Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Четверг, 25.04.2024, 20:29
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Ақтамберді жырау (1675—1768)


Ақтамберді жырау (1675—1768)
 Актамберді жырау басынан талай қилы-килы кезеңдерді кешіреді. Қолына желекті найза үстап, жаумен шайкастарға катынасады, ерлік көрсетеді. Сол шайкастардың бірінде жау колында калып, өлім аузынан қайтады. Ойраттармен арадағы соғыста өзінің аскан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазак жерін жаудан аман алып калуда ерен кызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сөттерді жыр-толғауларында өрнектеген.

Жапанға біткен терекпін,

Еңсемнен жел сокса да теңселмен,

Қарағайға карсы біткен бұтакпын,

Балталасан да айырылман,

Сыртым — күрыш, жүзім — болат,

Таска .да салсаң, майырылман! —

деген жолдардан оның ерлік, батырлық қасиетін өрі кайсар мінезін капысыз танимыз. Акын өзінің бар өмірін еліне, халқына, оның елдігін, бүтіндігін сақтап калу жолына арнаған. Жыраудьщ "ел-жүртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап” деген жолдарынан мұны


айқын аңғарамыз. Ақтамберді өз толғауларында ерлікті, батырлықты жырлаған. Өйткені ол елдің ерлігін сақтар, оны сыртқы жаудан қорғар — батыр үлы. Ақынның өйгілі Бөгенбай батырға жыр арнауы да осыған байланысты. Ол жігіттің жігіттігі де қанды шайқаста сыналады деп біледі.

Ел шетіне жау келсе,

Алдына, сірө, дау келсе.

Батырсынған жігіттің,

Күшін сонда сынаса! —

деп, жігіттің сыналар шағы осындай қиын-қыстау кезінде деген түжырым жасайды.

Көншелі казак тірпшгігінде жылкының алар орны бөлек. Ол — сауса, сусын, сойса, азьщ. Жорықта — ер канаты, серігі. Ақтамберді жырында жылқы малыньщ осы қасиет-қадірі ерекше жырланған. Ол "биенің сүгі — сары бал, кымыздан асқан ас бар ма, жылқыдан асқан мал бар ма, кермеде түлпар бусанса” деп, жылқы малын аса дәріптейді. Ақтамберді сол жылқының сипатьш "От басар орны отаудай” өлеңінде тамаша өрнектеген. Сондай "табаны жалпак тарланды”, ер канаты, серігі — түлпарды армандаған.

Ақтамберді жыраудьщ толғауларынан еліне, халқына сүйіспеншілігі айкын сезіледі. Ол:

Кеуде бір жерді жол кылсам,

Шөлең бір жерді көл кылсам,

Күрап жанды көп жиып,

Өз алдына ел кылсам! —

деп, халкының басын қүрап ел етуді армандаған. Жырау "Күмбір-күмбір кісінетіп” деген толғауында:

Өділ туған жаксыға Екі даугер жүгінер,

Тізесін кисык бүрмаса,

Өділдігі білінер, —

деп, ер азамат бойынан кара қылды как жарған, теріске бүрмас өділдікті, жоғары адамгершілікті көргісі келген.

Жырау халық тағдырын терең ойлаған. Ол елдің ел болып, жүрт болуын ел басқарған өкімдердің өділдігімен байланыстырған. "Халкы тозып кем болмас, өділ болса үлығы” деген жолдарда сол ойын нақтылай айтқан. Ақын "Балаларыма өсиет” өлеңінде кейінгі үрпакка


бірлікте, татулықта, ынтымакта болуды уағыздаған. Ақтамберді жыраудың "ел аман болсын лайым” деген жолдарынан да оның еліне сүйіспеншілік сезімі капысыз танылады.




Copyright MyCorp © 2024