Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Понедельник, 29.04.2024, 04:04
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
АЙТЫС


АЙТЫС

|| Сөздің мөні айта білсе ашылар. (Мақал.)



Айтыс — халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.

Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерек-шеліктері, даму тарихы бар.

Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орьш алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.

Айтыс сондай-ак арабтың бәдәуилер тайпасында жөне түрік тілдес елдердің біркатарьшда, ал ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.

Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар: 1. Бәдік. 2. Жар-жар. 3. Жануарлар мен адамның айтысы. 4. Өлі мен тірінің айтысы. 5. Жүмбақ айтысы. 6. Салт айтысы — қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы. 7. Осы күнгі айтыстар.

Бүл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі жөне өзіндік мәні бар.

Бәдік айтысы. Айтыстың бүл түрі — айтыс жырлары-ның көне түрі. Ол адамның табиғаттың жүмбак сырына түсінбеген кезінде, шаманизм діни нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бөрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бөрінің өз төңірісі бар деп үққан. Соларға қүлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.

Сонау ерте-ерте заманда адам мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлаған. Сол дерттерден арылу жолын іздеген. "Үшкіру”, "шақыру” аркылы сол індеттерден күтылуға болады деп білген.

Малмен күн көріп, тіршілік еткен халыққа ең бір ауыр індет — айналшық (айналма) деген мал ауруы болған. Сол аурудан қүтылу амалы оның иесі — бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқүрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек. Жастар екі жақ боп "бәдік” айтатын болған.

Айт дегенде айтамын-ау бөдікті,

Кара макпал тоным бар барша өдіпті.

От оттамай, су ішпей жата берсе,

Бәдік емей немене бір көдікті,

Көш! Көш!

Халық елге пәлелі бәдікті сөзбен алдап-арбап, басқа қоныс-жайға ауыстырмақты, көшірмекті ойлайды. Оған жақсы жайлы қоныс ұсынады. Бәдікке үсынған қоныстарының бәрі сайлы, қызығарлық.

Адамның ой-санасы, білім-танымы есейе, жетіле келе бәдік айтысы діни нанымнан арылып, жаңа сипат алады, мазмүны жаңғыра бастайды. Ол енді жастардың өзіл-қалжың ойын айтысына айналады, онда өзіл-оспақ басым.

Ж і г і т:

Қаратауым дегенде, Қаратауым,

Тау басынан соғады кара дауыл.

Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,

Қаптай көшіп келеді біздін ауыл.

Қ ы з:

Бәдік кетіп калыгггы таудан асып,

Таудан аргы бүлтпенен араласып.

Енді екеуіміз бөдікті тауып альш,

Шын күмардан шыгалык сабаласып.

Мүнда діни нанымнан туған бәдік мазмүнынан еш нәрсе қалмаған. Өмірге қүмартқан жастар әзілі ғана бар.

Жануарлар мен адамның айтысы. Терт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық.

Иесі:

Шолак сиыр, көзіңді ояйын ба?

Биылғы жыл согымға сояйын ба?

Биылгы жыл согымға сойып алып,

Танабайға жаяңды кояйын ба?

Сиыр ы:

Шиыршыктап кыл аркан ескеніңде,

Ку шолакты соялык дескенінде,

Қу шолакты согымға сойып алып,

Бүржекейден көрермін көшкеніңді.


Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз әдебиетінде кездеседі. Бүл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады.

Жүмбақ айтысы. Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі — жүмбақ айтысы. Жүмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат қүбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. Алуан өмір қүбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, өсіресе жастардың ой-санасын кеңейту тілегінен туады. Сондықтан үсақ нәрселерден бастап жүмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ой-сананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жүмбақтардың өзі сияқты, жүмбақ айтысы да үйқасқа қүрылады. "Жүмбағым жүтылды, ыққа қарап қүтылды”. Бүл — бастапқы қысқа түрі. Ал кілең өлеңмен келетін үзақ түрлері соңырақ туған әрі адам санасының марқайған кездегі түрі.

Жүмбақ айтыста кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды. Бүл айтысқа түсу үшін өз жанынан өлең шығара білу жеткіліксіз. Сонымен қатар ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек. Жүмбак айтыста жүмбақ берушінің не нәрсені жүмбак етемін десе де еркі бар. Өмірдің өр қүбылысын алып, бейнелеу түрінде жүмбак ете береді. Оны шешу үшін айтушының не нәрсені жүмбак етіп отырғанын болжай білуі керек. Сондықтан жүмбақпен айтысушылар өте сирек кездеседі.

Жүмбакталатын нәрсенің көпшілігі шындық өмірден алынады. Ақындардың таланты, дүниетану шеңберінің көлеміне карай айтқан жүмбағының мағынасы кейде тайыз, кейде терең боп отырады. Кейбір жүмбақтардың шешуіне Караганда, жасыру-шының да, шешушінің де өр алуан қүбылыстарды көп білетіндігі таңғалдырады.

Жүмбақ айтысының ең жақсы үлгісінің бірі — Сапарғали мен Нүржан айтысы. Бүл айтыста екі ақын да білімділік, тапқырлық, өнерлілік танытқан. Сапарғали ауыл тіршілігінің калыпты шындық болмысымен қатар, қазақ жерінің Ресейге қосылуына байланысты ел өміріне енген жаңалықтарды жүмбағына аркау етеді.


Мысалы,:
Сапаргал и:

Бір күс бар канат жайса дөп-дөңгелек,

Адамнан еш уакытта жүрмес бөлек,

Үшырса, кондырса да еркі адамда Шыкпайды панаңыздан көленкелеп.

Н у р ж а н:

Мысалы жайса зонтик күс секілді,

Тетігі колда болған іс секілді,

Жауса пана, күн шыкса келеңкесі Достығы бейне сіз бен біз секілді.

Сапарғали жұмбақтап отырған затының жеке деталь-дарын жақсы білген де, сол деректер арқылы затты жүмбақтаған. Жүмбақты айтушы Сапарғали да, оның шешушісі Нүржан да білгірлік танытқан, өнерлілік көрсеткен.

Жүмбақтау Әсет пен Рысжан, Қожахмет пен Әубөкір айтысында да кездеседі.

Адамды дүниетануға, өмірді көбірек білуге дагдылан-дырып, оның ой-санасын өрістетіп, қиялын шарықтатуда баска айтыстан гөрі жүмбақ айтысының орны ерекше.

Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.

Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айкындайды.

Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не өдейі кездесіп, не кездейсоқ үшырасып айтысатыны да болады.

Қыз бен жігіттің айтысы — салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін алдымен ауыл арасындағы той-томалақтарда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады.

Сауық қүрған жастар қыздарды мактап, не жамандап, немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады. Мүндай айтыстардың мазмүны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де,


тартысатын мөселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұткырлықка, тапкырлыкка күрылады.

"Омаркүл мен Тәбияның” айтысын алсак, кыз бен жігіт айтысының әлгі айтылган тақырыптарының бірін қозғайды. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді.

О м а р қ у ж

...Ақылың болса, сөзді аңғар деймін,

Көңіліңе піспей калған нан бар деймін.

Сергелдең сенің үшін болдым талай,

Ауылыңа қона түнеп, жанжал деймін...

Айткан серт өз мойныңа бар, бар деймін.

Т ә б и я:

Мен жетсем, уөдеге сен жетпедін,

Қайғымды кай-кайдағы тербетпегін.

Айткан серт, алыскан кол сені тапсын,

Аузыңды байкап, сөйле, керкеткенім,

Арасын екі ауылдьщ болжал етіп,

Жеріме іздеп жүріп келмеп пе едім.

Мен келсем, жігіт түгіл сайтан да жоқ,

Соңыңнан іздеп жүріп өлмек пе едім...

Қыз бен жігіттің айтысы кейде күлкіге күрылады.

Қыскасы, жігіт пен кыздың шын мөніндегі айтыстары ру, ел мәселесіне бармай, жоғарыда айтылғандай, елдің түрмыс-салтының баска жактарын камтиды. Такырыбы мен, мазмүны жағынан салт айтысының ерекшелігі осында.

Қыз бен жігіт айтысы кейде өз шеңберінен шығып, ру айтысының дөрежесіне жетеді. Кейде екеуі аралас-күралас келіп те отырады. Сондыктан көп жағдайда бүл екі айтыстың арасына үзілді-кесілді шек кою да киын.

Ақындар айтысы, оның ерекшелігі. Қазактың айтыс өнері— ат жарысымен, балуандар күресімен пара-пар. Демек, акындар айтысы да жарыс. Бірак бүл — өнер жарысы, сөз сайысы. Ақындар айтысы — айтыс жанрының кейінгі даму кезеңінің жемісі. Акындар айтысының негізгі тартыстары ру мөселесінің айнала-сында болады. Дөстүрде эр акын өз руы атынан сөйлейді, екеуі де өз руларының басшыларын, каска мен жайсаңдарын мадақтап, дәріптейді. Сонымен катар екі ақын да карсы жактың сол мықтыларының жауыздык


қылықтарын, елге, халыққа жасап отырған зорлық-зомбылығын барынша әшкерелейді.

Сонымен қатар ақындар айтысында сүйеніш, тілге тиек болатыны — эр рудың батырлары, олардың ел үшін жасаған ерліктері. Эр рудың ақыны өз батырларын мақтан етіп, олардың ерлік істері бүкіл ел мүңы, жүрт пайдасы үшін қаншалықты жүмсалғанын айтып, қарсы жағына аспас бел етеді.

Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ақындар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сүрауларга тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін өмір қүбылыстарын жүмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мүның бөрі акындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, үсталықты талап етуімен катар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді кажет етеді. Олай болмаған күнде күр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз больш қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой өпермейді.

Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ өуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын түқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Өсет пен Ырысжан айтысында Ырысжан:

Дау айтып күні бүрын көрсетпелік,

Майданда озса жүйрікке есептелік.

Орта жүз түгел білген Ырысжанмын Үш кессе каукарым бар кесірткелік, —

деп, Әсетті ықтыра сөз тастайды, ал Өсет оған:

Айыр көмей, жез таңдай, каусырма жак,

Алты арыска білінген өкең менмін, —

деп, асқақ жауап қатады.

Ақындардың бірден асқақ кетуі тек бірін-бірі ығыстырып үркіту, түқырту ниетін көздемейді, олар сонымен қатар бір-бірінің аяқ алысына, сөз саптасына, өнерлілігіне барлау да жасау мақсатын көздеген. Сөз майданында тосын кездескен, бір-біріне танымал емес ақындардың мүндай барлау жасауы табиғи да.


Акындар айтысының тағы бір ерекшелігі — айтыска үлкен де, кіші де, еркек те, өйел де қатынаса береді. Тек талант-дарыны болса, бәйгеге түсер шамасы болса — болғаны. Майталман акынның жарыста таныла бастаған балаң акынмен, үлғайған акынның жас кыз-келіншекпен айтысуы, сөзбен сілкілесуі шам емес.

Сондай-ақ сөзге сөз табу, орынды жерінде үтымды сөз айту сиякты өзінің жеңілгендігін білу де жоғары бағаланады. Жеңілгеніне карамай күр боска төпей беруді көтнілік дарындылық, акындық деп танымайды. Мүндай кылыкты казак "сиыршылау” деп атайды.Шынайы акын өзінің үтылғанын білсе, бірден жеңілгенін мойындап, өрі карай сөз таластырмайды.


Ауыз әдебиетінің баска жанрларына қарағанда, айтыстың бір ерекшелігі — оған көптеген өйел ақындар қатынасқан. Қазак ақындар айтысында талантымен танылып, бүкіл елге аты жайылған әйгілі ақындар аз емес. Сара мен Ырысжан, Ақбала мен Күнбала, Тоғжан мен Табия сияқты ақындар — топтан озған жүйріктер. Осындай аяулы өнер иелерін халық қатты ардақтаған.

Ақындар айтысының ендігі бір ерекшелігі — онда "Халык театрының анык, дәл үрығы бар” (М. Әуезов), айтыс әсерлі болуы үшін ақындар домбыраның не сырнайдың, қобыздың сүйемелдеуімен өнмен айтады. Театр актерлеріндей олар сан алуан қүбылыс жасайды.

Тарихта аты мәлім казак ақындарының көпшілігі осы айтыс өлеңдерінде төрбиеленіп өсті. Айтыс — ақындық тәрбие мектебі. Сөз сайысы үстінде оның акындық өнері шыңдала береді. Ақындар шаршы топ алдында сарапқа, сынға түскендіктен, сөзінің мазмүны мен көркемдік жақтарына зер салады. Айтыс жырларындағы үздік образ, шешен сөздер осы айтыс үстінде туған.







Copyright MyCorp © 2024