Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Пятница, 19.04.2024, 05:18
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ (1843—1906)


МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ (1843—1906)

...XIX ғасырдаМахамбет, Дулат, Шортанбай, Мурат, Суйінбай сияқты гасырлық тулгаларга уласып келе жатцан ақын- жырау лар мурасы цазаң әдебиетінің гана емес, элем әдебиетінің бірегей, қайталанбас тарихының, төлтума мәдениеттің жарқын айнасьі еді
Шәкір Ыбыраев


Мұрат Мөңкеүлы 1843 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылкоға өңірінде туған. Мұрат каршадай кезінен-ақ өлең шығарып, ел аузына ілінеді.

Дау емес, жол окыдым бала жастан,

Өнерім он жасымда судай таскан, —

деп айтуы содан. Жас шағында белгілі Есет шешеннен өнеге алады. Ерекше дарын иесі Мұрат халқының рухани байлы-ғы — жыраулар мен батырлар жырын жатка білген. Сыпыра жырау, Асанкайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, т.б. та-рихи тұлғалардың шығармалары бізге осы Мүраттың айтуы аркылы жеткен. Ол ел тарихын өсерлі де мәнді шығармаға айналдырып, насихаттап өткен. Ақын 1906 жылы кайтыс болған.

Мұрат өмір сұрген уакыт патшалық отаршылдық мейлін-ше дөуірлеп, казак жерінің талауға тұскен, халкыньщ зорлык-зомбылыкка душар болған шағы еді. Патша ұкіметі тарапынан жұргізілген реформалар нәтижесінде ел билеу жүйесіне өзгерістер енгізіліп, халыктык салт-дөстүрлердің коғамдык-әлеуметтік тамырына балта шабылды. Міне, осы түста Мұрат сынды дарабоз акындар хальщтың басына тұскен ауырт-палыкты жырға қосты. Мұрат мұрасын зерттеген Бауыр-жан Омарұлы бьшай дейді: "Мұрат Мөңкеүлы "Үш киян”, "Сарыарка”, "Өттең, бір капы дүние-ай!” сиякты толғау-дас-тандарында казак жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатка каймьпшай карсы түрды”.

"Зар заман” дөуірі поэзиясының биік шоктығы болып табылатын "Үш қиян” атты толғауында Мұрат:

Кділді таргьш алғаны —

Етекке колды салғаны.

Жайьщты тартып алғаны —

Жағаға колды салғаны.


Ойылды тартып алғаны —

Ойдағысы болтаны... —

деп күйінсе, "Сарыарқада”:

Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,

Сарытау, Аштарханның жерін де алды.

Артынан Еділден соң Нарьшды алды,

Тоғайдьщ ағаш, камыс, тальш да алды... —

деп ашына жырлады. Ата-бабаларыньщ касык каны қалғанша қорғаған жерін отарлаушылардың табанының астына таптаткысы келмеді. Үлан-ғайыр далаға патша үкіметінің өктемдікпен тап беруіне төзе алмаған акын халкының ыза-кегін осылашпа оятты.

"Үш қиян” толғау-дастанында акын "Үш киян” деп — үш өзен салаларын айтады. Олар: Батые Қазакстан өлкесі, Атырау аңғары, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз өзендерінің айна-ласы. Олардьщ отаршылдардьщ кольшда кеткені, елдің өрісі-нен айырылып торыққаны жырланады. Соның салдарынан "заман” бүзылды: акшалыньщ күні туды, пара-пөле көбейді, арамзалар болыс болып, ел биледі, ағайындьщ пен татулыкка жік түсті, ел ішін жылпостар жайлады, дөулеттіден бак тайды деп күңіренеді:

Заманы қайтіп түзелсін, Акшасына сүйеніп,

Қоңсыдан туған би болды... Айткан сөзі пүл болды,

Акылеыздьщ баласы Заманың мүндай сүм болды.

Заманның болашагы — жастар. Акын сол жастарды заман бүза ма деп те кауіп ойлайды.

Ак борыктай иілген, Ащы суға тойдырып,

Кейінгі туған баланың Бүза ма деп іреңін.

Үстай ма деп білегін, Адыра калғьф заманньщ

Шая ма деп жүрегін... Мен жаратпаймьш сүреңін.

Төуелсіздігінен, жерінен айырылған казак кайда бармак? Мүрат осыны ойлап түңғиьиқ ойға батады. Баяғы заманның Асанқайғы, Қазтуған, Орак, Телағыс сынды ірі түлғалар өскен жерден айырылған ендігі үрпак кайтпек?

Еділдің бойы — канды киян,

Жайықтың бойы — майлы киян,

Маңғыстаудын бойы — шаңды киян,

Адыра калғыр Ү ш киян!..

Жеті жүрттьщ кеткен жер,


Қайырсыз болған неткен жер?

Адыра қалрыр, көк Жайық,

Кепір салып өткен жер.

Асанкайгы, Қазтуған,

Орак, Мамай, Телағыс,

Шоралар шұбап кеткен жер!

"Үш қиян” — тілі көркем толғау. Онда бейнелі сөздер, өсерлі суреттер мол. Теңеу, эпитеттердің шебер қолданыс-тары көптеп кездеседі.

Емендей белін бүгілтіп,

Жібектей жалын төгілтіп.

Еріні төмен салпиған,

Қүйрығы гүлдей малынған.

Күдері бел, күшнек сан,

Бедеу атқа мінген жер.

Бүлардан баска Мүрат акынның мүраларында "Қазту-ган”, "Шөлгез”, "Қарасай—Қази” жырлары, айтыстары, арнау өлеңдері, бірнеше толғау-термелері бар. "Қазтуған”, "Қарасай—Қази”, "Шөлгез” жырларында ноғайлы жүрты-ның аңыздарын баян етеді.

”Қазтуған” толғауының басты кейіпкері — XV ғасырда өмір сүрген, өрі батыр, өрі шешен жырау, Еділ мен Жайык алкабын жайлаған Сүйінішүлы Қазтуған. Окиға Қазтуған аузымен монолог ретінде баяндалады.

Елдің Еділ-Жайык аралығындағы шүрайлы жерлерінен айырылған күнін толғайды:

Еділді алса, елді алар,

Енді алмаған нең калар,

Жайықты алса, жанды алар,

Жанды алған соң нең қалар?..

"Қарасай — Қази” жыры — Мүрат шығармаларының ең көлемдісі, оны нағыз эпостык поэма деуге болады. Жырдың сюжеті — тартымды, ширак, жинакы күрылған. Ноғай-ка-зактың батыры Орак екіжүзді, күншіл ағайындардьщ арамза істерінен капияда каза табады. Жырда батырдың казасы ел-жүртына ауыр тигені — оның досы Акмырзаның, шешесі Көрібоздьщ, кария Қараүлектің жоктаулары арқылы үлкен психологиялык тебіреніспен беріледі. Әкеден айырылып жетім калган екі жас Қарасай мен Қази толғаныстары сай-сүйекті сыркыратады.


Жырдағы бөлекше эсер калдыратын бейне — Қарасай мен Қазидың анасы. Ол — кос батыр ұлан өсірген асыл ана, мейірімді де адал жар. Батырлар жырындағыдай "көркіне акылы сай” әйел деп суреттелмейді, оның аяғы аксақ, көзі сокыр. Жырда бүл кемдікке саналмайды. Орактьщ сүйкімді жары ерін қалай сүйсе, елін де солай адал сүйеді. Ол батырға сай — жар, әрі ана ретінде көрінеді:

...Қарсыласқан дүшпанды Қабыландай соғып жер еді.

Маңдайы күндей балқыған,

Көзі судай толқыган,

Иісі запьфандай аңқыған,

Бір патшадай неме еді,

Өтіп кетті демесең,

Қай батырдан кем еді?.. —

деп, жары Орак батырды аса жоғары бағалайды.

Орак батырдың қаза болғанын пайдаланып, елге жау шабады. Бүл кезде Қарасай — 17-де, Қази — 15-те. Жауға аттанған колдың оны тойтара алмайтынына көзі жеткен Орактың өйелі баласы Қарасайды шакырып алып, жауға карсы аттануға кайрайды.

...Атаңатартыптумадың, Аюдын етін жегіздің,

Беліңе садақ бумадьщ, Жолбарыстьщ сүтін ішкіздің.

Не болды саған, балдарым?.. Белден карға аунаттың,

Айналайьш Қарасай! Сегіз жылан жеп едім,

Мен саған жерік болғанда, Сөйтіп туған сен едің...

Қарасай мен Қази жас та болса жауға аттанады. Алдын-да кеткен қол жаудан жасқанып кейін кайтканда, кос батыр дүшпанмен шайкасқа кіреді. Жасанған жауға екеуі бірге шауып, ақыры жеңеді. Жыр окиғасы осылайша сан мың калмақтың әскерін кырып, кос батырдың елге аман-есен оралуымен аякталады.

Жырдың тілі өсерлі, көркем суреттерге бай. Қарасайдың майданға кірердегі інісі Қазиға айткан сөздеріндегі мета-форалар жанашырлық сезімді оятып, жан толқытады:

Айналайын Қазижан,

Асландағы жұлдызым,

Маңдайдағы құндызым,

Артыңда енді кім калды,

Айналайьш жалғызым?


Мүраттың арнау өлендері ел тізгінін үстаған накты адам-дарға арналған. Солармен бірге акынның жалпы хат түрінде жазылган "Окудан кайткан жігітке”, "Еліне жазғаны”, "Бір доска” сиякты арнаулары, тойбастар жырлары, әртүрлі та-кырыптағы өлендері бар. Оларда акын өз заманы адамда-рының мінез-сипаттарын береді. Дүние, өмір туралы өз ой-ларын айтады. Ел ішінде берекесіздік тудыратын болыс сай-лауларьша наразылык білдіреді. "Айжарыкка” деген өленде "Би болам деп таласып, дүние-малын шашады” деп мінейді. "Есенғали болыска”, "Қаракожа болыска”, "Есентемір Түра-бай болыска”, т.б. арнауларында жекебастың ғана камын ойлаған ел басшыларын аяусыз сынға алады.

Талабы Тұрабайдың келіспеген,

Халык тату бола ма керіспенен...

Ел бұзу Түрабайга ұят болды,

Секілді қара төбет жер иіскеген.

Мүраттың сүлулык туралы өлендері де өте өсерлі. Ол эстетикалық жоғары талгамын жырлары арқылы жеткізе алган. "Қыз” деген өлеңінде жаны таза, акылы дана, сырт пішіні көркем кыз бейнесін жасайды.

Бүраңдап ақ моншактай керілген қыз,

Оздырдьщ салтанатты еліңнен, кыз.

Сөулесі ак жүзіңнің жерге түссе,

Реңің сары алтындай көрінген кыз.

Бүлаңда дөурен өтпей басыңнан, кыз,

Лебізің, сөзің — шырын, маржан — тісің,

Кеткісіз келген адам касыңнан, кыз.

Ал "Жалғаншы пәни жалғанда” өлеңінде қыран күс, жүйрік ат, әдепті мінездің кадір-касиеті жөнінде шабыттана жырлап, өнерлі азаматты, елге корған болатын батырларды өнеге түтуга үндейді. Сондяй-ақ "Аттан сүлу болар ма”, "Жі-гітті сүлу көрсеткен”, "Дария шалкар, айдьш көл”, "Мен бел-гілі жүйрікпін”, т.б. эстетикалық биік талғамды, көркем метафора, теңеу, эпитетке қүрылган лирикалык туындылары да Мүрат Мөңкеүлының рухани мүрасын көріктендіре түседі.

Мүраттың алты айтысы ғана сакталған. Олар: Бала Ораз-бен, Жантолымен, Қалниязбен, Тыныштыкпен, Жаскелең-мен, Жылқышымен айтыстары. Мүрат 17 жасында төжіри-белі акындар Жылкышыны, жиырма жасында Бала Оразды, жиырма бесінде Жаскелеңді жеңеді. Оган өзінің үстазы Есет


ақыныың: "Ел мен жердің шежіресін жаксы білмей, айтысқа түспе” деген кеңесі үлкен көмек болтан. Осы төсілмен ол кейінде Жантолыдан да, ізім мен Тыныштықтан да мерейі үстем болады. М.Өуезовтің "түре айтые”, "сүре айтыс” деп екіге бөлген айтыстың екі түрін де Мүрат шебер меңгерген. Түре айтыс — бір-бір ауыз өленмен қыска да шапшаң жауаптасып отыратын, көбінесе акындармен катар, жалпы көпшілік колданатын түр. Сүре айтыс — тек суырыпсалма өлеңге өбден төселген, ысылган нагыз ақындардың өр кезекте үзақ сөйлеп, көп жыр төгіп, көсіліп жырлайтын түрі. Мүрат Жантолымен болтан түре айтыста кайымдасу (бір-бір шумақпен кезектесіп айтысу) арқылы үтады, ал Тыныштык таты басқалармен нагыз сүре айтыс майданында танылады.

Мүрат туралы мол мәлімет беретін естеліктер — Мүрын жыраудан жазыльш алынган әңгімелер. "Мүрат орта бойлы, кара сақалды кісі еді. Ол өлеңді домбырамен айтпайтын еді. Айкай салганда, колына тостаган алып, болмаса телпекпен аузын кағып айтатын еді. Айкайының каттылығы сонша-лық, жакын отырган ауылдың бөріне естілетін. Үш жүздің шежіресін арғы жерден бастап, осы күнгі калпына шейін келтіріп айтатын еді. Мен "Едіге жырын” Мүраттан бірінші рет естідім. Мүрат мен көрген акындардың ішіндегі ең күштісі еді”, — дейді Мүрын жырау.

Мүрат Мөңкеүлының өзіндік ерекшелігі — заманның бүзылуы себептеріне терендей үңіліп, өзінше шешім табуы. Мүны М.Әуезовтің сөзімен айтсак: "Бүл да азган заманның белгісін айтьш келіп, заман неден бүзылғанына шешу айтады. Шешуі: заманды бүзган казактьщ өз кауымы”. Акын когам-дагы келеңсіз қүбылыстардың бөрі адамның өз колымен жасальш жатқан кесапат екендігіне тоқталады:

Бөйіт еттім бүл сөзді Ай орнынан туады,

Қайғы шегіп заманнан. Күн орнынан шығады, —

Заман азьш не қылсын: Бүның бөрі адамнан.

Мүрат өз шыгармаларында ел мүддесін алдыңгы орынта шыгара жырлайды. Мысалы:

Мен саңлакты түлпарың

Байрақты жерге жүгірген.

Исатай мен Махамбет


Қызыл тілді қазақтан Жок еді жері сүрінген, —

деген сөздерінде өзінің ел мүңының жоқтаушысы екенін "саңлақ түлпарыңмын” деп айтады. Халық үшін үран шакырып, ту көтерген жерден табылатынын "байракты жерде жүгірген” деп келтіреді.

Сондай-ак өлеңнен акынның ел бакыты үшін күрескен ерлерге күрмет сезімін аңғарамыз. Исатай батыр әрі кара тілді как жарған от ауызды шешен болганы мөлім. Ал Махамбет болса, өйгілі акын. Мүрат "Қызыл тілді казактан жок еді жері сүрінген” деп, небір кызыл тілді жүйріктерден Исатайдың да, Махамбеттің де жоғары түрғанын бағалайды.

Ел такырыбы — Мүрат шығармаларында өзекті аркау болып өріліп отырады. Ақын кейде тікелей арнайы, кейде сөз арасында болсын ел тағдырына, елінің болашағына жол іздеген ерлерге соқпай өтпейді.

Бұрынғылар айтады Бұл коныстан өуелде Жеті жұрттың кеткенін...

Дүние деген ұшқан қүс,

Байкай алмай қаларсың Басыңнан шарлап өткенін.

Дүниенін төрт бұрьшіын Қоркыт атаң шайкады.

Ажалға айла таба алмай,

Қайта айналып келді деп,

Бұрынғылар айтады.

Заманньщ болар төрізін Асанкайгы өулие Көзі көрмей байкады, —

деп, кай заманда болса да ел камын жеген даналардың бол-ғанын Қорқыт пен Асанқайгының армандарын жырга косу арқылы айтады. Мына бастан өтіп жатқан азган заманньщ туарын Асанқайгының алдын ала болжаганын айтуы — өдебиетке акынның өзі әкелген толганысы.

Мүрат тек зардың ғана акыны емес. Оның шығармала-рындагы Қарасай, Қази сияқты қаһармандар небір қиын-дықтарды жеңіп, мақсатына жетуінде мән бар. Ондай ел бас-тайтын күрескерлер алдағы уақытта туатынына елін сенді-реді. Енді бір жырында ақынның:



Өмірлі күн ағады Дарияның сеңдері.

Дарияға кеме жүзе алмас,

Бүзылса қүрсау шенбері, —

деуі де сондықтан. Ақын қогамды жақсарту үшін күрес ешкашан да токтамайтынын түспалмен білдіреді. Алайда ол оңайлықпен келмейді. Ол үшін сананың оянуы, рухтың жандануы, кайраттың толуы керек. Ал ондай іс бүгінгі заманда болмай түрганын да ашық жария етеді:

Басы жүмыр бүл пенде Не салса да көніп жүр,

Балуан, байлық, батырлык —

Үшеуі қолдан келмей жүр... —

деп, ойсыздыққа налиды. Мүрат акындық өнерге үлкен талғаммен қараган:

Ақеүнкар күстың асылы Айдыннан таңдап қу алган, —

деп — өзінің ақындығын "ақсүңқардың” ішіндегі "асылына” балайды. Бүл — метафораның күрделі де қиын түрі. Бірінен-бірі асып бейнелейтін мүндай көркемдікке ақын жырлары бай. Мүрат тек сөз үйкастыруіа шебер өлеңттгіні акын деп есепте-мейді. Мүраттың акындық мәдениетке, ақынға кояр талабы өте жоғары.

Сөйлейін сөзді ерінбей,

Бойымды балап керілмей.

Жылы кылып сөйлейін —

Жазғы желдін лебіндей.

Анық қылып сөйлейін —

Ақ теңгенің мөріндей.

Шальщтатып сөйлейін —

Айдынның шалқар көліндей.

Асыл қылып сөйлейін —

Базардың алтын беріндей.

Жабыстырып сөйлейін —

Түтқыр оары желімдей...

Мүнда "жылы қылып”, "шалықтатып”, "асыл кылып”, "жабастырып” сөйлеуі — бейнелі эпитеттер. Ақын ол бейне-леудің өрбіріне лайықты теңеу тауып, түжырымдап түйіп отырады: "ақ теңгенің мөріндей”, "айдынның шалқар көлін-дей” деген сияқты күрделі теңеулердің ой қуаттылығы


тегеурінді, ал суретшілдігі жанды елее туғызады. Акын одан өрі де көркемдік биіктігін дамыта түсіп:

Сүлу кылып сөйлейін —

Қос жорғаны мініп ап Түскен жана келіндей.

Жатьщ кылып сөйлейін —

Жазыққа біткен ыраңдай.

Жарастырып сөйлейін —

Сөукеленің бетіндей... —

деп, жанды, козғалысты, салтанатты үлкен сурет жасауы — Мүратты нағыз суреткер етіп танытатын жолдар. Мүрат-тың үлкен суреткерлігін:

Адырнасын атка алса,

Атар оғын тайға алса,

Еділде түрып оқ атса,

Жайыкка оғын жоғалтса.

Жайыкта түрьш ок атьш,

Еділге оғын жоғалтса,.. —

деген дамытпалы суреттер дәйектей түседі. Адырнасын атка өңгеріп, атар оғын тайға тиеп, Еділден атканы Жайыкка жетіп, Жайықтан атқаны Еділден өткен жыр каһарманының мергендігі мен батырлык күдіреті еріксіз елең еткізеді. Акьш әсірелеуді өте бір әдемі, жанды сурет етіп берген. Олардың бөрі үғыныкты өрі оны өрбітіп, үлғайтьш, ерекше поэзиялык үлгі жасаған.

Мүрат жырларының көркемдігі казак әдебиетінің алтын корын қүрайды.

Жайьщ, сені қайтейін,

Ағашың абат көрінғен,

Жапырағы жерге төгілген.

Жапырағы жасыл ала камқадай,

Бүтағы бүрама күміс алқадай.

Баттауығы білектей,

Ботташығы жүректей.

Балдырғаны соққыдай,

Боз сазаны токтыдай.

Балығының көптігі —

Суына жылкы жаптырмас...

Шьфмауығының көптігі —

Шөккен түйе таптырмас, —


деп жырлайтын Мүрат шығармалары ғажайып теңеулер мен бірінен-бірі асьш түрған күрделі метафораларға, өдемі сурепі эпитеттерге толы. Мүраттың жыр-толғауларында шешендік орамдар мен адамға өсер-ыкпалы зор қанатты сөздер көптеп кездеседі.




Copyright MyCorp © 2024