Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Воскресенье, 28.04.2024, 23:40
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
СӘбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырлар


СӘбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырлар скачать реферат бесплатно


Ата-анамның саясында ер жетіп мен,

Аялы ак бесікте тербетілем.

Өжемдей ак ниетті адал жанды,

Таппаспын айналсам да жер бетінен. (Халық өлеңінен.)

Қазак халкында нәрестенің дүниеге келуі үлкен куаныш болып саналған. Отбасының арманы мен тілегі, алтын тірек-діңгегі, ерлі-зайыптылардың сүйеніші мен куанышы — бала.

Адамның тууынан бастап, қартайғанға дейінгі өмір жолының эр кезеңін атап өту, оған арнап өлең-жыр шығару казак халкының ежелгі дөстүрі болған. Бала туғанда елді жинап "шілдехана” жасау, азан шакырып, ат койғызу, бесікке салу, аяғын апыл-тапыл баса бастаған кезде "түсау кесу”, алғаш рет жолға шыкса "токым кағар”, бес жаска келгенде "атқа мінгізу” — бәрі де өлең-жырлар аркылы аткарылып отырған.

Осындай салттан туған өлеңнің бірі — бесік жыры.

"Бесік жырында” ананың балаға деген мейірімі, махаббаты жырланады. Онда жас бала дені сау, еңбек сүйгіш, өнерлі, елін корғаушы ер-азамат болып өссе екен деген тілек байкалады.

Мәселен:

Өлди, бөпем, өлди-ай!

Айналайын шырағым,

Көлге біткен қүрағым.

Жағамдағы күндызым,

Аспандағы жүлдызым.

Әлди, бөпем, Әлди-ай!
Айналайын балам-ай,

Айналсын сенен анаң-ай!

Әлдилеп сені сүйгенде,

Анаңның көңілі болар жай, —

деп, ана бесікті тербетіп отырып, өзінің баласына деген ішкі махаббат сезімін білдіреді.

"Әлди, әлди, ақ бөпем” деп басталған өлең-жырда анасының жас сәбиіне деген арман-тілегі білдіріледі. Онда:

Қүрыгыңды майырып,

Түнде жылкы кайырып.

Жаудан жылкы айырып,

Жігіт болар ма екенсің? —

деп, баласына деген тілегі, одан күтер үміті айтылады. Мал бак, өнер үйрен, кәсіп ку, еліңді жаудан корғай біл деген тілекті анасы бесікте жатқан кезінен жас сәбидің күлағына сіңіруді көздеген. Ана тілегі — ел тілегі.

Тұсау кесу жыры. Балага 12—14 ай болганда қаз түрып, жүре бастайды. Осы кезде ауылдағы карт өжелер мен кыз-келіншектер жиналып, ойын-той жасап, шаруаға икемді, пысық, елгезек, еңбек сүйгіш бір келіншекке жас баланың түсауын кестіреді. Түсау кесуші өйел жүре бастаған баланың аягына ала жіппен түсау салып жатып:

Қаз-каз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мөз болам,

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-каз, балам, қаз, балам,

Тақымыңды жаз, балам.

Қадамына карайык,

Басканыңды санайык.

Балтырынды түре ғой,

Тай-күлын боп шаба ғой,

Озып бөйге ала ғой, —

деп өлеңдете отырып, ала жіпті қайшымен кияды да, баланы 3—4 аттатады.

Балаларга елең-жыр, жаңылтпаш, тақпак, ән айтқы-зып, озғандарға түрлі сыйлыктар береді. Түсаукесер тойындагы тілек-ниет — баланың өмірге аттаган қадамын қүптау, жаксы тілек тілеп, елге кадірлі азамат болсын дегенді білдіруден туган ниет.

Атқа мінгізу тойы. Бала 4—5 жасқа толғанша әкесі оған тай-құнан арнап, ер-тоңым, қамттты, жүген даярлап кояды.

Атқа мінгізу тойы өдетте жаз айларында болады. Ел жиналғаннан кейін баланы өзіне арнаған тай немесе қүнанына мінгізіп, қуаныш кылады.

Тойда айтылатын тілектер, берілетін бата жыр түрінде болады:

Ақ тілек, ак тілек,

Атқа токым сал тілек.

Жасыңнан малды баға біл,

Атка жаксы шаба біл.

Өнеге, өнер таба біл,

Аймағына жаға біл.

Тең құрбыңның алды бол,

Мінеки, атка міндің Ашылды жол.

Атқа міну тойы баланың өжетке жарауы, азаматтык-тың белгісі болып саналган. Бұл той балаға да үлкен жауапкершілік артып, сана-сезімінің оянуына, тез есеюіне эсер етуді коздеген.

Жаңылтпаш. Қазақ халкының ауыз өдебиетінің бір түрі — жаңылтпаш. Мүнда жаңылтпаш айтушының өр сөзді бүзбай дүрыс айтуы максат етіледі. Жаңылтпаштың сөздері айтылуы қиын, жаңылдыру үшін әдейі қүрастырылған тақпактардан қүралады. Жаңылтпаштың эр сөзі шапшаңдата, тез-тез айтылуға тиіс. Егер жаңылтпаш айтушы адам қиыннан күралған сан кырлы сөздерді дәл келтіріп айта алмаса, аздап жаңылып кетсе — онда күлкі болмақ.

Жаңылтпаштың сөздері көбінесе өлең секілді үйкасып та келеді.

Мысалы:

Кара бүркіт томағасын түсірді,

Оны мен томағаламай, кім томағалайды?

Оны мен томағаламай, кім томағалайды?

Немесе:

Ар жактағы Кұдияр күдам еді,

Ол мені кудаламады,

Мен оны кудаламадым, —

деп, соңғы екі жолды қайталап айтады.

Жаңылтпаштың тіл үстартуда тәлімдік мөні аса зор.


Өтірік өлең. Қазак ауыз әдебиетіне ғана төн түрмыстык өлең түрінің бірі — өтірік өлең. Өтірік өлең күлкілі, кызыкты сюжетке күрылады.

Бүл өлеңдерде суреттелетін нәрселердің бөрі адамның көз алдындағы заттардан, нақтылы шындыктан, жалпы жүртка түсінікті көріністерден алынады. Бірак өлардың ісі, карым-катынасы, аткаратын кызметі шындыкка келмейтін, адам сенбейтін жағдайда болуы керек. Сонда ғана ол өтірік өлең деп танылады.

Өтірік өлеңде айтайын деген ойлар, суреттейін деген көріністер болмайтын істі болды деп бейнелеп береді. ішкі мазмүнына ой жүгіртсең, шындыкка карама-кайшы, нанымсыз іс-өрекет екені бірден білініп түрады.

Мысалы:

Бір қоянды міндім де, аспанға ұштым,

Екпініне шыдамай жерге түстім...

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,

Той кылып, мың масаны сонда сойдым.

Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп,

Нансаныз, өмірімде бір рет тойдым, —

деп, әсірелеу аркылы өдемі көркем бейнелер жасаған. Өтірік өлеңде "өтірікті шындай, аксакты тыңдай етіп”, кисынсызды киыстырып айтуға деген асқан шеберлік керек. Мысалы, Тазша баланың хан алдында кырык өтірікті киыннан киыстырып, өлеңмен айтып беруінде акылдылық, тапкырлық, шеберлік бар.


Copyright MyCorp © 2024