Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Суббота, 27.04.2024, 07:35
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
қыз жібек-лиро эпостық жыр


қыз жібек-лиро эпостық жыр

Лиро-эпостық поэмалар — ауыз әдебиетінің мол әрі рухани асыл қазынасы. Мазмүны мен көркемдік жағынан алғанда ауыз әдебиетінің классикалық дәрежеге кәтерілген туындылары.

Ғашықтык дастандарда тек екі жас арасындағы махаббат, сүйіспеншілік кана емес, оларда көшпелі казак тірщілігінің әлеуметтік, түрмыстык жағдайлары, әдет-ғүрпы, салт-санасы, дүниетанымы, өмірге көзқарасы мол көрініс тапкан. Әсіресе көшпелі қазақ қауымының тірпшгік бейнесі "Қыз Жібек” поэмасьшда кең қамтылады.

Ғашықтык, сүйіспеншілік тақырыбында жырланған лиро-эпостьщ поэмалардьщ кейіпкерлері — батырлар емес, кәдімгі қарапайым адамдар. Бүл дастандарда арманына жете алмай кеткен екі жастың мөлдір махаббаты, нөзік сезімдері шынайы бейнеленген.

Лиро-эпос та халык арасында көп замандар ауыздан-ауызға көшіп, біреуден-біреу жаттап алу аркылы кейінгі үрпаққа жетіп, баспаға іліккен. Батырлар жыры тәрізді, лиро-эпостардың да нүсқалары көп.

Батырлар жырларымен салыстырғанда, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың түрмыс-салты, әдет-ғүрпы, адамның ішкі сезімі көбірек баян-далады. Бүлардың лиро-эпос деп аталуының өзі де сондыктан. Кең мағынасында бүл — лирика мен эпикалық тектер элементтерін бірдей қамтитын шығармалар деген сөз. "Козы Көрпеш — Баян сүлу”, "Қыз Жібек”, "Айман — Шолпан”, "Күлше қыз”, т. б. жырларының бөрі де лиро-эпос жырларына жатады.
ауызға 

Жырдың маңызы әрі көркемдік ерекшелігі. "Қыз Жібек” жыры— идеялық мазмүны, көркемдік сөз саптасы, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары жағынан лиро-эпостық дастандардьщ іпгіндегі үздік туьшдылардьщ бірі

Жырға өзек болған оқиға Төлеген мен Қыз Жібектің арасындағы шынайы махаббат. Олардың бірімен-бірі табыскан шуақты сәттері де, қайғылы-қасіретті күн кешкен трагедиялық кездері де барынша шынайылықпен өрнектелген.

Дастандағы бейнелі сөз кестелерін жыршы өзінің нысаналы ойына орай толғап, екшеп ала білген. Мысалы, қазақ аулының көшпелі тіршілігінің сән-салтанаты, Төлегеннің өлім алдындағы өуедегі алты қазбен қоштас-қан сәті, Жібектің асыл жары Төлеген казасына егілген жан азасы ғажап сөз кестелерімен өрілген.



Дастанның басты кейіпкерлері — Төлеген мен Қыз Жібек.

"Падишадан кем емес, Ер Төлеген келбеті”. Базарбай тоғыз үлынан айырылып, кан жүтып, касірет шегіп жүрген кезінде, Алла нәсіп етіп, Төлегені дүниеге келеді. Оның жарык дүниеге келгендегі келбетін жыршы былай суреттейді:

Төлеген деп койыпты ұлдың атын,

Құдай артық жараткан оның затын,

Баланы сипат қылып айтып болмас,

Көрген жан акылынан бір танатын.

Төлеген әкесінің ен дөулеті аркасында бүла боп өсті. Айналасына да, еліне де сыйлы, кадірлі азамат болды. Үйленер шағына да жетті. Қалыңдык іздеп, "ат жетер жерді арылтып тамам кылды”, бірак ол "ел-жүрттан кыз жаратпай”, өзіне сүйікті жар болар сүлуды іздеумен күн кешті. Сол кезде еліне келген бір саудагер шал Төлегеннің сүлу кыз іздеп жүргенін елден естіп, оған:

Қыз жакпай өз еліннен жүрсе саган,

Төлеген, сүйінші бер енді маган,

Елі бар Ақ Жайықта алты шекті Аласың жаксы қызды барсаң соган”, —

деп, Төлегенді Ак Жайык сүлуларына ынтык етеді. Жолы ауыр, жүз күндік болса да, "Төлегеннің ... кыз іздеуге көңілі кетті... Төлеген іздемекке талап етті”. Белін бекем байлады. "Қүс канатты жорға” жаратты, "Түрманының барлығын алтындатып, күміспенен төрт аяғын тағалатты”. Барлык жол жабдығын өзірлеп, Төлеген "сексен жігіт косшы алып, он бес жігіт басшы алып, Ак Жайыққа жөнеген”.

Анасының карсы болғанына карамай аттанады.

Төлеген Ак Жайықка жиырма бес жорға ала кетеді. Саудагер шал аңыз етіп айткан сүлуларды көрмек болып, елге: "Жас кызы болса әкеліп көрсеткен адамға кызын алсам да, алмасам да, бір жорға беремін”, — деп хабар етеді. Мүны естіғен үміткерлер, дөмеленген жүрт "кыз-дарын алып көрсетті”. Төлеген "ешбірін жаратпайды”. Бірак уәдесінен кайтпады. Әрбіреуіне бір-бір жорға мінгізді. Көңілінен шығар сүлу кызды көрмеген ол: "Бүл кыздарды сүлу деп шал бекер айткан екен”, — деп өкінеді.


Сол кезде сүлу қыз іздеген Төлегеннің келгенін естіп, ханның ақылшысы әрі ақын Қаршыға кыз таңдап жүрген жігітті көрмекке, Төлегенді іздеп жолға шығады. Қаршыға: "Мен Төлегенді көрейін, Төлеген маған жакса, Қыз Жібек те жактырар”, — деп ойлайды.

Төлегеннің келісті келбетіне, парасаттылык-адамгер-шілігіне көңілі тойған Қаршыға:

Мен бір сұлу табайын,

Патшалардын жалғызы Аты Жібек сұрасаң,

Кереметін көр, —

дейді.

Сонымен, Қаршыға өзіндей өрі сүлу, әрі ақылды жігітті армандаған, еліндегі бірде-бір жігітке мойьш бүрмай жүрген Сырлыбай ханның қызы Жібекті жолыктырмак болып, Төлегенді ертіп Сырлыбай ханның еліне жол тартады.

Қаршыға келбеті де, акылы да бір-біріне сай екі жастың армандарына жетуіне, косылып бақыт күша-ғында болуына өзінің бар акыл-амалын, шешендігін жүмсап, үлкен адамгершілік көрсетеді.

Акыры, олар жайлауға көшіп бара жаткан Сырлыбай ханның үзак көштеріне килігеді. Эр көштің басындағы сүлулығы көз жауын алар, үлде мен бүлдеге оранған "перінің қызы секілді, бүрала басып кетіп бара жатқан” қыздардың өрқайсысын "осы екен деп Қыз Жібек, жетіп келді қасына, артынан келіп Қаршыға, Жібек емес деген соң, онан бір өтіп жөнелген”. Солай бүлар он бір көштен өтіп, өлқисса Қыз Жібек күймесіне де жетеді.

Төлеген есігі жабулы пөуеске ішіндегі Жібекке ен дәулеттің ішінде еркін өскендігіне, өз елінде хан затымен тең екендігіне басып:

"Кім бар! — деп, — бұл күймеде? — дауыстады...

Төлеген үш кайтара шакырса да,

Қыз Жібек сөйлесуге намыстанды”.

Бүл түста ен байлық ішінде бүла боп, ерке өскен хан қызы Жібектің бір мінезі қылаң етіп көрініп қалады. Төлеген қыздың бүл мінезіне капа болып, ат басын кері бүра бергенде, Қаршыға келіп калады.

"Бүл Жібек маған үш шақырсам, акымақ адамдарға үксап жауап бермейді, бүл калай?” — деп Қаршығадан сүрайды. Жібектің мүндай мінез көрсеткенін Қаршыға: "...Мүның бектігі бар, ешкім бүрын бүлай дауыстап

сөйлескен емес”, — деп түсіндіріп, Төлегеннің ашуын басып, сабасына түсіреді.

Жібек басында "жалғыз атты жолаушы”, "каңғырып өскен бір ку бас” деп, Төлегенді менсінбеген мінез таны-тады. Тек "басыңды көтер Жібекжан, кайтпасын еңбегім еш болып” деген Қаршыға сөзінен кейін ғана "Қаршыға адамсып келген екен, бұган көрінбесем, ұят болар және әбден бетімді ашып отырсам тагы жарамас”, — деп бетін бір ашып, бір жарк етіп көрініп амандасты да, кайтадан жауып, пәуескенің какпагын түймелеп жатып калды. Жыршы Жібектің сипатын былай бейнелейді:

Лөйлі—Мөжнүн болмаса,

Өзгеден аскан келбеті...

Қыз Жібектің дидары,

Көгала көлдің күрағы,

Көз сипатын карасаң,

Бектер мінген пырағы...

Қыз Жібектің ақтығы,

Наурыздың акша карындай...

Акын Жібекті сүлу көркін суреттеу көдесіне синтак-систік параллелизмді, эр алуан салыстыру, теңеулерді шебер жарата білген.

Періште келбетті, раушан жүзді сүлуға жар тандаған Төлеген елти түседі. Енді Төлегеннің бар ынтызары Жібекке ауады. Қайткенде де оган қосылуды армандайды.

Қыз Жібек Төлегеннің тілегіне кекірейе карап, паңдык мінезінен кайтпайды.

Бар ьштасы сол кызга ауган Төлеген Жібектің әкесінің алдьша барып, Жібекке косылмак көңілін білдіреді. Адам тани білген хан Төлегеннің түлгасына, келбетіне көңілі толып, келісім береді. Қаршыға да бүл жерде шешен-дігімен де, абырой-беделімен де кіріседі.

Ол: "Айналайын, Жібегім, шыныдан аппак сүйегің, осы емес пе еді Қүдайдан, қарағым, сенің тілегің”,— деп, Жібектің иін жібітіп, Төлегенмен кездесуге көндіреді. Жібек:

Ау, Ңаршеке-ау, Қаршеке-ау,

Мінгенде атың каракер,

Барайын өзім бара бер.

Шакырғанда бармасам,

Қаршекем тілін алмасам,

Акыр бір күн болармын,

Сол жігітке нәVбаткер... —

деп сыйлап, әрі Қаршыға іңкөрландырған сол жігітті көрмекке өзі де тағат таппайды. Жібектің Төлегенге танысуға беттеген кезін жыршы:

Алтын тактың үстінен Қояндай карғып түседі.

Ақ маңдайы жаркылдап,

Танадай көзі жалтылдап...

Жүйрік аттай ойкастап...

^ Кер маралдай керіліп...

Төнірі берген екі аяк,

Бір басарға ерініп,

Үйден шықты Қыз Жібек, —

деп көсемше етістікті ойната, көркем теңеулерді шебер колдана Жібектің сол сәттегі кимыл-келбетін жыр өрнегіне өдемі түсірген.

Қаршығадан Төлегеннің жігіттігіне, періштеден кем емес түлғасына, кескін-келбетіне, адамгершілік-кісілігіне канықкан Жібек, періштедей түлғалы, келбеті "падишадан кем емес” жанды көргенде, өз бакытын тапқандай, бектігін де, еркелігін де үмытып, Төлегенге бар жанымен күлай кетеді:

"Төлегеннің мойнына Асыла барып отырды”.

Манагы Төлегенге айтқандарына:

Қынама бешпент кынадым,

Өзілмен сізді сынадым,

Сынамакка бір сөзді Өзіл кылып айтып ем, —

деп кешірім сүрайды...

Әлкисса, Төлеген мен Жібек үш ай қалыңдык ойнап, бакыт шуагына бөленеді. Енді еліне қайтар шагы келіп, жүруге камданганда, Жібек түс көріп, түсінде жаман іс көріп, жеңгесі аркылы Төлегенге:

Айналайын Төлеген,

Бикешжан бүгін түс көрді,

Тілімді алсаң жүрмегін, —

деп жалына тіл катады.

Төлеген алған бетінен кайтпай, алые сапарға, еліне аттанады. Жаны жанымен үйлескен Жібегімен, "олай-бүлай боп кетсем, Жібекті еш жаманға кор қылмас Сансызбай атты інім бар... көктем шыға, қазбен бірге келем” деп коштасып, еліне бет алады.

Төлеген уөдеге, айтқан сөзіне берік. Ол "көктем шыға, қазбен бірге келем” деген сертінен айнымай, атасының "ендігі жылы осы уақытқа шейін ол жаққа бармағын, жыл өткізіп бар, тілегім осы” дегеніне қарамастан, жанына бір жан атқосшы алмай, Ак Жайыкка — Жібегіне жалгыз өзі жол тартады. Мүның өзінен де Төлеген бойындагы бір асыл касиетті уөдесіне беріктігін танимыз.

Төлегеннің жан бауыры Сансызбаймен коштаскан жері сүйек сырқырата жан егілтеді.


Төлеген түрды кете алмай,

Көзінен жасы төгіліп,

Көзінен ағып канды жас,

Қандай киын бауырлас,

Төлегеннін сүйегі Бордай болып үгіліп ... —

деген жолдардан Төлегеннің жан ізгілігін, бауырына деген еміренген, еңіреген калтқысыз туыстық сезімін байкаймыз.

Төлеген орта жолда Бекежан бастаған кара ниетті қаракшылар қолынан өкінішті, өксікті қазаға тап болды.

"Өккі болған сүм” Бекежан жекпе-жек сайысқа түспейді, "бір курайды паналап... мылтыкка білте басады.... Төлеген сынды мырзаның, канын судай шашады”. Бекежан осы жерде өзінің ерлік емес, карак-шылык, сүм-сүркия мінезімен көрінеді. Оның Жібекке айткан "өзім батыр болған соң, кімді аяйын” деген сөзі қүр мактан.

Дастанда Төлегеннің өзімен бірге өуеде үшып келген алты қазбен коштасуы жырдың ең бір аянышты да көркем түстарының бірі:

Өуелеп үшкан алты қаз Жерге неге қонбайсың,

Сіздер тірі, мен өлі,

Жатырсың неғып демейсің?..

Жырдың осы жерінде де Төлегеннің өкеге, анаға, жалғыз бауыры Сансызбайға деген жан сезімі, мейірімі барынша көрінген.

Демек, жыршы Төлегенді дастанда барльщ жаксылык, адамгершілік, ерлік бітімімен бейнелеген. Жыр өрнегінде үрпағына үлгі ете келісті кескіндеген.

"Ақмарал атым Жібек...” Дастанньщ басты кейіпкерінің бірі — Қыз Жібек. Жьгршы оның мінез-келбетін нақтылы окиғалар үстінде көркемдік айшыктармен шебер атттқян. Сырлыбай ханның көш сөн-салтанаты Жібектің аскан көркем екенін алдын ала аңғартады. Соны суреттеу аркылы Төлегенді Жібекті көруге ынтықтыра түскен.

Төлеген мен Шеге он бір көштен өтеді. Сол көш басындағы қыздардың көріктері: "Бейіштен шыккан шам шырактай”, "Ак бетінде кіршік жок, айдын көлдің куындай” деп бірінен-бірі асыра сипатталады. Солардың


бәрі осындай келбетті сүлу болғанда, Төлеген армандаған Жібек кандай екен? Төлеген енді Жібекті "бір көрмекке ынтык боп, тағат қылып түра алмады”.

Өлкисса, "екі гашык косылып, әңгіме дүкен қүрады”, "үш айдай ойнап-күліп, бакыт күшағына бөленеді”. Енді Төлегеннің еліне қайтар шағы болады, Жібек көрегендік көрсетеді. Жеңгесі аркылы "қандай заман болар” деп Төлегеннің ата-анасының аты-жөнін, жай-күйін, артында Сансызбай сынды бауыры бар екенін біліп калады.

Жібек жарын сағына, жолын тосып тагатсызданумен болады. Өрі түсінен шошынганы бар.

Қыз Жібек өзінен дөмелі сүм қаракшы Бекежанның астындағы көкжорға атты көргенде:

Атаңа лағынет, ит қаракшы,

Көкжорға астыңдағы алдың қайдан? —

дегенде, канішер Бекежан шімірікпей:

"Өзім батыр болған сон кімді аяйын,

Өлтіріп Төлегенді атын алдым”, —

дейді міз бакпастан.

Қыз Жібек егіліп, еңіреп отырса да, Бекежаннан кек алмакты ойлайды. Кек алмакка алты ағасын кайрайды.

"Туыспай кеткір алты аға” деп Сырлыбайдың өңкей бөрі алты үлын шакырып алады. Олар Төлегенді өлтірген Бекежан екенін білген соң, оны ортаға алады.

Мойнына аркан салады,

Сүйретіп барып алтауы,

Төлегеннің жолына Күрбандык кылып шалады.

Төлегенінен айырылып, бақытсыздыкка үшырап отырғанда, Жібек басына тағы да бір пөле тап болады. Оның айдай сүлулығына елтіген калмақ ханы Хорен мьщдаған өскермен Сырлыбай хан еліне келіп, кызыңды маған калыңдыкка бересің, бермесең еліңді түгел шабамын деп әңгір таяк орнатады. Мүншама колға карсы түрар дәрмені жоқ Сырлыбай Хореннің дегеніне көнеді. Қызын бермек болады. Жібек бүл жерде де ақыл тауып кетеді. Хорен қалмақты қырық күн ойын-тойын жасауға көндіреді. Ондағы ойы "Сол елде сері жігіт жоқ па төңірі, жесірін іздеп келіп неге алмайды?!” деп үміттеніп, кешіктіре түрмақ. Жібек өлмей, Хорен қалмаққа нөсіп болмақ емес.


Жібек кайткенде де Хорен калмактан күтылудың жолын іздейді. Хорен калмактың "екі түлпар аты бар”. Жібек біреуін — ханның Сандалкөк түлпарын такымына басып, жарының аманатына, аруағына адалдык жасап, Төлегеннің еліне аттануға бел байлайды.

Жібек Хоренге өзі баруды үйғарады. Ай мен Күндей Жібекті көргенде, "есі шығып, балкып кетті, мае болды”. Бермеймін деген түлпары Сандалкөкті "ертокымын өзі салып, ерін ерттеп берді”. Ол — ол ма, Жібек ханның тығулы он бес қүлаш ак семсерін де "ішінен беліне байлап алды”. Хорен калмак Жібектің күрган торына калай түсіп қалғанын байкамады да. Сөйтіп, Қыз Жібек Сансызбай мен Шегеге косылып, Жағалбайлы еліне жол тартады. Арманына жетеді.

Жырда Қаршыға мен Шеге ақындар да жағымды, акылды, ақындык касиеттерімен көрінген.

Қаршыға — Сырлыбай ханның акылшысы, көмекшісі, уөзірі өрі от ауызды, орак тілді шешен, акын.

Жырда оны "осы келген Қаршыға, тобынан асқан ер еді” деп сипаттайды. Ол екі жастың қосылуына колынан келгенінің бөрін, акылын да, шешендігін де жүмсайды. Жырда ол осындай үлкен адамгершілігімен, жан ізгйгігімен бой көрсетеді.

Дастанда Қаршыға сиякты өрі акын, әрі парасат иесі Шеге де бар адамгершілік, ерлік бітімімен көрінген.

Сансызбай Шегені аға түтып, аса катты бағалаған. Сондықтан алые сапарға басшы ғып ала кеткен.

Ағасын Бекежан деген каракшының атып өлтіргенін естігенде, Сансызбай көз жасын бүлап:

Падиша туған көкешім,

Бұ дүниеден өтіпсің,

Шын дүниеге жетіпсін,

Мен — мүсөпір інінді Қасіретке тастап кетіпсің, —

деп, көз жасын тыя алмай түрғанында: "Жасын тыйғын көзіңнің, жыламағын, шьфағым... Төлеген сынды ағаның, жүмактан жазсын түрағын”, "нокталы баска бір өлім”, "өкініш кылма”, — деп тоқтау айтып, Сансызбайды жүбататын да Шеге акьш. Жібек пен Сансызбайға басшы болып, Төлегеннің еліне әкелетін де Шеге акын. Төлегеннің ата-анасын куантып, Жібекті Сансызбайға косуға себепкер болған да Шеге акын. Ол адамгершілік, үлкен парасат иесі, акындык бейнесімен көрінген.

Жырда Жібек Сансызбайға косылады. Ал бүл өмең-герлік салтка байланысты ма? Егер жыр өрнегіне сүйен-сек, біріншіден, Төлегеннің "Жібекті еш жаманға кор қылма” деп інісіне тапсырған аманаты болса, екіншіден, Жібек Хорен калмакка өлмей тимек емес, текті тек тектіге жар болуға тиіс, үшіншіден, Жібек: "Сол елде сері жігіт жоқ па төңірі, жесірін іздеп неге алмайды”,— деп, Төлеген еліне баруды, жарының аманатын орындауды өзіне міндет, парыз санайды.
Жібектің Сансызбайға косылуының түп тамыры, міне, осында сиякты.




Copyright MyCorp © 2024