Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Пятница, 26.04.2024, 20:23
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
БАТА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ


БАТА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ


Бата беру — адал ниет, жаксы тілек білдірудің ұлттык дөстүрі. Бата беретіндер, көбінесе, көпті көрген ақсакалдар мен кемеңгер даналар, дуалы ауыз билер болып келеді.

Бата кысылғанда — куат, қиналғанда — медет беріп, өрбір іс-өрекетке даңғыл жол ашып, бөле-жаладан корғайды деп есептелген. (‘Ұлттық энциклопедия", 2 том.)


Қазақ халкының ежелден келе жаткан рухани қазынасының бірі — бата сөздер. "Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер”, "Көп тілеуі — көл” деп ұқкан казақтар келер үрпақка бата беріп, ақ тілек, адал ниет білдіруді дәстүр түтқан.

Этнограф-фольклорист ғалым А. В. Васильев "Қырғыз-дардың тілек тілеп бата беру сөздерінің үлгісі” деген еңбегінде: "Кімде-кім кырғыз (казак) даласында болса, ол батаның халыктың кандай ерекше назарында болатынын жаксы біледі. Бата казак поэзиясының (оның табан аузында шығарылатындыгын ескерсек) ерекше түрі, онда бата беруші адамның (аксакалдың) үй иесіне деген шын жүректі жарып шыккан ьщылас, пейілі, ақ ниеті, алладан тілер тілегі поэзия түрінде ақтарыла айтылады”,— деп, таңдана жазған.

Бата берудің бір түрі дастарқан басына жиналған-дардың жасы үлкенінің немесе үйге келген қонақтың үй иесіне тілер тілегі, ықыласы ретінде айтылады. Дастарқан 20
иесінің ак пейіл, адал асына дән риза болған қонак дастаркан жиыларда:

Бершіл, бершіл, бершіл бол!

Боз торғайдай төршіл бол!

Төңірі берген несібең Тепкілесе кетпесін! —

деп бата береді. Бүл жерде қонак, біріншіден — үй иесінің өмір жасының үзақ болуын тілесе, екіншіден — бақыт пен байлықтың баска катар конуын, үшіншіден — ерлі-зайыптылардың тату-тәтті үзак өмір сүруіне игі тілек білдіріп отыр.

Бата-тілектердің түрлері көп. Жаңа түскен жас келінге, ел корғаушы азаматка, жас нөрестеге, аска берер батадан басқа көшіп-қонуға, бие байлауға, тіпті астың эр түріне берер бата түрлі-түрлі болып келеді. Мысалы, "Көш батасында”:

Көшің көлікті болсын,

Көлігің сенікті болсын!

Көш басшың білікті болсын,

Сапарын өнікті болсын! —

десе, алые сапарға немесе жауға аттанып бара жаткан азаматқа ауыл аксакалы:

Жортканда жолың болсын,

Жолдасың кыдыр болсын!

Өулие-әмбиелер колдап,

Қоржының олжаға толсын! —

деп бата-тілек берген. Туған жерінің бір уыс топырағын орамалға түйіп, жорыкка аттанып бара жаткан азаматтың калтасына салып беретін болған. Ол "аман-есен туған жеріңе орал, топырағың туған жерден бұйырсын!” деген ырымды білдіреді.

Бата-тілектердің енді бір тобы отбасьшьщ бакыты—жаңа туған жас нөресте мен жаңа түскен жас келінге арналады.

Нәресте кыркынан шыкканда атасы үлкен қуанышка бөленіп, бүкіл ауылдың адамдарын тойға шакырады. Осы тойда жасы үлкен кария:

А, кұдай, жас нөрестеге үзак гұмыр бер!

Жас нөрестенің күлкісі бүлактай болсын,

Ойыны секірген лактай болсын.

Қыдыр дарып, өулие-өмбиелер колдап,

Бак пен дөулет басына катар консын! —

деп, немесе:
А, Қүдай, жомарттык колын бер, Сапарлының жолын бер!

Қыздың кылығын бер, Жолбарыстың жүрегін бер, Асаудын арынын бер,

Түнгі оттың жалынын бер,

Аскар таудың пандығын бер, —
деп, дүниедегі нелер тамаша қасиеттердің бөрін нөрестенің бойына дарытуды төніріден сұрап, оның ел қамын жейтін, "сегіз кырлы, бір сырлы” асыл азамат болуын тілейді.

Ал жаңа келін түсірген үйге ауылдың үлкен кариялары келіп:
Келінің баянды болсын!

Үлкен-кіші сыйлайтын аяулы болсын! Жылы жүзді, жүмсак сөзді болсын!—
деп эр түрлі үлгідегі бата береді. Бүл бата да келін түскенде айтылатын "Айт, келін” сияқты өнеге-өсиетке күрылған болып келеді.






Copyright MyCorp © 2024