Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Суббота, 20.04.2024, 10:06
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Үмбетей жырау (1706—1778)


Үмбетей жырау (1706—1778)
 Үмбетей жырау — дидактикалық поэзияның өйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жолдағы алғашкы үстазы — өз әкесі. Ол халыктың ауыз әдебиетін, ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанык адам болған. Сонан соң халык шежірелерінен, шешендік сөздерінен, халык дастандарынан көп тағылым алған.

Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына аркау еткен. "Бөгенбай өліміне”, "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту” атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дөріптеген. "Қашпаған кандай үрыстан” кайратты ерлерді үрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны аскар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Болмашыдай анадан болат тудың, Бөгенбай” деп кастерлейді. Атамекенін жаудан корғап калган, халкымыздың үлан-байтак жерін— Баянауыл, Қызыл тау, Абыралы, Шыңгыстау — бүкіл Сарыарка атырауын қалмактардан аман алып калган Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей:

Калмакты қуып қашырдың,

Қара Ертістен өткізіп.

Алтай тауға асырдын!

Ақшөуілге кос тігіп,

Ауыр кол жидырып алдырдын,

Қалмакка ойран салдырдың,—

деп, халқына Бөгенбайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді. Жырау тек Бөгенбайды ғана емес, Абылай түсындағы колбасы батырлардың — Қаракерей Қабан-байдың, Қаз дауысты Қазыбектің, батыр Жөнібектің, Сары, Баян мен Сағымбайдың ерліктерін де өлең жолдарына коскан.

Үмбетей жырау "Бөкеге”, "Жаукашарға” өлеңдерінде жаман кылықтан сактандырған, жаксы кылыкка — адамгершілікке, адалдыкка үндеген.



Copyright MyCorp © 2024