Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Понедельник, 29.04.2024, 05:05
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Батырлар жыры-Ер Тарғын


Батырлар жыры-Ер Тарғын

Қазактың батырлар жырының кайсысын алсак та бөрінде де

ел бірлігі мен Отан қорғау мөселесі бірінші кезекте түрады.

Батырлардың ойы мен арманы, ел мүңы халык тағдырымен

үштасып жатыр. (М. Габдуллин.)

Батырлар жыры — ауыз өдебиетінің комакты да асыл мүрасы. Оларда елін сырткы жаулардан қорғау, елінің, халкьшьщ төуелсіздігін сақтау мүраты басым. Қазақтьщ батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Батырлар елін сүйген, ата мекенін, халқын, оньщ ар-

намысын қорғау, елдігін сактау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған, көзсіз батырльщ, ерлік көрсеткен. Батырлык дастандардагы Қобыланды, Тарғьш, Алпамыс сиякты ерен ерлер ерлігіне осы қасиеттер негіз болған.

Қазақтың батырлар жырының көбі, Шоқанның айтуынша, "Алтынорда дәуірлерінде болған тарихи адамдар туралы. Соған Караганда олар XIV, XV—XVI ғасырларда жасалған сиякты”.


ЕР ТАРҒЫН

Мәні терең көркем жыр. "Ер Тарғын” жыры —өзінің идеялык-көркемдік сипаты жағынан қазақ батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда елдік, ерлік, жақсылық пен жамандық, кірнгіксіз адал махаббат секілді өзекті мөселелер көтерілген. Басқа батырлар жыры сиякты, "Ер Тарғын” жырының негізінде де тарихи окиғалар ізі жатыр. Халқымыздың басынан кешкен тарихи-әлеуметтік окиғалар, халықтың өдет-ғүрып, салт-санасы, рухани тіршілігі, арман-мүраты көрініс береді. Жырда халқы үшін еміренген, жүртының тағдырын ойлаған, соның тәуелсіздігі үшін басын бөйгеге тіккен, еліне қамқор, пана бола алған батырдың ерлік, адамгершішк бейнесі өрнектелген. Халық сонау бағзы заманда өткен адал перзентінің ерлік өнегесін келесі үрпағына үлгі етіп калдьфған. Жырдың аса бір қүндыльны — мүнда а ты аңызға айнальш кеткен, тарихта болған, халқымыздың дана ойтттылы Сыпыра жырау кемеңгерлік түлғасымен көрінген. Жыршы Сыпыра жьфауға байланысты штрих-детальді жьф арқауына енгізу арқылы халқының даналык ойын биіктеткен. Сыпьфа жыраудың жыр қүрылымына енуінің өзінен де поэма өзегінде халқымыздың тарихи кешулері жатқанын айқын байқаймыз.

"Ер Тарғын” жыры тек идеялық мазмүнымен ғана емес, өзінің бүкіл көркемдік бітімімен ерекшеленеді. Жырдың шеберлігі сонда, бірде-бір оқиға оқшау қалмайды, олардың бөрі халықтың айтпақ ойына, мүрат-мақсатына, кейіпкерлер характерін ашуға қызмет етеді.

Кейіпкердің жан толғанысын, аласапыран ішкі жан өлемін монолог арқылы терең аша білген. Тарғын батырдың бел омыртқасы сыньш жапан түзде қалғандағы Ақжүніс пен Тарланына арнаған толғауы, өз тағдыры

мен олардың тағдырына деген тебіренісі, сол жолдардағы сезім шынайылығы, батырдың жан ізгілігі, жарына деген, тұлпарына деген сүйіспеншілігі, "кешегі сатып кеткен ит” опасыз ханга деген ыза-кегі асқан көркемдікпен айшыкталган.

Кейіпкерінің жан лүпілін беруде гана емес, оның сыртқы мүсінін кескіндеуде де аса шеберлік бар. Мысалы, Ақжүністің Қарткожақпен бетпе-бет келген сәттегі өзін кескіндеуінен сөз колданыстардың көркем үлгісін көреміз. Жырда шендестіру, салыстыру тәсілі, теңеулер орайлы, үтымды колданылган.

Мысалы:
Бет ажарын карасаң,

Жазғы түскен сағымдай.

Ет ажарын қарасьщ,

Терісінен айырған,

Арпа-бидай ак үндай,

Кірпігі октай тізілген... —

деп өрнектейді. Тек Ақжүністің ғана сырт келбетін емес, Қарткожак пен Тарғынның пішін-келбетін беруде де акын тамаша суреткерлік байкатады.

Жырда кейіпкердің күйініші, алаулаған жан арпа-лысына орай табиғат өзгерістерінің суреттері аркылы да беріледі. Өлімнің кара бүлты Тарғынның көз алдына елестеген кезде, акын айналадағы табиғат реңін де күңгірттендіріп, түнертіп жібереді:

Асыл туған Акжүніс,

Күнді бүлт коршайды.

Күн жауарға ұксайды.

Айды байқай карасам,

Түн жауарға ұксайды.

Көгілдірін ерткен,

Көлдегі кулар шулайды,

Шулағанға карасам,

Көктен сүнкар соғылғанға ұксайды...

Осы жолдарда бірде-бір ашык, жаркын бояу жок. Себебі соның бәрі "Алланың хак бүйрығы, маған таянғанға үқсайды” деген кейіпкерінің тап сол сөттегі үміт үзе бастаған кайғылы халін капысыз білдіреді. Акын қүлдырату сияқты көркем өрнекті де шебер пайдалана білген. Қалмактың сан колымен бір-өзі жекпе-жек шайқаскан сүрапыл кырғын үрысты:

Астына мінген Тарланның,

Түрпатына караса,

От орнындай тұяктан,

Оймактайы калыпты.

Етектейін еріннің,

Екі елісі калыпты.

Қиған қамыс күлактан,

Бір елісі калыпты.

Жалбыраған жалынан,

Жалғыз карыс калыпты,—

деп өрнектейді.

Жыр мүнан баска да бейнелі сөз оралымдарына, айшыктарына толы.

Тарғын бейнесі. Тарғын— елі үшін, халық кегі үшін белдескен кейіпкер. Тарғын бір ауылдың, бір рудың намысы үшін емес, бүкіл ноғайлы жүртының намысы үшін сырткы жаулармен қанды шайқасқа түседі. Ол елінің, халқының тәуелсіздігін, бостандығын, намысын қорғауды өзінін азаматтық парызы деп білген. Тарғын өз дөреже-даңқын, мөртебесін арттыруды, дүние-байлық жинауды ойлаудан мүлде аулак. Жырда оның жаумен белдескендегі мақсаты:

Аттанбадым олжа үшін,

Сыңсып жаткан мал үшін...

Аттанғаным гөуірге Атамның ежелгі кегі үшін, —

деген жолдардан айкын аңғарылады. Тарғын батыр бейне-сінің халык жүрегінде мәңгілік сакталуының, оған деген ел сүйіспеншілігінің терең түп-тамыры, міне, осында.

Тарғынның ерлік бейнесі, оньщ адамгершілік кадір-қасиеті жырда қалай мүсінделген? Ақын қалай оны нанымды, дәлелді етіп өрнектей алған?

"Ер Тарғын” жырындағы барлық оқиға Тарғын . батырға байланысты өрбиді. Эпостағы баска кейіпкер -лердің характерлері де сол басты каһарманмен қарым-катынаста, эпостағы окиғаның дамуы үстінде өр жакты ашылады. Тарғынның ерлігі бірден көрінбейді. Оның батыр екенін алғашкыда ешкім білмейді. Оның бар-жоғын да елеген жан жоқ, үрыска кір деушілер де болған емес. Сонда жыршының оны шайкаска, үрыска бірден кіргізбей, сахнаға Акшахан әскерлері қамалды бүзып ала алмай, тауы шағылып, көп кісісін майдан даласында калдырып, еліне кері кайтпак болған кезде шығаруы тегін бе? Ханның колы ала алмаған қамалды бүзып кіру тек ерен батырдың ғана колынан келеді. Демек, Тарғынның қамал бүзар, аруақгы батыр екені жырда осындай екіталай кезеңде көрсетілген. Тарғын жауға жападан-жалғыз атой салады:

Сары ала туы салбырап,

Шапты батыр тебініп.

Жалмауыздай емініп,

Сырттағы жүрген өскерге,

Қарамады бүл батыр

ішкі камалға кірді желігіл...—


деген шумақтардан оның хас батырға төн мінезін капысыз танимыз. Жыршы көмекші етістіктерден ғажап өрнек жасап, жалмауыздай емінген батыр кейпін тамаша береді.

Оның ерлік мінезі Қартқожақпен алғаш кездесу үстінде де анық байкалады. Қартқожақтай "көк бүркіттей түйіліп”, кардай борап, аузынан жалын шашып, қаһар-ланып, айбарлана тоне келген батырдан іркілмей, осалдык білдірмей, касқая түрып қарсы алады. "Кезегімді бер енді” деген Қартқожаққа "кезегін бабай алсын деп”, "жасы үлкен агам деп, аксакалды бабам деп...” сыйлап, калаған тілегін орындайды. Бүл жерден Тарғын бойындағы екі түрлі қасиетті байкауға болады.

Біріншіден, үлкенді сыйлау сиякты халқымыздың ғасырлар бойы калыптаскан жаксы дөстүрін аттамауы, оны берік сактауы, екіншіден, өлімнен тайсалмай, сертінде түрып алғашқы кезекті Қартқожаққа беруі — ездің емес, ердің колынан ғана келер мінез.

Батыр бойындағы аңғалдык та кей жерде кылаң беріп калады. Қартқожақ оның ерлігін сыйлап, жастығын аяп, өлімге кимай, тек корамсақтағы оғын атып түсірсе, Тарғын кызбалықпен, ашумен "қылышын суырып Қожаққа дүрсе коя береді”. Тек Қожақ сөзінен кейін ғана сабасына түсіп, ақылға жеңдіреді. "Аталы сөзге арсыз таласады” дегендей, Тарғын ағаг кеткенін аңғарып: "Мүның мүнысы рас екен, бүл ғой менің өзімді байлап атса, таудай өзіме, таудай атыма тигізбей ме? Аяғаны рас екен, мен мүның кадірін білейін”,—деді де, Акжүністі тастап жүре береді.

Халық даналығы "Жаксылыкка — жаксылык” дейді ғой. Қартқожак болса, адамдық, адамгершілік, ерге тән мінез көрсетті. Қыршын жас әрі ерлік мінез танытқан оны өлімге қимай, Қартқожақ ағалық жасап, адамгер-шілікке, ерлікке барды, ендеше ездік, үсақтық мінезге Тарғын бара алар ма? Қимас жарын қалдырып, ендігі шешімді батырдың өзіне, Ақжүніске тастайды. Батырдың мүнысы қалай? Ақжүністей аяулы аруын, сүйікті жарын ол Қартқожаққа қалай қиып қалдырды? Сүйгені үшін өлімге неге басын байламады? Ерлігі қайда? Ақжүніс елін, жүртын, туған ата-анасын, ен байлық, бақ-дәрежесін бір соның жолына күрбан етті емес пе? Қамал бүзған батырдың шайқаспай, жары үшін белдеспей кете беруі қалай? Адамда ар, адамгершілік деген бар. Ал шынайы


батыр бойында мұндай касиет мол болуға тиіс. Олай болмаса, ол ер, батыр емес. Жастығын, қайрат-жігерін, ерлігін, адамгершілігін танып, аяушылык жасап, өлімге кимаған, адалдыққа, адамгершілікке барған жанның жақсылығына жаксылык жасамаса, ерлік танытпаса, онда Тарғында не батырлық, не адамгершілік қалмақ? Осы окиға үстінде де Тарғын бойындағы кадір-касиет айкын көрінген. Ол жан-жарын калдырып, арғы шешімін батырдың өзі мен Ақжүніске тастап жүре берді. Сонда ол бірден үміт үзіп кете барды ма? Әлде әрі батыр, өрі үлкен жүрек, парасат иесі Қартқожақ екі жасты зар илетіп, еңіретіп кете коймас, әділетсіздікке бармас деп үміттенді ме, әлде Ақжүністің кайрат-кажырына, ақылына сенді ме? Сүйгені шын болса, ол өлмей берілмек емес. Ендеше, аруы жол тауып Қартқожак күрығынан қүтылар деген үмітте болды ма? Ал өзі болса, жарымнан айыра көрме деп жалынып, жалбарынуға бармак емес, ол — намысты батыр. Ал найзаласып, кан төгіске баруға ары бастырмайды. Опык жеп, өкініп кала береді, лажы жок. Міне, осы окиға түсында да Тарғынның арлы, акылды, терең ойлы өрі ерлік мінезін байкау киын емес.

Тарғынның ерен ерлігі қалмактың Домбауыл деген бір жайсаңы бастаған қалың колымен үрыста барынша көрінеді.

Акын жау батыры Домбауылды да осал етіп көрсет-пейді, оны "алты күлаш ала атпен, үсті толған болаттан... бүл да айтулы ер еді” деп бейнелейді. Домбауыл: "Жасың кіші жас үлан, кезегімді бер” дегенде, сөзге келмей "каская қарап”, кезегін береді.

Жырда Тарғын қамал бүзған ер ғана емес, барлык жер пендесіне тән осалдығымен де бейнеленген. Ол сүйе де, сүйсіне де, қамығып, қайғыра да біледі. Тарғын бойьшдағы бүл қасиеттер жырдьщ өр жерінде, өсіресе бел омырткасы шығып, жапан түзде калған түста айкын көрінеді. Батырдың сондағы монологы ішкі толғанысқа, тебіреніске толы. Жапан түзде дөрменсіз халде қалған батыр:

Бүл шамаға келгенде,

Ажалым аштан болды ма,

Ауызға алар дөмім жок?

Егер өлсем бүл жерде,

Сүйегімді ұстар теңім жок.

Үстіме киер кебін жок!


Еңіреп жүрген ер едім,

Қаптаган қара борандай,

Өткені ме дүние бок... —

деп, ішкі жан күйзелісін күйіне білдірген. Тарғынның "Ақжүністей аруым!” деп сүйікті жарына, "Айналайын Тарланым!” деп Тарлан атына арнаған арнау жолдарын тебіренбей оку мүмкін емес. Ол өлім бүлты өзіне төніп түрса да, өзін емес, "Акжүністей аруым, алғанынан айырылып, сөнгені ме шырағы” деп жарын ойлап, өзіне дәрмен болған түлпары, "мінбей, түспей арыған” Тарланын ойлап камығады. Өлім мен өмір арпалысында аузына су тамызар жан жоқ жалғыздығына налып:

Атам калды дейтұғын,

Атам менен анам жоқ!

Балам калды дейтұғын,

Өзімнен туған балам жок.

Бауырым калды дейтұғын Ағам менен інім жоқ! —

деп "көкіректегі жанын аямас”, "қайырылып келер қарындасы” жоқтығына кан жүта кайғырады.

Тарғынның намысты батыр екенін өзін сусыз, елсіз далаға тастап кеткен опасыз ханға айтқан сөздерінен де анык танимыз. Ол өділетсіз, түрлаусыз жауыз ханға "сен” деп өктем тіл қатады. Тәж-тағына бас имейді. "Қадір білмес сен итке, қараша болып не етемін?!” деп иттігін бетіне басады. Ханға каны каткан, опасыздығы жанына баткан ол:

Қатып калған көнім бар,

Шілде түспей жібімес.

Қатты калған көңілім бар,

Май кұйсаң да жібімес...

Есен барып, сау қайтсам,

Домалатып басыңды алармын, —

деп бітіспес мінез білдіреді. Ал солайша актық, кесу сөзін айтқан батыр райынан неге тез қайтады? Халықта "батыр аңғал” деген сөз бар емес пе? Сол аңғалдық Тарғын басында болған. Батырды райынан тек ел, данагөй Сыпыра жырау қайтарады.

Жырда Сыпыра жырау да, Тарғын да бірі елінің, жүртының дана батагөйі, ақылшысы, бірі ел қорғаны батыр перзенті болып көрінген.

"Ақжүністей аруым!” Эпостық жырлардагы әйелдер образының ішінде шебер мүсінделген образдардың бірі — Ақжүніс образы. Ол жырда өзіндік ерекше мінезімен, кескін-келбетімен көрінген. Ақжүніс бойындағы қадір-қасиет жырдың өн бойында нанымды да шынайы өрнектелген.

Жыршы эпоста Ақжүніс бейнесін өр қырынан ашқан. Ақын оның сыртқы көрік-пішінін, коз тартар сүлу сымбатын тамаша сипаттаған. Ақжүністің жан лүпіл-детер, адамды еріксіз өзіне тартар, әркімді ынтызар етер осы әсем пішімін жыршы қалай бейнелеген, соған қандай өрнек тапқан?! Жыршы Ақжүністің бет ажарын, тән сүлулығын: "Қара жерге кар тамар, карды көр де, етім көр, кар үстіне қан тамар, қанды көр де, бетім көр” деп шендестіру төсілі аркылы біздің көз алдымызға елестетеді. Оның жіпке тартқандай қиылған қасы сүлулығын бірден туралап қаламқас деп айтпай "Қиюлы жатқан калам бар, қаламды көр де қасым көр” деп бейнелейді, қалам мен қас екеуін шендестіріп, өрнек жасайды. Сол сияқты Ақжүністің бас бітімінің сүлулығын: "Зергер болсаң қасыңда, алтыннан соққан түйме бар, түймені көр де басым көр” деп өрнектейді.

Ақжүніс жырда өзінің көз сүріндірер сүлулығымен ғана емес, ақыл-парасатымен де, қайрат-жігерімен де көрінген.

Ол — хан қызы. Бақ-байлық та, атақ-даңқ та бар. інжу-маржанға малынған айтулы сүлу. Хан қызына хан мен би-бек баласының қайсысы болса да ынтызар. Ақжүніс неге соның бөрін мансүқ етеді? Оның түрғысы өзіндей хан, ақсүйек баласы емес пе? Ақжүніс осы халін шүкір етіп, әке әміріне бас үсынып жүре бермей ме? Жаны жасық жан болса, солай етер еді. Жок, Ақжүніс ондай жан емес. Өз жүрегінің өмірімен жүргісі келеді, өмірін жаны үйлескен адаммен тағдырластыруды армандайды. Ол сондай бір жанды тапқан-ды. Оны мырзалығы, байлығы үшін емес, өзіне тең жар деп, жүрек қалауымен үнатқан-ды. Әттең, одан қапыда айырылып қалды. Бірақ сол сүйгенін ол есінен екі елі шығарған емес. Сүйгенінен айырылып, қүса болып жүрген кезде, қарауылшы қүлдары мен күңдерінен Тарғынның батырлығын естіп, ынтызар болып қалады.

Ол жігіттің асылын, қайратын есіткен соң, төзіп түра алмайды, бір көрмекке, тілдеспекке күмартады. Акжүніс-тің бүкпесіз, ашык мінезі бүл түста да айқын көрінеді. Ол Тарғыннан еш нөрсені жасырмайды. "Сіз аркылы мырзаның кайғысы көтерілсін... келіп жүріңіз. Менің сізді шакырған лебізімді өр кез жерге тастамассыз!” — деп, ыкыласын батырға бірден білдіреді. Акжүніс батыр бойындағы асыл касиетті таниды. Баска жанға оның көңілі аумақ емес. Оны мансап та, так-дөреже де, байлык та қызыктыра алмак емес. Сондыктан айттыруға келген хан баласын да елең кылмайды. Ол тек "бакыты зор” жанды калайды, ол елге пана болар ерге ынтызар. "Батырға біржола көңілі ауғаны соншама... сенің қайғыңнан өлемін”, — дейді Акжүніс.

Акжүніс мінезінің көп кыры Қарткожакка айткан монологында одан сайын ашыла түседі. Оның өз басына да, сүйген Тарғынының өміріне де катер төнді.

Тарғын адамгершілік жібін аттап өте алмайтынын, жаксылыкка жаманшылык жасауды ары алдында өлім көргенін жанымен түсінген Акжүніс енді бір өзі болмаса, баска сенері жоғын әбден түсінді. Қарткожак сиякты кылышынан кан тамған, талай жаумен алыскан, алысканын мерт кылған желекті найзалы батырды каһарынан кайтару оңай емес екенін де біледі. Мүндайда ашу емес, акыл-парасат қана, акыл-амал ғана жөрдем-деспек. Акжүніс осындай киын-кыстау, екіталай кезеңде жол тауып шыға білді. Ол каһарлы батырды райынан кайтару үшін бар акыл-кайратын жүмсайды. Акжүніс қаһар шаша келген батырдан каймықпай: "Ай, Қарткожак, Қарткожак, атыңның басын тарт, Қожақ!” —деп бетін кайтарар батыл да өр тіл қатады. Онан өрі батырға өзінің өрімдей жастығы мен айтулы сүлулығын наз етеді. "Мен Қырымның ішінде, Акшаханның кызы едім”, — деп текті жерден екенін, өз өміршісінің кызы екенін де есіне салады. Бүл жерде Акжүніс, біріншіден, мен өрімдей жаспын, сүлу десен сүлумын, ал сен болсаң "бойға біткен тамырдың, бөрі бірдей суалған” ку бас шалсың, шешек аткан гүл мен тамыры солып калган емен арасында нендей үйдесім, жарастык болмак деп батырға ой салады. Екіншіден, "Ақшаханның кызы едім” деу аркылы, "батыр, сенің өміршің, иең кім, ертеңіңді де ойлагайсың” деп батырға тоқтау сала сөйлейді. Бірақ

Ақжүніс бүлайша өрлей бермейді. Өктемдікті қойып, батырды каһарынан қайтарып жүмсарту үшін бүгінгі мүшкіл халіне көшіп, батырды жан ізгілігіне шақыра сөйлейді, оның жүрегінде аяушылык сезімін оятуды нысаналайды. Ақжүніс енді батырға: "Жылап түрған көзім бар, өксіп түрған жасым бар, әуре болған басым бар, алғанымнан айырма, мені өзіңе қайырма!” — деп жалына, жас тоге жалбарына сөйлейді. Енді бірде: "Тілекті бермес болар ма, сіз сықылды асылдар”, — деп карт жанды жібіте сөйлейді. Өрі-беріден соң оның бүкіл өмір жолын есіне түсіреді, сонау балалық шағынан бүгінгі алпыс бес жаска дейінгі өмір асуларын, жастығы да, мастығы да, кызығы да, шыжығы да мол өмір жолын елестете отырып, "көне шыққан мүйізің, сап-сап дер кезің жетті емес пе”, — деп ой сала сөйлейді. Осының бөрі зердеңе жетпесе: "Сакал-мүртың қуарып, ...Мені көріп куанып, өлтірсең де тимеймін ... менен үміт үз”,— деп кесулі ақтық сөзін айтады. Ақжүніс монологында жыршының ақындығы шынайы тың өрнегімен таңдан-дырады. Ақын кейіпкерін эр түрлі сазда сөйлете білген, қайғылы, қасіретті шақтағы сөз сазы, реңкі өктемдік, ерлік сөз сарынынан бір бөлек, ал жан жылуы, ізгілігі кезіндегі сөз саптасы онан өзгеше. Жыршы кейіпкер характерін өр жақты ашу үшін сөз өрнектерін оның көңіл күйіне орай таңдай, талғай білген.

Ақжүністің батырға деген кіршіксіз мөлдір махаббаты, адал, ақ сезімі, сүйіспентттілігі Тарғынның мерт болып, жапанда жалғыз қалып, өмірден түңіліп, өлім сөтін күткен шағындағы жан тебірентер сөзінен айқын аңғарылады.

Байлауда калган ак сұнкар,

Бұрынғыдай бола алмас.

Көлден үйрек ала алмас...

Кетпек болсаң алғаным,

Неғылғаным сенен калғаным?!

Ақжүніс арыстанын, ақ сүңқарын өлімге қимайды. "Ерлігінде шама жоқ” батырдың қорлықпен өлгеніне көнгісі келмейді. Сонда не істеу керек? Оған тек бір ғана амал бар. Ол батырдың намысына тию. Ақжүніс солай істейді де. "Ағаштан биік мерт тауып, қызметші кара қүлдарша, қорлықпенен өлген ер, қай батырдан кем едің, өлерде болдың кара жер”, — деп жігерін қайрай, ар-


намысына тие тілін безейді. Ерінід қамал бүзған батыр — ерен кайрат иесі екенін, намыска шыдамас арлылығыи білетін Акжүністің а ткан оғы тап көздеген нысанаға тура барып қадалды. Жарьгаьщ бүл сөзі шымбайына тиген Тарғьш "күлдарша өлгенше, біржола өлейін деп, белін колымен басьш қалганда, бел омыртқасы сырт етіп орнына түсіп кетті”. Осы окота үстінде де Акжүністің акыл-парасатын капысыз аңғаруға болады.

Демек, Акжүніс эпоста батырдың адал жары, акылшы серігі, парасаты мен кайраты бірдей, адамгершілігі мол жан ретінде көрінеді. Ол сонау бағзы заманда өз басының бостандығы үшін кайрат-кажырлығын жүмсай білді. Сүйгеніне косылды.

"Ай, Қартқожақ, Қартқожақ”. Жырдағы Қарткожак бейнесі де шынайы сомдалған. Ол — тек батыр ғана емес, үлкен парасат иесі. Көпті көрген, талай өмірді басынан кешірген, ерлік-батырлығымен елге танылған жан. Қарткожак бес жасында-ак "жас шыбыктан жай” тартып, "жалғыз шиден ок” атып машьщтанған, "жиырма бес жасында, карт бурадай комданып, кас батырдай шамданып” ерге төн мінез байкаткан, ал отыз бесінде "қоңыраулы найза колға алып, "жеңсіз берен” киініп, "көк серек атты борбайлап”, "камалды бүзған айкайлап”, ал кырқында "мың кісіге бір өзі” шошынбай барған батыр болған. Ол осы батырлығымен коса елу беске келгенде "топка барып бой түзеп”, "дауға барған тіл безеп” билік айткан парасат иесі адам болған.

Қарткожак — ер. Оның бойына жыршы-акын шынайы батырға тән мінез-касиет дарытқан. Ерді ер таниды. Кішілік жасап, Қарткожақты жауым демей, Тарғынның иіліп берген сөлемін "жаксы күптап алады”. Тарғынның бүл мінезі батырға үнаған болса керек. Батыр Ер Тарғынның кас батырға тән ерлігін бірден танып, іштей сүйсінген. "Қайнаған кара бүлттай, қайнап біткен болаттай” шүйіле келген мүнан именбей, "атсаң ат” деп карсы карап каская түрып алған, жасы үлкен ағасы деп кезегін берген Тарғьшның "айнымай туған ер” екенін байкайды. Тарғынның осы мінезіне риза Қарткожак оны өлімге кимайды: "Мен алпыс беске келген, сакалым куарған карт шалмын, бүл ғой, жас болса да касындағы Ақжүністей сүлуды киып өм өзінің жанын киып, маған Карсы түрды. Бүл аса батыр екен. Мүның өзін де

атпайын, атын да атпайын, тек мүның корамсактағы жүз алпыс кез оғын атып уатайын. Сонымен оны аяп атпағанымды білдірейін, сонан соң бүл ақылы болса, ойлай білер де, кызды маған тастар да жүре берер”, — деп бір жалғыз доғал окпен салып калғанда, Тарғынның корамсактағы жүз алпыс кез оғын күлпарша кылып уатып кетті. Бүл сиякты кылык тек шынайы ердің ғана колынан келеді.

Қарткожак бойындағы үлкен адамгершілік Акжүніске байланысты оқиға үстінде барынша көрінеді. Ол пендешілік жасамай, айтулы арудан неге айырылып қалды? Неге өз еркімен сүйгеніне калдырды? Жүрегімен табыскан, жан калауымен қосылған өрімдей балауса екі жасты бір-бірінен еріксіз айыру өділдік болар ма еді? Егер Қарткожак өз заманының әдет-ғүрып, заң-дәстүрі, салт-санасы түрғысынан караса, жас қызға үйленудің ешкандай ерсілігі, сөкеттігі жок. Оны айыптар, кінөлар үстем сана жоқ. Ендеше, Қарткожак үріл ауызға салар сүлуды калай Тарғынға киды. Неге ол алғашқы бетінен кайтты?

"Аталы сөзге арсыз таласады” дегендей, Акжүністің дәлелді сөзіне токтап, оның обалына калмайын деп, ірілік, парасаттылык жасады. Мүның өзінен де Қарткожак бойындағы үлкен адамгершілікті танимыз. Өйткені ол бір қаусап түрған жан да емес. "Қарт та болсам, мен жек көретүғын қарт емеспін, ешкімнен де кем емеспін”, — деп өзінің айтқанындай, өз кадірін білетін, намысы бар жан. Қыз әкесінің "кім қүтқарса сол алсын” деген сөзімен Ақжүністі көзсіз, көңілсіз жар ете салуына да болар еді, Қартқожақ ондай пасықтыққа бармады, жастыққа, сүйіспеншілікке жара салғысы келмеді. Аңғалдыққа емес, аталыққа, ездікке емес, ерлікке барды. Жырда ол осындай биік қасиеттерімен көрінген.

Сыпыра жырау — жырдағы үнамды кейіпкердің бірі. Ол арқылы халық даналығы бейнеленген. Жырау — талайды басынан кешірген, өмірге терең көз жібере білер үлкен ақыл-парасат иесі адам. Өз өмірінде қолынан тоғыз ханды өткізіп, толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді. Жырау алдында талай ел күны, ер қүны шешілген. Ол ғүмыр бойы ел бірлігін, бүтіндігін ойлаған. Соған бір мысал, хан батырды бір емес, екі алдады, намысына қатты тиді. Батыр кек алмақ. Қайтып оралып хан

ордасын інаппаққа бекінді. Батырды каһарынан калай кайтармақ? Хан-биіне қаны қатулы. Оларға әсте көнбек емес. Олар батырдан қоркып, састы.

Хан мен билер өз кінәсін біледі. "Біз Ер Тарғын батырды екі алдадық... Біздің ішімізде батырды сөзіне сендіре алатын бір кісі қалмады”, — деп Сыпыра жырауға жалынады. Өйткені хан мен билерде, бек-мырзасында батырға карар бет жоқ. Енді тек Сыпыра жырау сиякты дана ғана батырды акылымен токтата алмақ. Баска еш айла-амалы калмады. Күшпен Тарғынды ала алмайды, сөзбен көндіре алмайды және де бүлардың сөздеріне күлак аспасын өздері де мойындайды. Шарасы калмаған олар Сыпыра жырауға келіп, "не десеңіз де сіздің акылыңызға көнеміз” деп, бас үрды.

Хан мен билердің, бек пен мырзалардың батырға жасаған опасыздығына жыраудың өбден көзі жетсе де, ел тағдырын ойлаған дана Тарғынды қаһарынан кайтармакка ойлайды.

Жырау батырды ашуынан тек тар жерде жолдас болған қанды шайкастағы карулас достары ғана қайтара алады деп біледі. Жыраудың сол ақылымен "етегіне басын салып” барған үш досыньщ меселін батыр кайтара алмады, еліне оралды.

Елге оралған Тарғынға Сьшыра жырау "Аруакты туған ер болсаң, неғыласың бір кызды?!” деп тоқтау айтып, бейбіт өмір кешуге, ел бүтшдігін сактауға акыл береді. Дана жыраудың сөзін сыйлап батыр райынан қайтады.

Сөйтіп, көпті көрген көне данагөй жырау ел бүтіндігін, бірлігін сактап калады.

"Айналайын, Тарланым”. Батырдың жан серігі — астына мінген түлпары. Онсыз батыр дәрменсіз. Тарғынның "айналайын, Тарланым” деп өзінің туған перзентіндей, айнымас жан жарындай көріп, Тарланына тіл катуы да со дан. іӨлім алдында жаткан кездің өзінде:

Қартайғанша мінбедім,

Өлгенше дөурен сүрмедім, —

деп өкінедіЛ"Бектер мінген бедеуге, сен түрғанда бармадым. Қырдан киқу болғанда, і;^араңғы түман толғанда, менің сенен еді дәрменім” деп, оны сүйеніттт-тірегі деп үғады.

Тарлансыз Тарғын жок.1 Батырдың оған деген сүйіс-пеншілігі жырда тамаша өрнектелген:


Сен күлын да емдің, тай да емдің,

Құлан жаста арда емдің,

Дөнен жаста үйреттім,

Алты кабат ала аркан.

Жібектен өріп үйреттім...

Алшактатып ойнаттым,

Арпа-бидай асаттым...

Таудан аскар тұлпарым... —

деген жолдардан Тарғынның Тарлан атына деген еміренісін байқау қиын емес. Егер батыр осылай мәпелеп, аялап өсірмесе, Тарлан оған серік бола алар ма еді? Егер мұндай "ылдидан салса, тоске озған, оза, оза зырлаған, басын тартса болмаған, кок айыл болып копірсе, айшылықты алты аттауға ойлаған, аяғынан жоңкілген, казандай таска жүн түскен, томаға козді Тарланы” болмаса батырдың анталаған жауды жеңуі де неғайбыл. Үрыстан кейінгі Тарлан түрпатын жыршы-акын былай деп өрнектейді:

Түла бойын караса Он жеті жерден жаралы...

Ол жараға болмайды.

Артынан кику таянса,

Ит аркасы козады...

Акын сөзден неше түрлі өрнек өріп батырдың серігі түлпар бейнесін шебер сомдаган.

Жыршы ҮГарлан бойына тек сәйгүліктік қасиет кана дарытып коймайды, оны есті жануар етіп те суреттейді. Оның бойындағы қасиеті— "артьшан бір нөрсе келе жатса, пыскыратын еді, егер де алкынып ащы терге шомып шабатын болса, жер тебетін еді”.

Бір уакыт болғанда,

Бүл Тарланы пыскырды.

Пыскырғанмен коймады,

Жөне жерді тебінді Хайуан бүйтіп не білді? —

деп атының сырына канык Ер Тарғын секем алып, Акжүніске: "Жан-жағыңа қарашы... төтеннен жау келіп, маза етіп жүрмесін”, — деп маңайына көз тастауын өтінді. Шынында да, ел қарасы көрінгенін Тарлан сезген екен. Демек, жыршы батырдың канаты — түлпарына осындай ерекше қасиет дарытқан. Оның жауын жеңуінің бір кілті де, міне, осында.

Жырда, біріншіден, малмен көсіп еткен көшпелі халықтың жылқы малына деген сүйіспеншілігін, екіншіден, жаугершілік заманда сәйгүлік түлпардың орны ерекше екенін жыршы-ақын келістіре бейнелеген.



Copyright MyCorp © 2024