Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Пятница, 19.04.2024, 15:53
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Қожа Ахмет Йасауи


Қожа Ахмет Йасауи




Тәтті, дөмді жегендер,

Түрлі-түрлі кигендер,

Алтын такка мінгендер 

Ол да бір күн болар жер.

(Иасауидің "Хикмет" кітабынан.)


XI—XII ғасырларда өмір сүрген, мүсылман дінінің атакты кайраткері, философ, ғұлама ғалым, акын Қожа Ахмет Йасауи қазіргі Түркістан (Йасы) каласы маңындағы Испиджап (Сайрам) каласында дүниеге келген. Акынньщ туған жылы дәл айқьш емес, ал 1166 жылы кайтыс болған. Мүсылманшылықты насихаттаған аса ірі дін өкілі Арыстан Баб оны бала кезінде өзіне шөкірт етіп алады.

Жеті жаста Арыстан Бабка қылдым сөлем...

Осы халде мың зікірін қылдым темам...

Қүрма беріп, басымды сипап назар қылды...

Мектеп барып, қайнап толып, тасыдым, міне, —

деп жазады бүл туралы кейін Ахмет Йасауи ("зікір” — бүлқүдайды мадактап айтылатын өлеңдер). Ахмет Йасауи он жасынан он жетіге дейін мүсылман ілімін оқып, жетік меңгереді. Арыстан Бабтың жолын нағыз жалғас-тырушы ретінде елге танылады.

Алайда Арыстан Бабтың орнын басуға лайыкты болу үшін білімінің өлі де жеткіліксіз екенін біліп, о л 1110 жылы жиырма жеті жасында сол кездері білім ордасы болған Бүқар (Бүкара) қаласына оқуға аттанады. Онда атакты ғұлама, мектеп жетекшісі Хамаданиді өзіне "пірім”


деп таниды ("пір” —парсы сөзі, жетекші, бастаушы деген мағынаны береді).

Мен жиырма жеті жаста пірді таптым...

Мен жиырма сегіз жаста ғашык болдым...

Отыз төртте ғалым болып, дана болдым...

Отыз бесте мешіт кіріп, дөурен сүрдім...

Отыз алты жаста болдым сакып кемел... —

дейтін "Хикмет” жолдарында Йасауидің Хамадани мектебінде "ғашык”, "ғалым”, "сақып кемел” сияқты мұсылман ілімі сатыларын меңгергені туралы айтылады. Сөйтіп, ол отыз алты жасында толық кемеліне келіп, Хамадани мектебінің сопылык (сопылық — мұсылман дінінің суфизм деп аталған ағымы) окуын толык аяктайды. Ол өзіндік мектеп ашуга хүкысы бар ең жоғарғы діни лауазымға ие болады, 1119—1120 жылдары Түркістанға қайта оралады.
Йасауи — өз заманының акыл-ойыньщ екілі. Оның өскен ортасы, төлім-төрбиесі ислам діні болып, діни-философиялық дүниетанымы сопылық ілім негізінде калыптасты. Сопылық идеялар ислам дінін эр халықтың өзіндік болмысымен, түрмыс-салтымен үндестіруді уағыздады. Діннің жөне халықтың ізгілікті ортак

мүдделерін біріктіре отырьш, оларды мұсылмандык жолға бағыттады. Яғни, сопылык ілім бойынша мұсылман діні жергілікті халыктардың дәстүрлерін, өдет-ғүрпын, сенім-нанымдарын және бүрыннан калыптасқан діндерін жатсынбай, оларды бүкара халыкка мұсылмандык калыпта орындап жүзеге асыруды ұсынып отырды. Осындай діни философияның бір өкілі бола отырып, Кожа Ахмет Йасауи де түркілердің ежелгі шамандык нанымы мен ислам дінін ұштастырды. Сөйтіп, ежелгі салт-жораларға мұсылмандык сипаттар берілді: киім үлгілері, баксылык сарнау мәнерімен айтылатын зікірлер (яғни зікірлер айту кезінде баксылар бүрынғы баксылык кереметтерін, әуен, қимыл-әрекеттерін колдана береді), кұрбандык шалудағы жергілікті әдет-ғүрыптың сакталуы (мысалы, күннің жаууы үшін төңірден жауын сұрап, кұрбандык шалу, т. б.).

Йасауи өзінің сопылык ілімін түркі тілінде жүргізді. Құран тілі, яғни, араб тілі Алла Тағала белгілеген тіл деп, сондыктан ислам дінін тек осы араб тілі арқылы гана тануга болады деген догманы (бүлжымас кағиданы) жақтаушыларға карсы тұра білген Ахмет Йасауи сопылык өдебиетті түркі тілінде жазып таратты. Ахмет Йасауидың айтуында, дүние жүзін'жаратушы Алла тіл-дердің өр түрлі болуын да жараткан. Сондыктан Алла күдіретін мойындауда тілдердің эр түрлі екенін мойындау керек. Адам кай тілде Алламен сөйлессе де адал көңілден, ак ниеттен шыккан сөз өзінің мұсылмандык мөнін жоймайды. Сондыктан ислам дінінің мазмүнын түркі тілінде айту күпірлік емес, қайта Хакка бастар пірлердің парызы деп түсіндіреді.

Диуани хикмет. Ахмет Йасауи сопылык-философия-лык дүниетанымдарьш өзінің "Диуани хикмет” ("Даналык кітабы”) еңбегінде баян етеді. Бүл өлеңдер жинағы түркі тілді халыктардың XII ғасырда дүниеге келген өдеби ескерткіштерінің бірі саналады, сонымен бірге ол казак өдебиетінің де нұскасы болып табылады. Өйткені "Диуани хикмет” — түркі халыктарының оғыз-кыпшак тілінде өмірге келген өдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте карапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған, бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін косып отырған.



Қожа Ахмет Йасауи 63 жаска келгенде қылует (қылует — арабша оңашалану деген сөз. Ол — жарық дүниеден қол үзіп, жер астында жеке дара өмір сүру арқылы бүл дүниенің күнәларынан бойын аулақ үстау, тазалану, сөйтіп, Хакка жақын болудың бір түрі ретінде Йасауидің өзі енгізген амал болып табылады) жасап, жер астынан жай түрғызып, жарык дүниемен тек шәкірттері арқылы байланысып, сол жер астында осы кітабын жазған. Йасауи бүл қолжазбаны 63—73 жас аралығында жазған, сөйтіп, өзінің ойларын өлең түрінде бір жүйеге түсірген. Барлығы — 149 хикмет-жыр.

Йасауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп карастыруға болады. Біріншісі — сопылық ілімнің мазмүнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бүған үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған төлім-төрбие сипатындағы хикметтер жатады. Ал екінші тобы — ақынның өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалык шығармалары.

Бүл жинақ үстаздың шөкірттеріне, болашақ ізбасар-ларына, окушыларына арнаған сөзі түрінде жазылған.

Бісміллө деп баян етіп хикмет айтып,

Төліптерге дүрр уа гауһар шаштым, міне, —

деуі содан. Мүндағы төліптер деп отырғаны — шөкірттер деген сөз.

Жинақта бүкіл адамзатты толғандырған "Тіршілікті жаратушы кім?”, "Өмір дегеніміз не?”, "Адамның өмір сүрудегі мәні мен мүраты не?” деген сүрақтарға Йасауи да жауап беруге тырысады. Йасауи хикметтері бойынша ғарышты, шексіз өлемді, рух дүниесін жаратқан — қүдіретті Алла Тағала. Ал адамның өмірінің мәні мен мүраты Алланың аманат етіп тапсырған рухани жанын дүние күнөсьшан ада, таза түрінде Алланың өзіне ахиретте қайтарып беру парызында деп түсіндіреді. Сөйтіп, адам Алланың түтастығынан бөлініп жаралған бола отырып, қайтадан сол түтастыққа, Алламен рухани бірігуге дайын болуға тиіс деп табады. Бүл үлы сезімді ақьш махаббат деп атайды. Хақ тағалаға сенім, онымен рухани бірлікке үмтылу — махаббат. Сондай махаббат қана нағыз пөк, берік болмак деп, оның керемет көркем бейнесін жасайды. Ғылымға (сопылыққа) тек махаббат жолымен ғана жетуге болатынын айтады:

Махаббаттың дариясына шомылушы — ғылым,

Амал қыл, калар көп үлгісі, —

дейді.

Мұндағы амал деп отырғаны — сопылыктьщ шарттарьш орындау өрекеттері. Жинақта Хақ жолынан тайдыруға итермелеуші түрлі шайтан образы махаббатқа қарсы койылады. Адам өмірінің мәні өз бойын, өз рухын сол шайтандарға алдырмауда дейді. "Өлмек бүрын жан түзеудің дертін тарттым” деп, бар өмірін рухани жанын таза күйінде үстау үшін күреске арнауды насихат етеді.

Қожа Ахмет Йасауи сопылыкты насихаттауға күрыл-ған хикметтерінде көбіне ойшылдығын танытса, өз ортасын суреттеуге арналған жырларында коғамдағы өр күбылыстың сипаты мен мәнін көре білетін реалист суреткер ретінде көрінеді.

"Диуани хикмет” — әдебиетіміздегі сыншылдык дәстүр-дің басы.

Өз заманының дағдарыстарына шипа іздеуде Йасауи өз көзкарасы түрғысынан мынадай пікірлер айтады. Алла сыйлаған жаркын өмірдің касіретке толып, азып-тозып азғындауына адамдардың өздері кінөлі. Адамның Алла жолына кайшы келетін ниеті, пиғылы, күлқы, жүріс-түрысы, мақсат-мүддесі заман кайшыльщтарын туғызады деп табады.

Біліңдер достар, Хак Расулдың елшілері,

Замана күннен-күнге азар болды...

Патшалар өділдікпен үкім кылмас,

Қазылар пара алмай арыз алмас...—

деп, Йасауи заманның азуына әділетсіз патшадан бастап, тағдырына канағатшылык етпеген пиғылы нашар пакырлардың бөрін себепкер етіп айыптайды.

Акын өз шығармаларында, өсіресе ислам дінін тара-тушы, уағыздаушы болуға міндетті ишан, молда, мүфти сиякты дінбасыларды коғамдык сана-сезімнің алдыңғы өкілі ретінде қарастырады. Олардың іс-өрекетінің, мінез-қүлкының, адамгершілік касиеттерінің рухани биіктікте көрінуін талап етеді. Сондыктан да коғам каймағы, рухани жалауы болған сол топтың азғындыкка түсуі — заман азғындауының себепшісі екенін айтады.

Ишан, шейх, қожа, молда дүние іздер,

Сырын білмес топ халықты келіп алдар,


Аят, хадис сөзін койып малды іздер...

Шейх деп салар сарай, жинар дүние,

Алла үшін кылған зөрре амалы жок...

Ғалымдардың айткан сөзін дүрыс білмес,

Нағыз дөруіштерді көзге ілмес, —

деп, ашынады.

Акын әдшеттікті, хак істі жактаушылар азған заманда куғындалып, ал мансап үшін пара беріп, дүние үшін арсыздыкка барғандар билік қүратынын сынап, әшкере-лейді. Йасауи өз заманынан сонда да күдер үзбей, адамгершілікке шақырады, жаксыны үлгі түтады. Сөйтіп, ол ез уақытының бейнесін жасап кеткен акын болды.

Йасауи сопылык әдебиетті тудыра отырып, казак әдебиетінде адам бейнесін, оның коғамдағы қызметін, өмір мүратын суреттеуге жол салды. Әдебиетімізге Йасауи хикметтері коғам өміріне, адам тіршілігіне жоғары талап койған сыншылдык дөстүр өкелді. Оның бүл сыншылдык дәстүрі Дулат, Сүйінбай, Шортанбай, Мүрат, т.б. жырларында, тіпті күні бүгіндері де жалғасын тауып жатыр.





Copyright MyCorp © 2024