген тайын кедейдің баласына беруін көріп, оның мырзалығына, кайырымдылығына сүйсінген ақсакалдың "Ей, Қүдайым, бүл балаға үзақ жас бер, мал мен бас бер!” деп бата беруін, сол кісінің батасы кабыл болып, ақырында, Байүлынан он екі үл туып, бөрі де асқан бай болғанын, олардан елге кадірлі, Мырза Байүлы деген рудың тарағанын баяндайды. Ыбырай "Батаменен ер көгереді”, "Баталы үл арымас” деген халық кағида-ларының өміршеңдігін әңгімеге аркау етіп, жастарды кайырымды, ізгі жүректі болуға, жоқ-жітік, жетім-жесірге камқоршы болуға үндейді.

"Төкаппарлық” атты өңгімесінде Вениямин Франклин деген даңқты білім иесінің жастық шағында басынан кешкен бір уақиғаның оған өмір бойы сабақ болганын айта келіп, хан болсаң да, кара болсаң да, кішіпейіл-діліктен опык жемейсің, төкаппарлық ұятқа қалдырады дегенді түйіндейді.

Жазушының бір топ өңгімелері жастарды ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достық, жылы-жүректілік қасиеттерге баулуды көздеген. Оған "Бір уыс мақта”, "Аурудан аяған күштірек”, "Мейірімді бала”, "Полкан деген ит”, "Таза бүлақ”, "Әділдік”, т. б. өңгімелері жатады.

Мөселен, жазушы "Таза бүлақ” атты өңгімесінде үш жолаушының өңгімесі арқылы, біріншіден, адам көңілінің таза бүлақтай мөлдір, адал болуын, адамға пайда келтіруін қаласа, екіншіден, бүлақ көрсең көзін аш деп табиғатты аялау керек деген ойды айтады. "Аурудан аяған күштірек” атты өңгімесінде Сейіт деген баланың арбаға соғылып, аяғын сындырып алуы, ойбайлап жылап жатқан баласын көрген анасының есінен танып қалуы, анасының ауыр халін жеңілдетпек больш баласының жылауын доғарып, төзімділік көрсетуі баяндалады. Сыныкшы Сейіттің аяғын таңып жатып: "Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың?”— деп сүраганда, баланың сынықшыға сыбырлап: "Ауырмак түгілі, жаным көзіме көрініп түр. Бірак менің жанымның қиналғаньш көріп, апам қиналып жүдемесін деп, птыдап жатырмьш”,— деп жауап береді. Жазушы осы арқылы баланың анаға деген мейірім, махаббатын, аяушылық сезімін білдіреді.

"Мейірімді бала” атты өңгімесінде ежелгі Қытай жүртындагы үрлық жасаған адамның қолын шабатын заң сөз болады. Осындай іспен қылмысты больш үсталған өкесінің орнына жас қызының өз қолын кесуге келісім бергенін баяндау арқылы баланың өкеге деген мейірімділігін марапаттап отыр.

Жазушы өке мен шеше — баланы өмірге өкелетін, асырап сактайтын камқоршысы, олай болса, бала да әке-шеше алдында өзін мөңгі қарыздар сезінуі керек, олардың бойында ата-аналардың балаға деген махабба-тындай күшті махаббат, зор сезімі болуы керек деген идеяны қуаттайды.

Ал "Мүңсыз адам” деген өңгімесінде, біріншіден, бүл өмірде армансыз, мүңсыз адамның болуы мүмкін еместігін, екіншіден дені сау, ішерге бір күндік тамагы бар адамның өзін бақытты санайтынын айта келе, бар байлық адал еңбек пен зор денсаулықта, дені сау адам бақытты деген қорытынды жасайды.

"Тіршіліктің түтқасы еңбекте...” Ыбырайдың "Қазақ хрестоматиясына” енгізген бір топ өңгімелері жастарды еңбекті сүюге, оқуға, өнерге үмтылуга, жігерлі, төзімді, мақсатшыл болуга баулиды. Ыбырайдың бүл тақырыпқа арнаган бір топ шыгармалары бар.

Олар: "Өрмекші, қүмырсқа, қарлығаш”, "Жан-жануарлар айтысы”, "Бай баласы мен жарлы баласы”, "Қыпшақ Сейітқүл”, "Мүңсыз адам”, т. б. Бүл өңгімелердің бөрінде табиғатта тіршілік ететін жөндіктердің бөрі еңбек етіп, күн көреді деген ой айтылады. Мөселен, "Өрмекші, қүмырсқа, қарлығаш” атты өңгімеде атасы он жасар немересімен далада келе жатып, жерде қүмырсқа, ағашта өрмекші, көкте қарлығаш тіршілік үшін еңбек етіп жатқанына немересінің назарын аудартады. "Жүмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де қүдайтағала еңбек етуге жаратқан” деп өсиет айтады. Сөйтіп тіршілік түтқасы еңбекте деп ой қорытады.

Жазушы осы арқылы: "Еңбек — адамның екінші анасы. Ол адамды шыңдайды. Өмірге үйретеді” дегенді меңзеп отыр.

"Қыпшақ Сейітқүл” атты өңгімесінде Сейітқүлдың Қабырға өзенінің жагасына егін егіп, отыз үйлі кедейді асырап шыққаны, оның ағасы Бақтығүлдың жүрттың малын үрлап, байнмын деп жүріп, қолға түсіп, кісі қолынан қаза болғаны суреттеледі. Жазушы осы арқылы "адалдың арканы үзын”, "адал еңбек мүратқа жеткізеді”, "үрлық түбі — қорлық” деген ой қорытады. "Киіз үй мен ағаш үй” деген өңгімесінде татар мен қазақ үстасы өзара пікір таласта киіз үй мен ағаш үйдің ерекшеліктерін бір-біріне дөлелдеп багады. Жазушы сол арқылы киіз үйдің көшіп-қонуға қолайлы екенін көрсетсе, ал ағаш үйдің сауда-саттықпен айналысатын отырықшы елге қолайлы екенін дөлелдейді. Оқушыларды екі халықтың түрмыс-тіршілігі мен көсібінен хабардар етеді.

Ыбырай еңбекті бірінші орынға қойып, төрбие негізі адал еңбекте деп қорытындылайды. Еңбек тіршіліктің

түтқасы, өнер де, білім де еңбексіз колға түспейді дегенге баса көңіл бөледі. Жазушының өнер мен білімді үлгі етуге арнаған "Лүкпан әкім”, "Зеректік”, "Силинші ханым”, "Білгеннің пайдасы”, "Талаптың пайдасы”, "Атымтай жомарт”, т. б. әңгімелері бар.

Мысалы, жазушы "Зеректік” атты әңгімесінде Англия жүртында Броун деген үстаның өрмекшінің торын көріп, ойға калып, су үстінен тіреусіз аспалы көпір салуды ойлап тапқанын паш етеді. Ал "Білгеннің пайдасы” атты әңгімесінде етікші баланың жаугершілік заманда солдаттарға етік тігіп беріп, күн көргенін баяндайды.

"Талаптың пайдасы” атты әңгімеде шіркеуде орыс патшасы Петрдің суретін салуға талпынып жаткан баланы патшаның көріп калып, талабына риза болып, баланы шетелге суретшілер мектебіне жіберуі, кейін әлгі баланың атакты суретші болып шығуы айтылады. Жазушы әңгімесін "Талапты ерге нүр жауар” деген накылмен түйіндейді.

"Силинші ханым” деген әңгімесінде жібек күртын өсіруші ханымды дәріптесе, "Лүкпан өкім” әңгімесінде ауруға ем тапкан Лүкпан өкімді, "Атымтай Жомарт” әңгімесінде төрт түлігі сай бола түра еңбек етуді, кем-кетік, жетім-жесірге көмектесуді үмытпаған, тапкан малды орынды жүмсай білген Атымтайдай жомартты жастарға үлгі етіп үсынады.

Ыбырай өзінің "Казак хрестоматиясына” жазған алғы сөзінде біраз шығармаларды орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның "Хрестоматиясынан” аударып алғанын айтады. Ол балаларды казак өдебиетінің үлгілерімен таныстырып қоюды жеткіліксіз деп карады. Сөйтіп, И. И. Пульсон, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстойдың балаларға арнап жазған шығармаларын казак тіліне аударып, өз окулығына енгізді.

Ыбырай шығармаларды кысқа мазмүнға күрды. Бала-лардың түсінігіне жеңіл етіп жазды.

Аз сөзге көп мағына сыйғызу, макал-мәтел, афоризм-дерді орынды колдану, эр әңгіменің төлімдік мәніне ерекше көңіл белу—Ыбырай шығармаларының өзіңщк ерекшеліктері.

Ыбырай шығармалары мазмүны жағынан да, түрі жағы-нан да балалар әдебиетіне қойылатьш талаптарға сай келедь

Сондыктан да Ыбырай Алтынсаринді әңгіме жанрының негізін салушы, балалар әдебиетінің атасы дейміз.






Copyright MyCorp © 2024