Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Четверг, 25.04.2024, 10:47
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Төле би Әлібекұлы


Төле би Әлібекұлы
Әділ билердің қолындағы билік — казактың неше түрлі дертін 11 жазатын жаксы дөрі. (А. Байігщкынов.)



Төле би Әлібекұлы XVII—XVIII ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулиеата маңындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастай араб, парсы тілдерін жаксы білген. Шығыстың аңыз-өңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған. Эке тәрбиесінің аркасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр-тапқырлығымен, өділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, кесіп шешім айтып отырған.

Шешендік дөстүрінде жаңа талап жас баланың аты өйгілі билерден барып бата алатыны болады. Сол жүйемен Төле би атакты Әнет Бабаға барып сөлем беріпті. Жүзге келген карт би ел бірлігі, ынтымак жайын-да сөз айтып отырса керек. Сонда жас Төле: "Қалай еткенде бірлік болады, оның мөні кандай болмак?” — деп сүрапты. Бүған би бір топ буылған шыбыкты үсынып, осыны сындырып көрші десе керек. Жас Төле оны олай бір, бүлай бір иіп сындыра алмапты. Муны көрген карт би: "Енді сол шыбыкты біртіндеп сындыршы”, — десе, ол бүл жеке шыбьщтарды оп-оңай быртылдатып сындырып беріпті. Өнет Баба жас баладан: "Бүдан не түсіндің?” — деп сүрағанда, Төле: "Мүның мөнісі, ынтымағы, бірлігі бар елді жау да, дау да ала алмайды. Онсыз тірлік жок!” —депті. Сонда Әнет Баба: "Дөл таптың, балам! Ел билеу үшін, ең алдымен, ауызбірлік, ынтымак кажет! Бак қайда барасың — ынтымакка барамын дегеннің мөнісі осы”, — депті.

Төле араласып шешімін тапқан эр алуан даулардың ішінен жер, су, жайылым жөніндегілері де елеулі орын алып келген. Отбасының берекесі, ердің ырысы, жаксы болса, елдің басшысы деп өйелдің орнын өте жогары бағалаған Төле би алдына келген кыз-жігіттердің тағдырына жеңіл карамай, олардың бакытты болуларына жағдай жасап отырған. Шындыкты танытып, өділдікке кол жеткізуде Төле бидің эр түрлі амал-тәсілдерді колдана білгенін анык байкауға болады.

Бірде Теле бимен іргелес отырған Жантан мен Жолан елдерінің екі жігіті шабындыкка таласып, бір-бірін көріспейтіндей болып араздасады. Мүны естіген Толе екі жігітті шакыртады. Екеуі екі жактан келіп, Төленің үйі жанындағы бір казыкка аттарын байлап, үйге кіріп, бите сәлем береді. Би лөм-мим демей екеуін ертіп сыртқа шықса, екеуінің аттары бір-бірін касысып түр екен. Сонда би: "Апырым-ау, мынау екеуінің татуын-ай”, — депті. Бидің бүл сөзін естіген екі жігіт бір ауыз сөзге келместен, сол жерде кол алысып татуласып кетіпті. Бидің түспалдап жеткізіп айгайын деген ойын жігіттер дүрыс үгады.

Халык өңгімелерінде Төленің білгір-көрегендігі, әулие-лігі туралы көп айтылады. "Қарлығаш өулие” атану окигасының өзі — соның дәлелі. Төле бидің өмір туралы корытқан ой-түйіндері мен нүскалы сөздері өз төңіре-гіндегілерге айткан өсиеті іспетті болып келеді.

Бүл сөздердің терең мазмүндылыгы мен халқының ынтымак-бірлігін ойлап, алдагыны көрегендікпен болжай білгені анык көрінеді.

Төле би атынан айтылатын толғаулар да аз емес:

Жаңбыр жаумаса — жер жетім,

Басшысы болмаса — ел жетім.

Үкпаска айткан сөз жетім...

Атың жаксы болса,

Ер жігіттін пырағы.

Балаң жаксы болса,

Жан мен төннің шырағы.

Өйелің жаксы болса,

Бірінші — иманын,

Екінші — жиғанын,

Үшінші — ырысынньщ тұрағы... —

деп, макал-мөтел үлгісінде кисындырып берілген сөз түйіні, үлағатты ой жиынтыгы тольщ байкалады.

Шапкыншылык кезінде сыр бойының калаларының біразы жоңгарлардың кол астында калады. Ел басшылары жиналып, калай күткарудың жолын карастырады. Сонда Қарабек батыр: "Жауга тізе бүгуден баска амал жок”, — деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын куса игі.
Өзіне келер үятын,

Өзі біліл түрса игі,

Жаудан бүккан немені,

Ортасынан куса игі, —

деп, шырык бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Содан соң айналасындағыларға карап:

Уа, көсіле шабар жерің бар,

Ту көтерген ерін бар,

Ңол боларлык елің бар,

Атадан калган сара жолың бар,

Құлдық үрсан дүшпанға,

Арылмайтын сорың бар...

Кұлдык үрсаң дүшпанға,

Еркек болып туды деп,

Мына сені кім айтар? —

деп толғайды.

Өзінің шешендік пен шебер жеткізе білген сөзінің қуатты күшімен, көрегендік танытқан даналығымен хальщтың ойынан шығады. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел күп алып, жауға карсы күш біріктіреді деседі.

"Біз үш жүзден көңіліңізді сүрай келдік. Ардақты еліңізге кандай өсиет-өнеге айтып қалдырасыз”, — дегендерге, Төле би:

Жүзге бөлінгендердін жүзі кара,

Руға бөлінгендердін күруға асыкканы.

Атаға бөлінгендер адыра калады,

Көпті корлаған көмусіз калады.

Хан азса, халкын сатады.

Халык азса, хандыкка таласады!.. —

деп жауап береді.



Copyright MyCorp © 2024