Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Вторник, 16.04.2024, 13:18
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
Шешендік сөздер


Шешендік сөздер
Акылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұкпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды куалар. (Абай.)


Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры — шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер—ғасырлар бойы халық сыньшан екшеліп өткен күнды мүра, асыл қазына.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден бастальш (XII—XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV—XV ғғ.) есімдерімен катысты калыптасып, өркендей түсті.

Шалкиіз, Бұхар (XV—XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мүрат, Теле, Қаз дауысты Қазыбек, Өйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі — XV—XVIII ғғ. Бүл кез қазак халкының жоңғар, калмак, қытай баскыншыларына карсы түрып, өз төуелсіздігін корғау жолындағы күрес жылдары еді.

Шешендік сөздердің алғашкы үлгілерін хальщ ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан үшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең канат жайып, орнығып дамуында тагщырлык пен шешен-діктің тамаша нүскалары — жыраулар толғаулары, айтыстар мен макал-мәтелдердің орны ерекше.

Қазактың шешендік сөздерін өзге жүрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нүскаларын академик В. В. Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дөл, айкын үғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер үйкаспен, ырғакпен келетіндігі соншалык, бейне бір өлең екен деп таңғаласың”,—деп көрсете отырьш, казактардың сөзге тапкырлығы мен шешендігі өзіне ерекше эсер еткенін жазған.

Шешендік сөз терең ойға, үткыр шешімге, тапкыр логикаға күрылады.

Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жок. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, акылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді акылсызға кор етпе, акылдыға айт, кімге, кай жерде, кай кезде, калай сөйлейтініңді біл” деп толғайды. Шешендер — "Ердің күньш екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жүбата алатын даналык сөздер иесі”. Мүндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халык атынан сөйлеуге күкык берілген. Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің аркасында талай айтыс-тартыска түсіп, жалыкпай жаттығу аркылы жетілетін өнер.

Шешендік өнердің киындығы туралы Бүкар жырау:

...Көш бастау киын емес —

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау киын емес —

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау киын —

Шешімін таппас дау бар, —

деп дүрыс аңғартады.

Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауьш сөйлейтін тапкыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы кажет.

^Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер. Қазак шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, үрпақтан-үрпакка жетеді. Айтыла келе бастапқы нүска калып өзгертіліп отыруы мүмкін. Олар кейінгі айтушылар тарапынан кажетіне карай өзгеріп қол-данылып отырған.

Шешендік сөз акындар айтысы сиякты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талкыланған үлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сүхбат, өңгіме-дүкен барысында арнау, сөлем, өсиет түрінде де өмірге келген.

Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айткандығы баяндалады.

Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі — мазмүн. Сөз нактылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дөлелді айтылған.

Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ак тақырыбының кеңдігімен де ерек-шеленеді.

Ертеден-ак халкымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би — халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған өділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден калған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.







Copyright MyCorp © 2024