Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Пятница, 19.04.2024, 06:32
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Оғыз-нама


Оғыз-нама
Ел жұртымды  Сендерге табыс етем. ("Оғыз намадан.)



"Оғыз-нама” — X ғасырдағы жөне одан бүрынғы оғыздар мен оның ханы Оғыз қағанның өскери жорықтары, ерлік істері жайында кара сөзбен жазылған көркем шығарма. "Оғыз-наманың” үйғыр өрпімен жазылған нүсқасы Париж кітапханасында сақталып келген.

"Оғыз-нама” қырықтан астам хикаядан түрады. Өрбір хикаяда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Олар: Айқаған атты анадан Оғыздың ерекше көркем болып тууы; сол баланың күн сайын алып болып өсуі; Оғыз батырдың аң аулаудағы ерліктері; Оғыздың ерекше жағдайларда үйленуі; екі өйелінен алты бала сүйгені: Күн, Ай, Жүлдыз, Көк, Тау, Теңіз; Оғыз қағанның дүниенің төрт бүрьппына жеңімпаз жорықтары; Еділді, Тибетті, Сирияны, т.б. жерлерді жаулап алғаны; қартайған шағында қасына ілесіп жүретін Үлы Түрік деген данагөйдің ақылымен ел-жүртын жинап той жасап, жерін алты үлына бөліп бергені, т.б. Бүлар жырдың негізгі мазмүнын қүрайды.

"Оғыз-наманың” басты идеясы — бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достык пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу болып табылады. Ол Оғыз қағанның өз жерін алты үлына бөліп бергенде айтқаны-нан да көрінеді:

Ей, ұлдарым менің,

Мен басымнан көп нөрсе өткіздім,

Талай-талай шайқасты көрдім,

Садак тартып, ок аттым,

Дұшпандарымды жылаттым,

Достарымды күлдірдім.

Көк Төңірі алдындағы парызымды өтедім. Ел-жұртымды сендерге табыс етем, —

деп, ел қамы үшін күресу керек екенін өсиет етеді.

"Оғыз-нама” аңызында мифологиялық суреттер мол кездеседі. Мысалы, Оғыз батырдың жер қайысқан қолын жеңістен жеңіске көкжал бөрі бастап жүреді. Үйықтап жатқан батырдың шатырына көктен нүр сәуле түседі:


Сол жарьщ сөуледен көк шашты,

Көк жалды арлан каскыр шыға келді де,

Оғыз кағанга тіл қатты:

"О, Оғыз! Сен Үрімге аттанып барасың,

О, Оғыз! Мен сені бастап жүрейін”, —

деді.

...Бірнеше күннен соң Көк жалды арлан бөрі Токтады.

Оғыз каған да өскерімен токтады.

Мұндай миф Оғыз батыр үйленгенде де айтылады:

Аспаннан бір көк нұр түсті...

Сол жарык сеуленің ішінде Бір қыз отыр екен...

Егер ол күлсе — көк аспан каркылдап күледі,

Егер ол жыласа — көк аспан күнірене жылайды, Оғыз каған оны көрді де, есінен танды.

Ақыры барды, сүйді, үйленді.

"Оғыз-нама” — түркі халықтарына ортақ көркем шығарма. Онда түркі халыктарының көптеген аңыз-әңгімелері, өлең-жырлары, канатты сөздері, макал-мөтелдері үшырасады. "Оғыз-наманың” авторы (есімі белгісіз) оны проза түрінде жазғанмен, сөйлемдерін өзара үйкастыра, тақпактата қүрып отырады. Олар белгілі бір макамға салып айтуға ыңғайлы. Мүнда көркем ойлар коп. Мөселен, "қыздың сүлулығы сондай, оны көргенде аппак сүттің өзі ашып кетеді” деп суреттейді.

"Оғыз-нама” — көркем туынды болумен катар, қазіргі түркі тілдес халыктардың ежелгі тарихынан едәуір мағлүмат беретін де шығарма. Онда аңыз күйінде болғанмен, Оғыз батыр мен оның үрпактары жасаған өскери жорыктар, оғыз тайпаларының коныс іздеп көпгіп-конуы, оғыз елінің ішкі коғамдық-әлеуметтік өмірі, олардың көрші тайпалармен карым-катынасы, жер-су аттары туралы тарихи шындыкка жакын деректер бар. Бүл жағынан "Оғыз-нама” сиякты туындыларды казіргі тарихи такырыпқа жазылып жүрген шығармалардың бастапқы үлгілері деп карауға да болады. Сөйтіп, ежелгі дөуір өдебиетінде казіргі мөдениетіміздің, әдебиетіміздің ертеден келе жаткан үзілмеген желі екенін дөйектей түседі.



Скачать


Copyright MyCorp © 2024