Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Понедельник, 29.04.2024, 03:25
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ


XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ЗАР ЗАМАН АҚЫНДАРЫ

Мына заман кай заман!?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман...

Мұның өзі зар заман...

Зар, зар заман, зар заман...

Зарлап өткен бір заман...

Зар заманнын аяғы —

Заманың кетті баяғы... (Шортанбай.)



XIX ғасырдағы тарихи жағдай. 1731 жылы Кіші жүз казақтары Әбілхайыр ханның бастауымен орыс патшасы Анна Иоановнаға ант беріп, бағынған болатын. Орта жүз қазактары Ресей патшасына бүдан 35—40 жыл кейін — XVIII ғасырдың екінші жартысында Абылай хан заманында бағына бастаған еді. Үлы жүз қазактары орыс патшасына XIX ғасырдың 60-жылдарында бағынды. Сөйтіп, қазақ даласының Ресейге бағынуы 130 жылға созылды. Ресей патшасы отарлау саясатын біртіндеп жүргізді. Оны казак даласына өскери бекіністер салып, Ресейдің түпкір-түпкірінен казактар мен Украинаның жерсіз калған шаруаларын көшіріп әкеп, казактардың суармалы шүрайлы жерлерін тартып өперуден бастады. 1743 жылы Орынбор камалы орнады. XVIII ғасырдың 30—40-жылдарында Верхноуральскіде үзындығы 770 шакырым УЛСК бекініс шебі салынды. Осы шептің бойында Қарағай, Караколь, Крутоянск, Уст-УЛСК камалдары салынды. 1770 жылдары Троицк, Семей, Орал, Гурьев (Үйшік) калалары (камал ретінде) ірге көтерді. Қамалдарды орыс армиясы күзетіп түрды. Әскерлерді үстау үшін патша үкіметі жергілікті халыктардан акшадай, заттай алым-салык жинап отырды. Бүл алым-салықтардың ауыртпалығы еңбекші халыктың мойнына түсті. 1822 жылы патшалы Ресейдің казак даласын билеу жөніндегі жаңа ережесі шықты. Бүл ереже бойынша бүрынғы ел билеудің хандык жүйесі жойылып, оның орнына округтер күрылды. Округ-тердің басына патша үкіметінің колдауымен сайланып қойылған казақтың хан, торе түкымдарынан шықкан аға сүлтандар отырғызылды. Аға сүлтанның екі орын-басары тағайындалды. Оның біреуі ақсүйек тұқымынан шыккан атакты билерден болса, ал екіншісі орыстың өскери майор шенді офицері болды. Округтер — үйез-дерге, үйездер — болыска, ал болыстар — старшиндерге бөлінді. Болыс старшиндер сайланып қойылды. Билік басына келу үшін жоғары шенді орыс әкімдеріне пара беру керек еді. Сөйтіп, патша үкіметі қазақ байларын билікке таластырып қойып, шын мәнінде, өздері қойған сенімді адамдары аркылы басқарып, өздері олардың ел билеудегі іс-әрекетін бақылап отырды. Ел ішінде пара алып дау-дамайды шешу, өтірік-өсек айтып бір-біріне жала жабу, өтірік арыз беру, жесір дауы, жер дауы, барымта, тонау етек алды. Осы өділетсіздіктерді көріп күйінген Дулат, Шортанбай, Мүрат секілді ақындар өткен хандық дәуірін көксеп, жаңа заманның бүзылуын, орыс әкімдерінің озбырлығын сынады.


Copyright MyCorp © 2024