Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Пятница, 19.04.2024, 14:02
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Дулат Бабатайүлы (1802—1871)


Дулат Бабатайүлы (1802—1871)
 Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті түлғалардың бірі —Дулат Бабатайүлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазакстан облысы, Аякөз ауданында Акшатау бауырында кедей шаруа от басында туып өскен. Ол ауыл молдасынан окып мүсылманша сауат ашады. Акындық өнерді жастайынан қуған Дулат ауыз әдебиеті үлгілерін, батырлар жыры мен лиро-эпостык жырларды жаттап, жадында сактайды. Өзі де үзак толғау, арнау өлеңдер, акыл-өсиет түріндегі дидактикалык жырлар, ескі ертегі-аңыздардың мазмүн-ьшда поәма-толғаулар шығарады. Бүл айтылған шығарма-ларында ел өмірінің, казак коғамының өзгеруі, патша үкіметі әкімдерінің еңбекші халықка жасап отырған озбьфлығы, отаршылдық кысым мен әлеуметтік теңсіздік, діни үғымдар, т.б. сөз болады.

Дулат шығармашылығының негізгі сарыны — заман жайы. Ол казак елінің патша өкіметіне бағынып, отаршылдық камытын киіп, тәуелді болуына наразы. Патшалык Ресейдің капиталистік карым-катынасының казак жеріне енуіне, одан туып отырған өзгерістерге жаны кас. Ол казақтың тәуелсіз ел болуын көксейді. "Тегімді менің сүрасаң” деген толғауында айткандай, Дулаттың пікірінше, Абылай заманында елдің береке-бірлігі бар еді, тәуелсіз еркін өмір сүруші еді, бүгінде коныстар тарылды, алым-салық көбейді. Жер, су, адам, әкім — бөрі өзгерді. Ел билеуші әкімдер пара алып, азды. Бүл сияқты зүлымдык үстемдік күрған заманды

өзгерту, әкімдерге тыйым салу, түзеу керек. Сонда ғана заман түзеледі, елдің бағы ашылады, казак елі жүрт катарына косылады.

Елді судай сапырған,

Белшесінен батырган,

Шілдеде мұзды катырган,

Толыны төгіп шайкаған,

Берілді тізгін ылаңға... —

деп,!ел билейтін өкімдердің ынсап, ар, аділдік дегендерден жүрдай екенін ашына суреттей келіп, қорқауларды колпаштаған әділетсіз коғамды өлтіре сынайды. ■■

Ту ұстап тұлпар жаратпай,

Алдынан топ таратпай,

Елді аузына қаратпай,

Жай отындай ок атпай,

Анадан тудым дегенмен,

Бастамаса ел, ұлан ба? —

деп, елім деп туған азаматтардың алдына үлкен максат қоя сөйлейді./ Халыққа жабырқамай, жалыкпай тіршілік ет, өділетсіздікке көнбе, өділет үшін күрес, қажыма, шын түлпар бол деп ақыл айтады.^

Бытырап, азып-тозған ел Бөдене емей немене? —

деп, елдік қасиетті, береке-бірлікті сактауға шақырады.

"Ешенге” деген өлеңінде елден жаназа, зекет жинап, мал жиып байыған кожа-молдаларды сьшайды.

Мандайдағы бай болдың,

Нөпсіңді неге тыймадың?

Өзің алсаң жүз аз деп,

Берсең бірді кимадын,

Жетерлік болды елге де,

Сенін де берген иманын...—

деп, Қүдай атын жамылып байыған, байып алып жетім-жесір, жоқ-жітік, кедей-кепшікке карайласпайтын Ешен сияқты дүниеқор, сараңдарды әшкерелейді.

Елдің елдік касиетін сақтайтын, береке, бірлікті корғаушы ер керек дейді. "Ел камын жейтін әділ, адал, камқор азамат кайда?” деп армандайды.

Дулаттың барлык сенімі келешек жастарда. Ол казак ішінен шыккан жас батыр азаматтьщ елдің басын қосьш,


баяғыдай "тәуелсіз елдікті” орнатуға тиіс дегенді айтады. Өзінің "Актан жас” деген өлеңінде Актан деген жетім баланың әділдікті аңсап, ел басқаруына үміт артады.

"Ел тілегін тілеген, ер азбайды батадан” деп, жетім Ақтанның катарга косылатынына, жетілетініне күмән келтірмейді.

Дулаттың бір топ өлеңдері заманында төре болтан, сұлтандық, төрелік күрган Барақ, Кеңесбай, Сүлеймен сиякты ел өкімдеріне арналады. Олардың "әділ-қазы”, аталы билердің жолын кумай, кулық, сүмдықпен елді тонап жатқанын ащы сынға алады.

"Барак төреге" деген өлеңінде:
О, Барак жас, Барак жас, Жегенге ток, ішсең мае. Жаксы болса ұлыгы Өз елін жаудай таламас... —
деп өлтіре сынайды.

Оның өлеңдері мазмүнының терең мәнділігімен, адам портретін берудегі сатиралык шеберлігімен ерекшеленіп көзге түседі.

Дулат өлендерішң тагы бір ерекшелігі — кейбір шыгар-маларын мысал түрінде жазуы деуге болады. Дулаттың мысал өлеңдері үлгі, өнеге беру, акыл-кеңес айту ретінде жазылтан. Онда адамгершілік, ар сақтау, кішілейілділік, өдептілік мәселелері сөз болтан. Мысалы, "Саршымшык” атты мысал өлеңінде акын өз бойына, әліне карамай, күр мактанга салынып, ақыры түзакка түсіп калып, балаларга кор болтан саршымшықты мыскылдайды. Сондай-ақ күйеуін менсінбей, өзгеге көз салатын, сүлулы-гын мактан ететін бір келіншекті сынаган "Айтпасымды айткызды” деген өлеңінде, жеңілтек, сәнкой, мактаншак өйелді жүні мен үкісіне мактанган күс бейнесінде суреттейді.

Ақын сүлулыкты адамгершілік ар-ожданмен катар койып, екеуі тепе-тең болса тана адамды көріктендіреді деген қорытындыга келеді.
Сүлулык деген — жарык кой, Дүние тозса тозбайтын, —
деп сұлулыкты өте жоғары бағалай келе көркіне акылы сай болса, нағыз сүлу жан сол деп ой корытады.

Дулат өлеңдері 7-8 буынды толғау болып келеді. Оның өлеңдері, негізінен, саяси-әлеуметтік лиргасаға жатады. Ол — коғамдағы әлеуметтік теңсіздікті өткір сынаған реалистік бағыттағы ақын.



Copyright MyCorp © 2024