Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Понедельник, 29.04.2024, 01:41
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ


ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ

 Көңілі пасык ерде
 Дәулет болмас. ("Қорқыт ата кітабынан".)


Бұл көне заман мүрасы туралы айтудан бүрын Қорқыт атаның өзі кім болғанын айқындап алу дүрыс. Қорқыт — VIII ғасырда Сыр бойында бүрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған.

Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мөңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипа-тында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында "өлмейтін нәрсе жоқ екен” деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Үлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толассыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, үлағатты сөздері қалады.

Ал өдебиет тарихында деректі түрде "Қорқыт ата кітабы” бар. "Қорқыт ата кітабы” осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан түратын қолжазба күйінде жөне Италияда (Ватикан) алты жырдан түратын қолжазба күйінде сақталып келеді.

"Қорқыт ата кітабын” VIII ғасырларда жөне одан да бүрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған — Қорқыт ата ("Қорқыт” сөзі ертедегі түркілердің "Хүр — кісі” және "хыт — күт” сөздерінен шығуы ықтимал. Ол "қүт әкелуші кісі” деген мағынаны береді). Кітапта казак халкының қүры-луына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпа-ларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан түрады: "Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр”, "Дерсе хан үлы Бүқаш туралы жыр”, "Оғыз каған жыры”, т. б.

"Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жырда” оғыз тайпасының батыры Қазан бек аңға кеткенде, оның елін Шөкілі хан шабады. Үлкен қырғын болады. Қазан бектің Қара койшы дейтін қойшысы ерен ерлік көрсетеді. Ол тас атқышпен атқылап, жауды жайпайды. Тас таусыл-ғанда, тас орнына ешкілерді салып атады. Қазан бектің әйелі Бөрілі сүлу да ордасын корғап ерлікпен шайкасады.
Алайда көп жау жеңеді. Шөкілі осылайша Бөрілі сұлуды, баласы Оразды және барлык дүние-мүлкін алып кетеді.

Казан бек аңда жүріп түс көреді. Түсінде үйіндегі сүңқар жоғалады, ордасына көктен жай түседі. Түсінен шошынған Қазан бек еліне оралып, мән-жайды Кара койшыдан біледі. Ол жорыкка аттанады. Бірак Қара койшыны ілестірмейді. "Бүкіл оғыз бектері жауды Қазан алған жок, Кара койшы алды деп күлер”,— дейді де, бірге бармақ болған қойшыны ағашка таңып байлап кетеді. Алайда койшы жүлкына-жүлкына ағашты тамырымен копарып, таңулы күйде арттарынан ілеседі. Мүны көріп Қазан бек оны байлаудан шешеді. Бүлар жауға жетіп, шабады, Шөкілі ханды жеңіп, өз адамдарын күтқарады. Жырда елін жаудан корғау идеясы айкын сезіледі.


"Дерсе хан у>лы Бцқаіи туралы жыр” деп аталатын жырда анаға деген түркі халыктарының қүрметі, үрпакка деген сүйіспеншілігі, ұрпак жалғастыру мәселесі, ата-ана мен балалар арасындагы парыз сөз болады. Жыр өз кезіндегі түркі тайпаларының үрпак жалғастыру мөселесіне көз-карастарын баяндаудан басталады:

"Ежелден калыптасқан дәстүр бойынша Баяндыр хан жылына бір той жасап, оғыз бектерін конакка шакыратын еді. Бүл жолы да солай істеді. Сол күні... тойға жиылган бектерден үл баласы барларын ак отауға, үлы жок, бірак кызы бар кісілерді кызыл отауға, үлы да, қызы да жок конақтарды кара отауға кіргізді. "Не үлы, не кызы жок жандарды Тәңірінің өзі карғаған, біз де солай етеміз”, — деді Баяндар хан”. Окиға осылай басталып, шиеленісе түседі. Қонактардың ішінде Дерсе хан да болады. Үлы да, кызы да жок ол бүл корлыкка төзбей, кара отаудан шығып кетеді.

Дерсе хан кайғыдан кан жүтьот өйеліне мүңьш айтады. "Келші бері, басымдағы бакытым, үйімдегі тірегім”, — деп бастап, жарының теңдессіз сүлулығын ғажап теңеулермен айта келіп, болған окиғаны баян етеді. Алайда өйелі жаксылыктан күдер үзбеуді өтініп, аш-жалаңаштарға коп садака бергізіп, Тәңіріден бала тіле деп тілек етеді. Айтканындай-ак, Төңірі оларға үл береді. Қоркыт ата бүл жерде ежелгі оғыз-қыпшактардың ананы, әйел баласын ерекше күрметтейтін дәстүрін мактан ете жырлайды.

Бала он беске толғанда сүзеген бүкамен айкасып жеңеді, содан "Бүкаш” атанып кетеді. Одан әріде Қоркыт ата ананың балаға, баланың өкеге махаббатының қүдіретін көрсететін окиғаларды суреттейді. Ерекше алып, күш иесі, акылды, батыр және өте өділ болып өскен Бүкаш Дерсе ханның бірден-бір мүрагері болады. Ханды мүрагерсіз қалдыру мақсатымен оның айналасын-дағылар өкесіне Бүқашты "хан тағын ертерек басып алуды ойлап жүр” деп жамандайды, елдің жауы етіп көрсетіп, жалған жала жабады. Дерсе хан бүл өтірікке сеніп, үлын аңға өзімен бірге алып шығып, бір капылыста оны ту сыртынан атып, өлімге кияды. Бүл сүмдык окиғаны іштей сезген анасы айдалаға "өлді” деп тастап кеткен Бүкашты тауып альш, оның жаракатьш емшегінің сүтімен жазады. Сол шактарда Дерсе хан елін жау


шауып, хан түтқынға түседі. Бүкаш өкесін күткаруға аттанады. Ол жауды талкандап, Дерсе ханды аман-есен еліне алып кайтады. Осылайша анасы жаралы баласын ақ сүтімен емдеп жазса, баласы Бүқаш өзін өлімге киған өкесін жау қолынан ажалдан күтқарады. Жырдың философиялык, парасаттык ойы терең, төрбиелік мәні жоғары.

"Қоркыт ата кітабының” жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін сыртқы жаулардан корғау үшін қан майданға шыккан алып батырларының ерлігі туралы толғайды. Дастанда ерлік, өділдік, адамгершілік, ата-ананы күрмет түту, уөдеде түру сияқты ізгі касиеттер айтылады. Оның қаһармандары коркақтык пен опасыз-дыкка, өдепсіздік пен сараңдыкка қарсы күреседі.

"Қорқыт ата кітабының” қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін, ел-жүртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Ерлерше кару асынып, жаумен тайсалмай соғысқан Қазан бектің өйелі Бөрілі сүлу, оның үлы Ораз, ел баскарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бүқаш, т.б. кейіпкерлер ерлікпен бірге ізгілік те танытады. "Дерсе хан үлы Бүкаш туралы” жырда үрпақтардьщ жалғасуы үлкен мөселе деңгейінде көтеріледь Ата-ана мен олардың үлы Бүқаштың өзара қүрметі мен махаббаты жауыздық пен опасыздықты жеңіп шығады.

Қорыта айтканда, "Қорқыт ата кітабы” — өр түрлі жырлардың жинағы болса да, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртүтас өріп отырады.

"Қоркыт ата кітабында” төрбиелік күнары мол қанатты сөздер көптеп үшырасады. Мысалы: "Жер кадірін ел біледі, ел кадірін ер біледі”, "Қүлан қүдыққа қүласа, қүрбақа күлағьшда ойнайды”, "Ат қиналмай жол шалмас”, "Көңілі гіасық ерде дөулет болмас”, "Қар қаншама қальщ жауғанмен—жазға бармас”, "Анадан өнеге көрмеген қыз, атадан тағылым алмаған үл ел басьш күрап, үйінен дөм беруге де жарамайды”, "Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді”, т. б.

"Қолына кобыз үстаған үзан (абыз, жырау) елден елге жетеді”, — деп Қорқыт атаның өзі айткандай, өнер-мөңгілік, ол елден елге, үрпақтан-үрпаққа тарайды. "Қоркыт ата кітабы” — сондай шығарма.




Copyright MyCorp © 2024