Скачать рефераты бесплатно қазақша,әдебиеттен,халық ауыз әдебиеті,ежелгі дәуір әдебиеті,XV-XVI.XVII.XVIII.XIX.XX ғасырлардағы басындағы ортасындағы аяғындағы қазақ әдебеті * - КҮЛТЕГІН ЖЫРЛАРЫ

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 726

Форма входа

Поиск





Вторник, 06.12.2016, 05:50
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
КҮЛТЕГІН ЖЫРЛАРЫ


КҮЛТЕГІН ЖЫРЛАРЫ

Түркі халкының атақ-данкы Өшпесін деп... ('Култегін' жырынан. )


Орта Азияның түркі тайпалары руна жазуын колданған, ал араб әліпбиін кейінірек, X ғасырда ислам дінінің енуіне байланысты пайдаланған. Бүкіл әлемге өйгілі Орхон ескерткіштері тастарының бетіне осы руна жазуымен көптеген жырлар жазылған (VIII ғ.).

Бұл ескерткіштер Орхон, Енисей өзендерінің (қазіргі Монгол жері) бойында (мүндай жазбалар Қазакстан жерінен де көптеп табылган, солардың ең көлемдісі — Талас ескерткіші) орналасқан. Оларды алгаш тапкандар: швед офицері Иоганн жөне орыс ғалымы Н. М. Ядринцев (XVIII—XIX гг.). Қүлпытастарга қашалып жазыльш, бізге жеткен осы бір ғажайып жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды. Ол жазуларда VII гасырдың іргелі мемлекеті — Түркі қаганатының қүрамындагы толып жатқан рулардың өзара жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бүл ескерткіштерде хандар, бектер, тектілер туралы баяндалады. Ол баяндаулардан сол кездегі түрмыс жайлы түсінік те аламыз. Бүл тастардағы жазуларды кейіннен тарихта Орхон-Енисей ескерткіштері деп атаган.

Орхон жырларының негізгі ойы — елдің тәуелсіздігін, береке-бірлігін сактауга шакыру. Білге есімді қаган* таққа отырған сон, елінің тагдырын ойлап, толғанып күңіренеді. Оның көңіл-күйі, күйініш-сүйініші былайша суреттеледі:

Дәл осы жерде

Тауғаш халкымен табыстым.

Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама

шексіз беріп жатқан — Тауғаш халқының сөзі төтті, бүйымы асыл еді.

Олар төтті сөз, асыл казынасын беріп,

Баска халыкты өзіне соншама жакындатар еді.

Бірак акылды кісілерді, батыл кісілерді

тауғаштар козғай алған жок. Егер олар алданса, онда руы, халкы түкымына дейін

калмас еді.

Ал төтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып,

Түркі халкы кырылдың,

Түркі халкы жойылдың!

Бүл үзіндіден жырдың түпкі мүраты ел бірлігі мен' оның бақытты өмірін аңсау екені аңгарылады. Жырда түркілердің Білге өзі қаған болғанға дейінгі уакыттарда мұндай жағдайға душар болу себептері ашық айтылады:

Соңындағы інісі ағасындай болмады,

Ұлдары әкесіндей болмады.


Біліксіз кағандар такка отырған екен,

Өміршілері де біліксіз екен,

Жалтак болған екен.

Бектердің, халкының ымырасыздығынан,

Таугаш халкының тепкісіне көнгендігінен,

Арбауына сенгендігенен, інілі-ағалы лауласкандығынан,

Бек пен халыктын өзара жауласкандығынан,

Түркі халкы елдігін жойды,

Қағандығынан айырылды.

Жырда, негізінен, Білге каган, Күлтегін батыр, Тоңүкүк жырау ерліктері суреттелген. Жырдың басты кейіпкері

Күлтегін батыр. Оның әкесі Елтеріс каган да "түркі халкы жойылмасын” деп, кырық жеті рет айнала коршаган баскыншы тайпалармен жауласып, согыс салады. "Тізеліні бүктіріп, бастыны еңкейтіп” түркілерді бүтіндеуге көп күш салады. Күлтегін өзінің агасы Қапаган ханмен бірге әке ісін жалгастырады. Ол он алты жасынан бастап жауларымен жиырма үш рет согысып, жауларының "елдігін әлсіретеді”, "кагандыгын кансыратады”. Сөйтіп, түркілер таугаштарга бағыныш-тылыктан күтылып, өз жеріне өзі ие болады. Қапаган хан өлген сон, билікке келген Күлтегіннің екінші туган агасы Білге каган да жырда аскан акыл иесі, батыр ретінде суреттеледі:

Өкеміз, агамыз күрған халыктың Аты, даңқы өлмесін деп,

Түркі халкы үшін Түнде үйыктамадым,

Күндіз отырмадым,

Біріккен халықты от-су кылмадым (өзара тату еттім).

Осылайша, Білге ел бірлігін бүздырмай, халкын жауга бермей, ерлікпен, даналыкпен баскарган.

Күлтегін — түркі халыктарының ерлік туралы үгым-ының жиынтык бейнесі. Оның түлгасында түркілерге төн ержүрек, өршіл, кайсар, кайтпас мінез бар. "Сондай батырым болса” деген ел арманы Күлтегін ерліктерін сипаттау аркылы берілген.

Білге мен Күлтегін сиякты Тоңүкүк та тарихта болған түлға. Ол Білге каган кезінде тебе би болған. Орхон


тастарында: "Түркі Білге қағанның еліне арнап жаздырдым. Мен — Тоңүкүк” деген жазу кездеседі. Соған Караганда, бүл жырларды шыгарушы да, оларды тастарға ойып жаздырушы да Тоңүкүк болар деген болжам растала түсетін секілді.

Бізге белгілі кейінгі казак жыраулары да (Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, т.б.) хан қасында акылшы, кеңесші өрі жорыктарга бірге қатысқан батыр да болған. Сондыктан Тоңүқүкты елінің тарихын, тағдырын жыр еткен, толгап айткан жырау деуге болады. Ол өзі туралы жырда былай дейді: "Сонда ақылгөйі мен едім... кызыл қанымды төктім, кара терімді ағыздым, күш-қуатымды аямадым. Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым”.

Тоңүкүк акылымен қағандардың (ол Елтеріс, Қапаған, Білге деген үш қағанның да ақылшысы болған) жеңіске жетіп отырғаны жырдан көрінеді. Мысалы, жауға күтпеген жерден соққы беріп, талқандаған шақтарының суреттеуінде мынадай жолдар бар:

Атка кайта кондырып,

Қарды бұздым.

Жоғарыға атты жетелеп,

Жаяу таяк тіреп шыкты.

Төмендегі ерлер жоғары шығып,

Шың басынан өрі астык.

Жырда Күлтегін мен Тоңүкүк бірлігінің арқасында халыктың "кедейі бай болды, азы көп болды” деп айтылады.

"Күлтегінді” қазактың батырлар жырларының алғаш-қы үлгілерінің бірі деуге болады. Өйткені олардың такырыптары да, көтеретін мәселелері де, кейіпкерлерді бейнелеу тәсілдері де, көркем сөздерді қолдануы да бір-біріне жақын өрі үксас.

Мысалы, Күлтегін жырындагы:

Өкем қағанның косыны бөрідей,

Жаулары койдай болыпты, —

деген үғым "Алпамыс” жырында:

Қойға шапкан бөрідей,

Талкандап куып береді, —

деген түрде үшырасады.

Ал "Күлтегіннің”:

Бек ұлдары кұл болды,

Пөк кыздары күң болды, —


деген жолдарына үксас сөздер "Қобыланды батыр” эпосында кездеседі:

Айдарлысын кұл қылды,

Тұлымдысын түл қылды.

Сол сиякты "азды кеп қылдым, кедейді бай қылдым, қүл— қүлды болды, күң — күңді болды” деген "Күлтегін” жырындағы кайталанып отыратын сөздер кейінгі эпостарымыздың ішінде де кайталанып қолданылады.

"Орхон” жырлары ("Күлтегін”) — көркем туынды. Оларда ақындык шеберлікпен күрылган сөз айшықтары мол. Мысалы, "от-су қылмадым” деген колданыстың магынасы "өштестірмедім” деген үгымды екі затты қарама-карсы қойып қолдану арқылы әдемі шендестіріліп елестетеді. Сондай-ақ: "түнде үйыктамадым, күндіз отырмадым”, "жүқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай”, "тізеліні бүктірді, бастыны еңкейтті”, т. б. тіркестер бүл жырлардың көркем туындылар екенін айгактай түседі.

Корыта айтканда, Күлтегін, Білге каган жөне Тоңүқүк ескерткіштері (Орхон-Енисей) — ежелгі түркі халық-тарына ортак көркем шыгармалардың үлгісі болумен бірге, ол казак өдебиетінің де асыл казынасына енетін өдеби мүра.



қаған — ел билеуші




Copyright MyCorp © 2016