Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Суббота, 20.04.2024, 05:58
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
ХVIII ғасырдағы тарихи жағдай, БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (1668—1781)


ХVIII ғасырдағы тарихи жағдай, БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (1668—1781)

Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көпмағына сыйғызған нактылығымен, сұлу сазды көркемдігімен, асау серпімді куатымен ерекшеленеді. (М. Мағауин.)




XVIII ғасырдағы тарихи жағдай. XVIII ғасырдағы — казак халкының тарихындағы өте бір ауыр кезең. Жоңғар калмақтары казак жерін басып алу мақсатымен талай рет шабуыл жасаған. Сол шабуылдарының ең күштісі, ең үлкені 1723 жылы болды. Бүл жорықтың салдарынан сол жылы казак халқы жойқын кырғынға, кисапсыз күйзелушілікке үшырады. Қара қүрттай қаптаған калмактың қалың қолының түткиылдан жасаған мейлінше катал, жойкын шабуылына төтеп бере алмай, соғыста қатты жеңіліс тапкан қазақ рулары үй-жайын, мекенін тастап, босып кетуге мөжбүр болды.Ол кезең "Актабан шүбырынды, Алкакөл сүлама” деп аталады.

Алғаш рет калмактарды кирата жеңіп, тойтара соккы берген — Қанжығалы Бөгенбай батырдың колы. "Қалмак колы жеңілмейді-мыс” деген жалған лакаптың осыдан кейін күлі көкке үшады. 1726 жылы Бүланты өзенінің бойында болған шайкаста калмактар катты жеңіліп, кырғынға үшырайды. Одан кейінгі үлкен бір айкас 1729 жылы Балкаш көлінің оңтүстігінде болады. Бүл жолы да казак колы жеңеді.

1741 жылы калмактар кайта шабуыл жасап, қазақ-тарды тағы да көп кырғынға үшыратып, көптеген адамдарын түткынға алады.

Қазактар Ресей патшалыгының көмегімен 1743 жылы түткындарын босатып, өр түрлі дипломатиялык карым-катынастар жасау арқылы 1755 жылға жетеді. Сол жылы Жоңғар қалмақтарына Қытай шабуыл жасайды. Осыны пайдаланып, қазақтар ақырғы рет қалмаққа тойтара соккы беріп, 1723—1741 жылдар арасында айырылған жерлерін түгелдей кайтарып алады. Сөйтіп, калмактарды Алтайдың шекарасына дейін айдап салады.

Осындай киын-қыстау заманда туып, авторының атын сактаған өлең-жырлардың бір алуаны Бүкар жыраудың есімімен байланысты. Бұқар жырау — XVIII ғасырдағы казак әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі.

Өмірі және жыраулық өнері. Бұкардың өз әкесі — Қалкаман батыр. Бұкар жырау Баянауылда туып, Далба тауында дүние салған (казіргі Караганды облысы, Бүкар жырау ауданы). Оның үрпактары да осы маңда өмір сүріп жатыр.

Бұқар — XVIII гасырдың екінші жартысында хандык күрган Абылайдың түстасы, Абылайдан жасы үлкен. Ол Абылайга: "Абылайшам”, "Абылайша” деп сөйлейді екен. Бүкар өзінің "Ей, Абылай, Абылай!” деген өлеңінде:

Ей, Абылай, Абылай!

Сені мен көргенде,

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едін.

Әбілмөмбет төренін Қызметінде тұр едін, —

дейді.

Осы өлеңінде ол Абылайды он бір жасынан бастап, өьщйнің соңына дейін білетін адам болып сөйлейді.

Бұкар — халқының, елінің тагдырына кабыргасы ка'йысып, парасатты ой түйген жырау, казактың үлы ханы Абылайдың акыл-кеңесшісі, ақылгөйі, поэзияның ірі өкілі. Бұқар — аласапыран заманның тіршілік-болмысын, ел басына төнген кауіп-қатерді, екі талай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп, халкының тагдырына ортактаскан жырау.

Еліміз өз алдына жеке шаңырак көтеріп, төуелсіздік алганнан кейін философ акын Бүкардың есімі де халык сүйіспеншілігіне, ыкыласына бөленді. Караганды каласының ең бір үлкен көшесіне, бір ауданына Бүкар жырау есімі берілді. Жыраудың дүние салған жеріне оның үрпактары зөулім күмбез түрғызган.

XVIII ғасырдағы бізге мөлім ақындардың ішінде өлеуметтік мәселелерді көбінесе басымырак жыр еткен акын — Бүқар. Ол өз кезіндегі эр алуан коғамдық мәні зор мөселелерге үн қосып, өзінің көзқарасын білдіріп отырган.

Бұкар жыраудың өз сөздеріне жөне ел аузындағы өңгімелерге Караганда, ол хат білген адам болса керек.

Бірак оның "Керей, қайда барасың?”, "Айналасын жер түткан”, "Бірінші тілек тілеңіз”, "Жал-кұйрьны қаба деп”, "Аскар таудың өлгені”, "Ей, Абылай, Абылай!”, "Сен он бір жасында”, "Қалданменен үрысьш”, "Кәрілік”, т. б. өлеңдерінің бәрі де бізге жазба түрде емес, ауызша жеткен.

Жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген — белгілі ғүлама, фольклорист әрі ділмар акын Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Ол Бүкардың шығармашылық өнерін аса жоғары бағалаған.

Жырау — жыршы емес. Өйткені жыршының бәрі бірдей акын бола бермейді. Өз жанынан еш нөрсе шығармай-ак, біреудің шығарғанын жаттап алып та оның жыршы атануы мүмкін.

Жырау —әрі ақын, әрі шешен. Ең алдымен, ырғағы бар, үйкасы бір белгілі өлшемге жататын өлеңді жырау-лардың өздері шығаратын болуы шарт. Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сүлу шешен сөздер, нақыл сөздер болып келуі керек. Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі боларлыктай терең ойлы пікір айтуы кажет. Сонда ғана ол шын мәнісіндегі жырау атағына ие болады.

Жалпы жыраулардың өлең қүрылысы тәрізді Бүкар өлеңдері де ылғи толғаулардан түрады. Толғау — заманындағы әлеуметтік ірі мөселелерді камти алатын үгіт, дидактикалык өлеңдер. Жыраулар қоғамдык мөні бар үлкен-үлкен тақырыпты алады да, аз сөзге көп мағына сыйғызып, өмір күбылыстарын кеңінен шолады, онда жаңсак ой болмайды. Толғауда ой желісі үзілмейді, пікірі түтас, бір казыктың айналасына түйіледі. Ой жүйесінде шашырандылык жок, кесек. Дауын да, шешуін де өзі айтады.

Бүкар жырлары әлеуметтік мәселелерге арналған әрі олар белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты туған. Оның толғаулары ой тереңдігімен, білгірлік-парасат-тылығымен, аз сөзбен көп мағына бере алуымен ерек-шеленеді. Бүкардың акындығы философиялық толғау-ларында айрыкша байкалады.

Көргені көп, тоқығаны, түйгені мол жырау өмір күбылыстарына іштей бойлап, замана жайын тереңдей зерттеп, кейінгіге өнеге боларлык толғаулар калдырған. Үлгі-өрнекке голы жырау нақылдары күні бүгінге дейін ел аузында.


Бұкар поэзиясы — казак өдебиеті тарихында дидакти-калык поэзияньщ жаксы үлгісі. Ол казак әдебиетінің өзінен кейінгі дамуына үлкен шарапатын тигізген.

Өмір жайлы толғаулары. Бұкар жыраудың өлеңдері ғибрат, үлгі-өнегеге толы. Замана жайлы, өмір жайлы көп толғанған жырау байсалды терең пікірлер калдырған. Ол өлеңінде табиғат күбылыстарына терең көз жібере отырып, солардың бәрінің де өліп, өшіп, өзгеріп отыратынын нанымды дөлелдейді де, "Өлмегенде не өлмейді?” — деп сүрау койып, оған: "Жаксының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді”,— деп жауап беріп, бүкіл ой-білімін, талант-дарыньш, өмірін адамзаттың асыл арманы үшін сарп еткен адамдардың есімі де, олардың артына калдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін жасайды.

Жыраудың адам өмірінің кезең-кезеңдері туралы толғауларында да ғибрат мол. Акын осы такырыпқа бірнеше өлең арнаған. Оның "Жиырма деген жасыңыз”, "Ей, Абылай, Абылай!”, "Сен он бір жасыңда”, "Атам болған жиырма бес” деген өлеңдерінде адам өмірінің эр кезеңі суреттелген. Ол өсіресе жастык шакты сүйсіне жырлайды:

Жиырма деген жасыңыз,

Агып жаткан бұлактай.

Отыз деген жасыңыз,

Жарға ойнаған лактай.

Кырык деген жасыңыз,

Ерттеулі түрған кұр аттай... —

деп, адамның кайрат-куатының да, дүниеге берерінің де, дүниеден аларының да, жасарының да, жаратарының да, кызыктарының да осы — "асуды талкан бүздырған” жастык шак екенін тамаша айтып берген. Жырау онан өрі бүған карама-карсы көріліктің мүңды, дөрменсіз шактарын бейнелейді.

Токсан бес деген тор екен,

Дүйім жанның қоры екен,

Қаргиын десен екі жағы ор екен.

Найза бойы жар екен.

Түсіп кетсең түбіне,

Түбі жок терең көл екен,

Ел конбайтын шел екен, —



деп, бір кезде қамал бүзатын, жігер-қайраты мол адамның картайғанда корлықпен күн кешіп, каукарсыз дөрменсіз болып калатынын көркем бейнелейді.

Жастык пен кәрілікті осылай карама-карсы койып суреттеу арқылы жырау жастықтың артыкшылығын үтымды көрсете алған. Жастарға: "Уакытыңды күр бос өткізбе”, ол кейін "іздесең де табылмас” деп өсиет тастайды.

Ел бірлігі — Бұқар толғауларының басты тақырыбы.





Бұқар заманындағы казак елінің ел болып калуы үшін ең кажетті болған әлеуметтік үлкен мөселенің бірі — Қытай мен Жоңғар калмақтарына карсы күресті үйымдастыру, жау шапкыншылығына карсы ел бірлігін берік үстау, елді сол кездегі казақтың өз ішінен шықкан беделді, хан, батырлардың айналасына жинастыру болса, бүл тілекті Бұкар жаксы түсіне білген. Жоңғарлардың казак елін жаулап алмак болуы бүкіл казак халкының намысына тиді. Жоңғарларға карсы күрес туьшьщ астына халыктың тегіс жиналуға өзір екендігі, елдің арман-мақсаты Бұкар жыраудың сөздерінен айкын байкалады. Ол өз өлеңдерінде казак халкының калмак пен кытайдан төуелсіз болуын, ел бірлігін жыр етті.

Демек, Бұкар ел тағдырын, ел бүтіндігін, бейбіт өмірін, төуелсіздігін өз жырына аркау еткен. Сол елдікті, бірлікті сактау ниетін жырау:

Бірі етек, бірі жен болтан,

Ежелден саган ел болған,

Орта жүзден кісін жок.

Найзасынын үшы алтын,

Кіші жүзден кісің жок, —

деген пікірді баска шығармаларында да онан өрі тереңдеткен. Хальщ бірлігі, тыныштығы түрғысынан ол еліне:

Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынаһ түнілсін,

Бөріңіз де бір енеден туғандай болыңыз, —

деп, өсиет айткан. Мұнан өрі жырау "ағайынның аразы, елдің сөнін кетірер”, "бүл жалғанда бір жаман — ағайынның аласы” деп толғайды. Ол "бірауызды бол-маған, кас түрпатты қылыкты” сынайды, бірауызды-


лықты жақтайды. Сонда ғана ел жатка тізгін бермейді деп біледі.

"Бірінші тілек тілеңіз”. Бүқар әсіресе өзінің "Бірінші тілек тілеңіз” деген өлеңінде бүл ойын онан да айқын көрсетеді.

Бірінші тілек тілеңіз,

Пиғылы жаман залымның,

Тіліне еріп азбаска.

Екінші тілек тілеңіз,

Ардактаған аяулың,

Әзіңнен баска бір жанға,

Тегін олжа болмаска.

Үшінші тілек тілеңіз,

Желкілдеген ту келіп,

Жер кайыскан кол келіп,

Сонан да сасып тұрмаска.

Төртінші тілек тілеңіз,

Омырткасы үзіліп,

Аязды күнде айналган,

Тар күрсағын кеңіткен,

Тас емшегін жібіткен,

Анаң бір аңырап калмаска... —

деп, ақын елін бірлікке, ынтымаққа үндеген "жердің түлданып түрмауы”, "ардактаған аяулыңның... ертең тегіннен-тегін олжа болмауы”, "тоқсандағы карт бабаңның топка жаяу бармауы”, "тар күрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен анаң бір аңырап қалмауы”, "ардақ-тап жүрген бикештің жылай да жесір қалмауы” — осының бәрі ел бірлігіне байланысты деген қорытынды жасайды. Акын орнын тауьш колдана білген өрнектердің ой-сезімге өсері мол.

"Керей, қайда барасың?”. Бұл өлеңінде де ол негі-зінен ел бірлігін сақтау мөселесін сөз етеді. Ол Керейлерге:

Мен — Арғын деген арыспын,

Азуы кере карыспын,

Сен — бүзау терісі шөншіксің,

Мен — өгіз терісі талыспын... —

деп, өзін арысқа, өгіз терісі талысқа балап, бейнелі өрнек жасаған. Бұл балау — өз заманының көркем ой жемісі. Акын Керейді бүзау терісінен жа салған шөншікке (жарғақ қалта) теңейді. Бүзау терісінен жасалған шөншік көпке төзбейді, омырылғыш келеді, ал өгіз терісінен


жасалған талые (талые— шеберлік аспаптарын салатын сірі, көн ыдыс) қалың да төзімді. Бұкар өзін әлдімін деп айтудың орнына "мен — өгіз терісі талыспын” деп, көркем бейне жасап, өз руының — Арғынның күштілігін білдірген. Сөйтіп, елден каша көшкен Керейлерді кері кайтарып, Абылай алдында бітістіріп, ел бүтіндігін сактап қалуды ойлайды. Бұкар Абылайды бел түта, әлсіз руга өктемдік көрсете сөйлегенмен, жырдың түпкі мақсаты ел тәуелсіздігін сақтау ниетінен туған. Өйткені калмактар казак елін жаулап алмак боп, ел тагдыры таразыда тұрған кезде, Бұкар казак халкын баекыншы жоңғар-ларға карсы күреске шакырады. Өз ішіндегі ру тартысының салдарынан Керейдің бөліне көшуі — жалпы ел қорғау тілегіне кайшы келетін, калмакка карсы күшті өлсірететін жайт. Міне, осы жағынан Караганда, сол дөуірдің тілегіне сай жыраудың "Керей, кайда барасың?” деген өлеңінде елді бірлікке шакыруының мөні зор.

"Ей, Абылай, Абылай!”. Бұкар шығармаларының бір алуанының такырыбы Абылай есіміне байланысты. Абылайды жырлауда да сыртқы жауға қарсы күрес, ел ынтымағы, ел бірлігі Бұкар өлеңдерінің негізгі өзегі болып отырады. "Ей, Абылай, Абылай!” деген өлеңінің бір жерінде жырау:

Кырык беске келгенде,

Жаксы мен жаман демедің.

Елу жаска келгенде,

Үш жүздің баласының

Атының басын бір кезенге тіредің, —

дейді.

Енді бірде "Үш жүздің басын қүрадың”, — деп, Абылайды Жоңғар қалмақтарына карсы күресте елге басшылык еттің, оның азаттык жолындағы күресінің үйымдастьфушысы, колбасшысы болдың деп мадактайды.

Жоңғар калмактарының Абылай түсындагы күшті ханы — Қалдан Серен. Бұл — тарихта аты мәлім, әдебиет-тен көп орын алған адам. "Қалмақта хан өтіпті Қалдан Серен” деп келетін өлең соның атымен байланысты. 1723 жылғы казак елін кара түнек "Актабан шүбырын-ды, Алкакөл сүламага” үшыратушы да сол Қалдан. Бұкар жыраудың айтуынша, Абылай бастаған казактар сол Қалданды бірде ойсырата жеңеді. Сол жеңісті дөріптеп


шығарған өлеңінде жырау қазактың баска батырларының да ерлігіне айрықша токталады.

Қалданменен ұрысып,

Жеті күндей сүрісіп,

Сондағы жолдас адамдар —

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Шакшақұлы Жөнібек...

Абылай салды жарлыкты,

Қалдан ханды кашырып,

Шеп салған жерін бүздырып Үрысты катты кыздырып, —

деп суреттейді.

Ғасырлар бойы қазақ еліне шабуыл жасап келген қалмақтың сол кездегі ең күшті ханын казақтың жеңгендігіне карт жырау катты куанады, ел үшін ерлік көрсеткен батырларды үрпакка үлгі ете тереңнен толғап, шабыттана жырлайды.

Абылайды Абылай еткен, оған бак-абырой өперген, бір жағынан, "карашаның елдігі болса”, екіншіден "бар күшін казақтың абыройы мен ары үшін сарп етіп”, ел камын ойлаған қаһарлы батырлары еді деген өділ пікір айткан.

Абылай туралы өлеңдерінде Бүқар оның жақсылық жақтарын көріп қана қоймайды, кемшіліктерін де айтады. Ол "Ей, Абылай, Абылай!” деп, азуы алты қарыс ханға өктем сөйлейді. Айтарын бүкпейді, батыл айтады. Өйткені жырауға ел бірлігі, ел тағдыры кымбат. Өмірді кеңінен шолған, өз дөуірінің ойлы ақыны Бүкар жырау ханның ісі халык тілегіне кайшы келіп, елдің батырлары мен ханның арасы алшақтап бара жатса, Абылайдың қателіктерін ашық көрсетіп, ел бірлігі үшін олардың арасына дөнекер болып, ханға дүрыс бағыт сілтейді.

Көп мөселелерді Бүқар терең түсінген. Қазақ елі айнала камауда түрғанын, түбі өзінің төуелсіздігін корғап калу мүмкіндігі екіталай екенін сезе бастаған жырау, кіммен одак, кімді сүйеніш ету керек дегенде, орыс елін мақүл көреді.

Бұл туралы мынадай бір дерек бар. Бір жылы Абылай орыс патшалығына соғыс ашпак болады. Қабанбай, Бөгенбай, Бүқар жырау ханның онысын дүрыс көрмейді.


Абылай кол жиып аттанбакшы болғанда, жырау Абылайдың эр алуан өмірін айта келіп: "Абылай, сен камалды бүзып как жарған Қанжығалы Бөгенбайдан аскан батыр ма едің? Қабанбайдан бүрын жауға найза сілтеп пе едің?” деп, бір жағынан, ханның жауды жеңуі халык батырларының аркасында екендігін, олармен ханның әрдайым санасуы керектігін айтса, екіншіден, орыспен соғысуды жалпы теріс деп табады. Тереңнен ойлайтын жырау астамшы ханға "орыспенен соғыспа” деп өктем үн катады.

Ойшыл жырау орыспен соғысу — еліне жаулык жасаумен бірдей деп білген. Қайта ол еліне жан-жактан анталаған шүршіт, жоңғар калмактарынан гөрі іргелі, күшті, өнерлі орыс елімен ынтымакта болуды үсынған. Сонсын жырау:

Шүршіт келем деген сөз бар-ды...

Егер шүршіт келмесін,

Егер шүршіт қаптаса,

Алып бір кетер актарып,

Көмулі көрден дененді, —

деп шүршіт баскыншыларының ракымсыз жауыздьщ-тарынан Абылайды сақтандырған. Ойлы жырау сондыктан да елін Ресеймен татулыкка, ынтымакка шакырады. Елінің тағдырына терең көз жіберген жырау өз толғауында осындай көрегендік байлам жасаған. Оның жырларындағы күнды прогресшіл идея да осындай пікірлермен байланысты. Абылай өз кезінде кытаймен де, калмакпен де, патша өкіметімен де эр түрлі дипломатиялық қарым-катынаста болған. Мұнда Бұкар жыраудың үлесі бары сөзсіз. Жырау көршілес елдермен ынтымакта, татульщта болуды калады.

Ол ханға "жаулык жолын сүймеңіз” деп, тыныштык, бейбітшілік жолын үсынады. Соғыспауға үндейді, "соғыссаң кетер сөніңіз” деп үрыстың, жанжалдың, ерегістің неге апарып үрындырарын айтады. Жырау ханға, бір жағынан, акыл-өсиет айта сөйлесе, екінші жағынан, "бүл қылықты коймасаң... көрерсің сонан теперіш” деп корқыта сөйлеп, тоқтау айтады.

Бұкардың тарихи мөні елді азаттык жолындағы күреске шакыруында, халықтың күшін дүрыс бағалай білуінде, ел бірлігін сактауға, өз елінің тыныштығы,


бақыты үшін көрші халықтармен тату болуға үндеуінде. Күш ханда емес, халыкта екенін білуінде.

Сөйтіп, Бүкар Абылайдың үнамды жағьш да, саясатын-дағы кемістік жактарын да көрсете келіп, оны өзінше образ етіп шығаруға тырысады. Екіншіден, Абылай образын жасаудың айналасында халык батырларының ел үшін істеген істерін дөріптеп, басқаға үлгі етеді. Ел басқарушылардың халыкпен карым-қатынасы, байланысы кандай болу керектігі туралы қүнды пікірлер үсынады.

Бүкар жыраудың көп өлеңдерінің Абылайға арналуы-ның негізгі себебі — казак елін сол замандағы беделді Абылай ханның айналасына топтастыру еді. Абылайға айткан бір мактау сөзінде жырау:

...Үш жүздін басын күрадың,

Жетім менен жесірге Ешбір жаман кылмадың,

Өділетпен жүрдіңіз,

Өдепті іске кірдіңіз,

Арманын бар ма, хан нем,

Мөртебелі төбеге Жауынды алып жайладың.

Жеті күн кіріп ұрысқа,

Өлімге басын байладьщ, —

дейді.

Жыраудың бүл жерде де айтайын деген негізгі ойы — казак елінің бірлігі. Сол ел бірлігін үйымдастырудағы, әрі бірлікті үстай білудегі Абылайдьщ рөлін көрсету, үш жүздің басын қосып, күшін біріктіріп, сырткы жаулармен күресті баскара білгендігін дәріптеп, осы жағынан оны баскаларға үлгі ету.

Бұқар шығармаларының маңызы, көркемдік ерекшеліктері. Бұкар поэзиясы — өзі өмір сүрген тарихи кезеңнің жемісі. Бүқар жырының аркауы —ел тагдыры, ел жайы, халык тілегі. Жырау өз толғауларында заманының көкейкесті мөселелерін көтерген. Оның поэзиясында Отанын сүю, халыкты бірлікке үндеу, ел қорғаны батырларды ардактау, оларды халкына үлгі ету, көршілес орыс халкымен татулыкка шақыру, елдің бейбітшілігін, тыныштығын сактау сияқты әлеуметтік аса маңызды мәселелер сөз болады. Оның замана, өмір жайындағы толғауларында да танымдык, тәрбиелік жайттар мол.

Бүкар — терең ойлы акын. Ол сөз өнерін аса жоғары бағалаған.

"Сөз өнері — дертпен тең” екенін барынша сезінген. Екінші бір өлеңінде, "алыстан жанжал сөз келсе, аяулы сөйлер жүгініп, үлгісіз сөз болмайды, мактаусыз бөз болмайды” деп те толғайды. Бүкар жырау өз толғауларында аса талғампаздык, үсталык таныткан.

Акын өз шығармаларында бүрынғы жыраулар поэзиясының үлгісін әрі карай дамыткан. Бүкардың да толғау-термелері сол акындардікіндей 7-8 буынды болып келеді.

Мысалы.:

Жакын жерден шөп жесе,

Жердің сөнін кетірер,

Ағайыннын аразы,

Елдің сәнін кетірер,

Абысыннын аразы,

Ауыл сөнін кетірер, —

деген өлең жеті буыннан қүрылған. Ал:

Орыспенен соғысып,

Басына мүнша көтерген Жүртыңа жаулык сағынба, —

деген өлең жеті-сегіз буыннан түрады. Ол казак поэ-зиясын такырыптык жағынан дамыткан. Бұкардың өмір жайлы толғаулары көбіне психологиялық, синтаксистік параллелизмге күрылған. Адам мен оны коршаған табиғат қүбылыстарын катар салыстыра отырып, терең ой түйген.

Бұкар поэзиясы — накылдык поэзия. Ол накылға толы. Сондықтан да жырау толғаулары ел арасына кең тараған, макал-мөтел боп кеткен.





Copyright MyCorp © 2024