Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Понедельник, 29.04.2024, 06:17
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Көңіл күйін білдіретін өлең-жырлар


Көңіл күйін білдіретін өлең-жырлар скачать реферат бесплатно


"Мұң-шер өлеңдерінін” аса көп таралу сыры сол аркылы жеке бастын, от басынын, ауыл-аймаңтын, рулы елдін кайғысы жырланады... Жалпы мағынасы, түракты образдар жүйесі, ортак кайғылы сарыны, ой-түйіні орайлас болғанымен, "мүн-шер жырларының” өр саласының, өр өленінің өзіндік ерекшелігі болады. Өйткені олар белгілі жағдайда, белгілі окиғаға байланысты шығарылады. (М. Әуезов. "Қазақ халқының эпосы".)

Адам өміріндегі эр түрлі қасіретке, адам өліміне байланысты көңілдегі мүң-шерді, қайғы-касіретті сыртка шығарған өлең-жырларды көңіл күйіне байланысты туған шығармалар дейміз. Олар қоштасу, естірту, жоктау болып үшке бөлінеді.

Қоштасу. Қоштасу өлеңінің негізінде белгілі бір кайғылы хал жатады.

Қазак халкы өзінің тарихында талай ауыр күндерді басынан кешірді. Жат жүрттык жаулармен соғыс кезінде кір жуып, кіндік кескен жерін тастап, коныс аударуға тура келді.

Тіпті тыныштық заманның өзінде де халықтың аяулы ақындары, шешендері, жыршылары елінің хан-сүлтан-дарымен келісе алмай, баска жакка кетуге мәжбүр болтан кездер бар. Сондайлардың кейбіреулері патша үкіметімен, бай, болыстармен үстасып, Сібірге жер аударылды. Күтпеген жерден сүйікті баласынан, сүйген жарынан айырылды. Міне, осындай жағдайларға байланысты қоштасу өлеңдері пайда болды.

Қоштасу өлеңдерінің такырыбы өр алуан болса да, мазмүны, түрі төркіндес келеді. Олардың кай-кайсысында

болса да көңіл күйі, еліне, жеріне, ғашык жарына, ата-анасына, туған-туысқанына деген кимастық сезімі білдіріледі.

Туған жердің тауы мен тасы, ағашы мен шөбі, өзені мен көлі де адамға ыстык көрінетіндігін сипаттайды. Мөселен, "Қозы Көрпеш — Баян сүлу” жырында ел арасына кең тараған коштасу үлгісі түрмыс-салт жырының бір нүсқасы болып табылады.

Балталы, Бағаналы ел аман бол,

Бакалы, балдырғанды көл аман бол.

Теруші ем еріккенде ермек етіп,

Екпе жиде, алма ағаш, гүл аман бол.

Бүл өлеңде кіндік кесіп, кір жуған жерін киып кетудің қиындығы, ягни елге, жерге деген қимастьщ сезім жыр болып отыр.

Сондай-ак бүл дүниеден өтіп бара жаткан адам өзінің өлерін білген сон, ағайын-туған, ел-жүртымен, өнерімен, өмірімен өлең-жыр аркылы коштасып, артта калып бара жатқандарға өсиет айту рәсімі болған. Осындай өлең түрлерін де коштасу немесе арыздасу дейді.

Халык әдебиетінде арыздасудың өлең өрнектерімен жасалған не бір әдемі түрлері бар. Мысалы: Әсеттің өлер шағында ел-жүртымен, өнерімен, өлең-жырымен коштасуы; Кемпірбай акынның өлер алдында өзінің өнші-акын інісі Өсетпен, өнерімен коштасуы; Төтті деген акынның Қоқан хандығында түткында жатып, өлер алдында ел-жүртымен коштасуы, т. б. ауыз әдебиетіне тән жырлар.

Қоштасу өлеңдерінде арманмен бірге, өнерге, елге, жерге, ағайын-туыска деген сүйіспеншілік, келешекке деген сенім, өсиет айтылады.

Естірту, көңіл айту. Қазактың ертедегі салт-дәстүрі бойьшша, жеке адамның, кейде бүкіл елдің басына түскен ауыр кайғыны, үлкен казаны жанашыр жакындарына өлеңмен, түспал сөзбен немесе күймен жайлап естіртетін болған. Естірту, көңіл айту түрінде өр түрлі шығармалар тудырған. Казаны естіртуші адам айтайын деген ойын жүмбактап, ишаратпен, түспалмен бастап, эр түрлі салыстырулар жасау аркылы өлімнің хак екенін, табиғаттың заңы екенін біртіндеп білдіріп, тыңдаушы-лардың көңілін аударарлыктай даярлык жүргізген.

Мәселен;
Ак сүнкар ұшты ұядан,

Қол жетпейтін киядан.

Қанаты бүтін сүңкар жок,

Түяғы бүтін тұлпар жок.

Тозбасты үста сокпайды,

Өлместі төңірі жаратпайды, —

деп немесе "Жетпесті қума, келмеске жылама” деп жұбату, басу айтады. Қайғыға ортақтастығын білдіреді.

Естірту өлең-жыр, күй немесе тақпақтап айтылатын кара сөз түрінде кездеседі. Естіртудің кара сөз түріндегі үлгісіне Жиренше шешенге Қарашаш сүлудың өлгенін Жәнібек ханның естіртуі немесе Шокан өлгенде әкесі Шыңғысқа Саққүлак шешеннің естіртуі, т. б. жатады.

Естірту күй түрінде де болуы мүмкін. Мысалы, Жошы ханның жалғыз үлы аңда жүріп, қүланның айғыры шайнап өлтіргенде, баласының елімін ханға естіртуге дүйім ел батпай аңырганда, 13-14 жасар күйші тазша бала хан алдына келіп, "Аксак күлан” күйін тартып естіртіпті дейтін аңыз бар. Күйдің сарынына зейін коя тыңдаған адам домбыра үнінен:

Аксак күлан, Жошы хан,

Валасы өлген осы хан, —

деген сарынды аңғарады.

Жоқтау. Жоктау —казак ауыз өдебиетінің көне түрі. Біреудің баласы, жанашыр жакыны, сүйген жары, ел камқоры болған батыры, биі, ханы кайтыс болғанда жоктау өлең айтатын болған. Жоқтау өлең бүкіл елдің, халыктың атынан да, жеке адамның өз атынан да айтылады. Жоқтауда өлген адамның елге, халкына, ағайын-туыска тірі күнінде жасаған жақсылығы, мінез-күлкы, ерлік, батырлык, мырзалык іс-әрекеті жырланады.

Жоқтауда эпостьщ және лирикальщ жырдьщ элементтері араласьш келеді. Жоктап отырған кейіпкердің өмірі мен іс-әрекетін баяндау эпостьщ үлгіде берілсе, сол аяулы адамньщ өліміне жоктаушының катысы, оның ішкі жан дүниесінің көрінісі лирикалык түрде болып келеді.

Халық үшін жаулармен талай айкасып қол бастаған, еліне қорған болған Қанжығалы Бөгенбай батыр өлгенде Үмбетей ақынның айтқанын түрмыс-салт жырларындағы жоқтаудың бір үлгісі деуге болады:

У а, Алатау дай Ақшадан Асып тудың, Бөгенбай,

Болмашыдай анадан Болат тудың, Бөгенбай.

Темір жұмсап, ок аткан Қорғасындай Бөгенбай.

Қалмакты куып кашырдың Кара Ертістен өткізіп,

Алтай таудан асырдың,

Калмаққа ойран салдырдың...




Copyright MyCorp © 2024