Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Суббота, 20.04.2024, 05:56
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
АҢЫЗ ӘҢГІМЕЛЕР


АҢЫЗ ӘҢГІМЕЛЕР

| Аңыз дегеніміз — мифологиялык геройлар мен тарихи адамдар 11 жайында айтылатын "өңгімелер”. ('Қазак; эпосы және тюркология".)


Қазақ халкының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шыгарған көркем шығармаларының бір саласы — аңыз әңгімелер. Аңыз-өңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-өрекетіне байланысты туады. Мүндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, камкорлығы, халык намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз-өңгімеге айналып, үрпактан-үрпакка жеткен. Аңыз әңгімелердё халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей өсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке күрылады.

Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б.—бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.

Кейбір аңыз-өңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортак болып келеді. Мысалы, Қожанасыр — казак, кырғыз, өзбек ауыз өдебиетінде ортак кейіпкер. Ол көрші елдердің ежелгі мөдени байланысының куөсі.

Аңыз-әңгімелерде көбінесе сараңдык пен сакилыкты, жалкаулық пен кикарлыкты өткір сатирамен ажуалап сынау аркылы жастарды жаман өдет, жат мінездерден аулак болуга баулуды максат тұтады. Қожанасыр өңгімелерінде (аңызда) оғаш кылығы, аңғал мінезі ажуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәлім-төрбие толкыны анык байкалады; окушы окып, күле отырып шындықты түсінеді.

Осындай халык арасына кең тараған күлкілі сыкак аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атына байланысты туған.

Көсе образы — карапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне карсы жүмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Муны біз "Алдар көсе мен Алаша хан”, "Алдар көсе мен Шыкбермес Шығай-бай”, "Алдар көсе мен саудагер”, т.б. аңыз-әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді.

Халық аузындағы мөтелге айналған "Жүмыртқадан жүн қырыккан”, "Өзі тойса да, көзі тоймайтын”, "Кесіп алса, кан шықпайтын” Шыкбермес Шығайбай — сараңдыктың жиынтығы. Шығайбайдың өдеті мен ісінен сараңдык, дүниеқорлық, өзімтттілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, капылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады.

"Ұрының әйелі өзіне лайық” дегендей, оның төрбиесіндегі үй іші — өйелі, кызы Шығайбайдың өзі төріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде өйелі илеп отырған нанды, қызы үйтуге өзірлеп отырған қазды жасыра қояды.

Бүл өрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдык пен дүниеқорлыкка жаны қас Алдар көсе табан астында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін өңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін түспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке
2-ш.
33

сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бөйбішенің нанындай иленейін, кызыңның астындагы каздай жүлынайын”, — деп аяқ астында оларды масқара етеді. Алдар көсе ақыры байдың кызы Бізбикені алдап алып кетумен уақиға аяқталады.

Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы” деген әңгіменің сюжеті, қүрылысы басқаша болып келеді. Халык ұгымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бүл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бүлдап, шайтанның мойнына мініп камшымен сабауы, шайтандар коркатын тікен арасына тьн'ылып, ала каптагы алтынды алып қүтылып кетуі аркылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді.

Алдар көсе туралы аңыздардың кай-қайсысы болмасын оны тапкырльщтың өкілі етіп жөне ол қандай іс-өрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан үнамды кейіпкер түрінде түракты орын алгандығын аңгартады.



Copyright MyCorp © 2024