Скачать рефераты бесплатно қазақша,әдебиеттен,халық ауыз әдебиеті,ежелгі дәуір әдебиеті,XV-XVI.XVII.XVIII.XIX.XX ғасырлардағы басындағы ортасындағы аяғындағы қазақ әдебеті * - Шалкиіз жырау (1465—1560)

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 726

Форма входа

Поиск





Вторник, 06.12.2016, 05:47
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Шалкиіз жырау (1465—1560)


Шалкиіз жырау (1465—1560)
Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орны ерекше. Әйгілі акын өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалык сөз калдырған. Шалкиіз талай жорык-тарға катынаскан. Оның жырларынан ерлік сарыны  айқын сезіледі. Ол "дулығамның төбесі туған айдай болмаса, батыршылык сүрмен-ді”, "дулығалы бас кескен, ерлердің алдаспаннан игі колы болар ма!” деп, батырлыкты жоғары бағалаған. Елін жауынан, дүшпа-нынан тек "жалаңаш барып жауға тиер” ер ғана корғай алады деген түйін жасайды. "Батыр жігіт кол бастар” деп, ерлікті, батырлыкты жырына ту еткен.

Жырау жырларында адамгершілік жайында толға-ныстар мол. Ол адамды жаксылыкка сүйсіндіріп, жаман-дықтан бездірген. Акын жақсы деген не, жаман деген не, ізгілік, парасаттылык неде, адамгершілік касиет адамның кандай өрекет, кылык-мінезінен көрінеді — міне, осы такырыпта жыр толғаған, үрпағына өсиет калдырған. Акын жырындағы сол такырьштарға байланысты жолдар парасаттылык ой тереңдігімен ерекшеленеді. Онда акын жастарды адал достыкка, калткысыз жолдастыкка үндеген. Осы бір пікірлер — оның жырының өзегі.

Акын өз ойын жаксы мен жаманды, жарык пен күңгіртті салыстыра өрнектейді.

Бір жаксымен дос болсан,

Азбас-тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсан,

Күндердін күні болғанда Бар ғаламга күлкі етер, —

десе, енді бірде:

Ағайынньщ ішінде Бір жаксысы бар болса,

Қаукалаған көп жаман,

Сол жаксыны көре алмас, —

деп, сол ойын өрі карай тереңдете жалғастырады. Акын бүл жерде салыстыру өдісін колданған.

Шалкиіз жырының басты такырыптарының бірі — ел бірлігі, ынтымағы. Өйткені "бірлік болмай, тірлік бол-майды” деп халык даналығы айткандай, жырау да ел бүтіндігі бірлікке байланысты екенін терең ұккан. Сондыктан да ол "малыңды бер де, басың кос, басыңды кос та, бек сыйлас”, "малыңды бер де, басың кос, бір күні болар керегі”, "есендікте малыңды бер де, батыр жи, басыңа кыстау іс түссе, дұшпанның колы жете алмас” деген тілек айтады. Акын жамандыктың бір белгісі опасыздык деп біледі, опасызға сыр айтуға болмайды, дүшпаныңа үстап береді, тұрактылық жоқ,

ел алдында ол жақсының "дәйім бетін кара етер, кор етер” деп түйеді. Демек, акын пиғылы жаман жаннан без, аулак бол деген ғибрат айтады. Жырау ел билейтін басшының кауым, әлеумет өміріндегі орнын да дүрыс бағалай білген.

Алтау болар, бес болар, ііпінде абаданы бір болар.

Абаданынан айырылса,

Олардын өр біреуі Өрбір итке жем болар...

Ал сол ел билейтін адам кандай болу керек дегенге, жырау "ғаділ торе ел бастар” деп ел тағдыры, болашағы өділ басшыға байланысты деп даналык ой түйген. Өмір диалектикасын терең пайымдаған жырау "Қогалы көлдер, құм сулар” толғауында дүние үнемі өзгерісте болатынын, өмірдің бір калыпты түрмайтындығын айтып, "мынау жалған дүние кімдерден кейін калмаған” деп, болашак үрпакка өмірден аларыңды алып, береріңді беріп кал деген ой айтады.



Copyright MyCorp © 2016