Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 756

Форма входа

Поиск





Пятница, 26.04.2024, 00:08
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақ әдебиеті

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов
Главная | Регистрация | Вход
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ (1803—1846)


МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ (1803—1846)


Мен бір шарға үстаған кара балта едім, шабуын таппай
 кетілдім, кайраса қайта жетілдім... (Махамбет.)




Шаруалар көтерілісінің шығу себептері. Қазак халкы талай киын кезеңдерді басынан кешірді. Елін, жерін, корғап, азаттығы үшін ішкі, сыртқы жаулармен де сүрапыл айқасқа түсті. Ерлік, елдік көрсетті. Хальщ тарихындағы сондай елеулі оқиға — XIX ғасырдьщ бірінші жартысындағы ішкі Бөкей ордасында болған көтеріліс еді.

Хан мен султан, төре мен төлеңгіттер Еділ мен Жайық арасындағы шаруалардың "оза шауып, кен жайлаған” жерін тарылтты. Отаршыл патша өкіметі кедейлердің жерін күшпен тартып алып, сүлтан-билерге таратып берді. Оның үстіне шаруаларға алым-салыкты да көбейтті. Ел еркінен айырылып, күйзелген үстіне күйзеле берді.

Халык "ереуіл атқа ер салды”. Ол көтерілісті Исатай мен Махамбет басқарды. Махамбет поэзиясы ереуілге шыккан халыктың күдіретті үні болды.

"Қара казан, сары бала қамы үшін қылыш сермедік” деп ұран көтерген ел Исатай мен Махамбет төңірегіне сондықтан мол күш топталды. Олардың ойлағаны өздерінің жеке басының камы емес, көп қамы, калың кауым — ел камы. Олар ел үшін "әділ жаннан түңіліп”, канды жорыкка аттанды.

Демек, көтерілістің шьпу себебі: біріншіден, халықтың шүрайлы конысынан, жер-суынан, еркінен айырылуы болса, екіншіден, хан-сүлтандар мен патша үкіметінің езгісіне, қыспағына түсіп күйзелуі болды.

Махамбеттің балалық, жастық шагы. Махамбет Өтемісүлы 1803 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында, Нарындағы Бекетай күмында туған.

Махамбет жас кезінде хан ордасында болған. Арабша да, орысша да хат білген.

Жасьшан-ак шешендігімен, ақындығымен көзге түскен Махамбетті хан өзіне тартып, өзінің сөзін сөйлеп, сойы-льш соғатын, ханды мадақтап, даңкьш жайып, беделін көтеретін сарай акыны етуді ойлаған. Бірак Махамбет Жәңгірдің бүл ойынан шықпаған. Орда айналасындағы өр алуан өділетсіздікті, жауыздықты өз көзімен коргеннен кейін ол жалпы ел басындағы ауыр халді де үғына бастайды.

Халык намысының аяққа басылғанына зығырданы кайнап жүрген өжет акын бас кетер демей, ханмен ат қүйрығын кесісіп, онымен ашық күреске шығады.

Махамбет көтеріліс кезінде. Еліне емірене кызмет етуді бүкіл ғүмыр-тіршілігінің мазмүны деп білген, Махамбет "колына қоңыраулы найза алып”, асқак жырымен Исатай басшының соңынан ерді.

1829 жылы ол түрмеге камалады. Бүл оқиға намысты, өр жанның ханға карсылығын онан сайын өршіте түседі.

Үлкен айқас 1836 жылы 14 сәуір күні Қиялымола деген жерде болады. Жәңгір мен Исатай колы осы жерде кездеседі. Хан жасағын Қарауылқожа Бабажанүлы бастаған. Күші өктем жау ержүрек сарбаздарға өлім үйіре үмтылады, бірак ерлер берілмейді, қас жауына каһар шаша карсы түрады. Саны көп қалың колдың тегеурінінен Исатай жасағы сирей бастайды, ығыса береді. 

Сонда Махамбет:

Ханнан қырык туғанша,

Қарадан бір-ак тусайшы,

Хальщтың кегін қусайшы! —

деп, сарбаздарға дем береді. Жігерін кайрайды, үрысқа үмтылдырады. Қарадан тугандарды хан әулетіне карсы канды айкасқа, кек алуға үндейді. Ашынған жасактар кектене қимылдап, қайсарлана түседі. Жауына оқтай атылады. Исатай жасағы ханның биі Талқы Қүдайбер-геновтың аулын шауып, Қарауылкожа аулын ойрандай-ды. Осы оқигалар — шабыстар көтерілістің шыркау кезі еді. 1837 жылы 2 караша күні Исатай мен Махамбет


бастаған 3 мындай адам хан ордасына екінші рет аттанады. Орданы қамап а лады. Мол қарулы жасақ. Орданы шауып алуға Исатай күші жеткілікті. Көтерілісшілер күші өлдекайда басым. Жауга лап беруге өзір. Ханга деген халық ашуы шегіне жеткен. Әбден титығына жеткен хальщ жарылуга дайын. Тек басшының кас-кабагына қарайды. Атойлап үран салса, лап етуге комданган.

Осы оқига Махамбеттін Исатай атынан шығарған "Өй, Махамбет жолдасым” деген өлеңінде айтылады. "Батыр аңгал” дейді гой халық. Исатай ханның жалган сөзіне сеніп, арбауына түсіп қалады. Орданы қоршап алган кекті жігіттердің сүсынан хан да, оның төңірегіндегілер де қатты үрейленеді. Сасқан хан мен билердің сол шагын ақын:

Ауыр өскер кол ертіп,

Жасқұска барып кіргенде,

Арыстандай акырған,

Айбатыма шыдамай,

Хан баласы жылады-ай,

"Жанымды қи” деп сұрады-ай! —

деп керемет суреттейді. Қылышынан қан тамган, қабагы-нан кар жауган қайсар да қайратты кол алдындагы ханның мүшкіл халін шебер өрнектеген. Қүты қашып, үрейленген хан Исатайга елші жібереді. "Бар тілегін орындаймыз, тек он күнге мүрсат берсін” деген тілек айтады. Сезімтал да сергек ақын өрі батыр Махамбет: "Кок бедеуді бауырлап, шабамын”,— деп өрлейді. "Исатай басшы білсін деп, ауыр әскер қол түрды”.

Елі үшін еңіреген ер, сол халқы үшін "егеулі найза колга алган” Исатай хан сөзіне сенеді. Орынсыз қан төккісі келмейді. Бейбіт жолмен мақсатына жетпекті ойлайды. "Атаңа нәлет хан үлының” зымияндыгын біле алмай қалады. Алданып қалганын кейіннен рана білген ақын:

Ерлікпенен алданып,

Өзіме-өзім кас кылдым...—

деп, өз қателігін мойындайды, өкінеді.

Исатай атынан жазган "Әй, Махамбет, жолдасым” деген өлеңінде ақын сол алданып, опық жегендерін жыр еткен.

Махамбеттін "Соғыс” өлеңі сол замандагы үрыс қүралымен қаруланган патша үкіметінің Гекке баскарган


өскерімен канды шайқасқа түскен шешуші айкасты бейнелейді. Соғыс "Бекетай” күмында болтан. Сол бір сөтті акын:

Өскер жиып аттандык,

Бекетей еді тұрагым.

Айкайлап жауға тигенде,

Ағатай, Беріш ұраным.

Бекетей күмға ел конып,

Байбакты Жүніс аттанды, —

деп бейнелейді.

Гекке баскарған орыс армиясымен соғыста 1838 жылы шілденің 12-сі күні Исатай қаза табады. Махамбет бір-неше жолдастарымен өскердің шебін бүзып шығып күтылады.

Махамбет бүл жолы патша өскерімен табан тіреп соғыса алмайды. Өйткені Геккенің соғыс техникасын жаксы білетін, күшті каруланган 500-ден аса өскерімен белдесіп соғысуға тірі калган аз адаммен шамасы келмейді.

Исатайдың қазасынан және көтеріліс басылғаннан кейінгі кезеңде. Исатай казасынан кейін Махамбет түңілушілікке, жалғыздыкка сәл бой алдырады. Жыр-ларында мүңаю сарыны пайда болады. Қарулы жасак-тың көпшілігі тарап, касында тек азгана топ калады. Бытырап кеткен колдың енді басын косу қиын. Ел де үрейленген. Жау бейбіт халыкка кысым-киянатын бүрынғыдан да үдетіп, Махамбеттің ізіне шам ала түседі.

Қуғын-сүргінге түсіп, жалғыз қалғанын білген сабаз ақынның:

Жалғыз калдым...

Адасып калган үйректей.

Немесе:

Бұл фәнидің жүзінде Махамбеттей зарығып Мүиды болтан кайда бар, —

деуі де содан. Ол тіпті: "Қаумалаған касымда қарындас-тың кемі үшін”, — деп жанында калган елдің аз екенін айтып мүңаяды:

Қайтейін енді дүние-ай,

Жағдайсыз кетіп барамын Касымда көмектін кемінен.


Бірак қайсар батыр, от ауызды ақын еңсесін тез көтеріп алады. Қайғы-дертінен тез айығады. Күрес туын кайта көтермекке бел байлайды, кайратқа мінеді. Өзін де, жолдастарын да жауына қарсы айкасуға шакырып:

Үрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талай-ды Жолдастарым, мұнайма! —

деп жігерлендіреді. Ол: "ісім жөнге келгенде, камалаған көп дүшпан, өлі де болса, койдай кылып айдармыз”, — деп, қайратты өр мінезінен кайтпайды.

"Жаскүстағы Жөңгір хан ісіне... күса дерт” болтан Махамбет тағы да кол жинау максатымен Хиуаға кетеді. Хиуа ханынан өскери көмек алып келмекші. Оның "Айныман” деген өлеңі осы окиғага байланысты туса керек.

Махамбет тағы да куғын-сүргінге үшырайды. Жәңгір де, Орынбор генерал-губернаторы да оның соңынан куғыншылар жібереді. Акынды колға түсіріп, Орынбор түрмесіне айдайды. Сондағы жолдау кағазда: "Жасы 37-де, бойы екі аршын және 5 вершок, шашы, касы, мүрты, сакалы кара, бетінде дағы жок, кара торы, кой көзді”, — деп сипатталады ақынның түр сипаты.

Махамбетті түрмеге камайды, тергеуге алады. Акын ағайьш-туғандарьш, үй іттгін сағьшады. Соларды бір көруге зар болады. Түтқын азабын, ауыртпалығын тарткан капастағы акьш:

Кеше біз зынданда жатып күбылдык,

Камалаған көп дүшпанға кор болдык.

Терезеден телміріп,

Ағайын мен туғанды Бір көруге зар болдык, —

деп, іштегі сағынышын, қайғы-капасын өлеңмен сыртка шығарады.

Махамбеттің ісі өскери сотка беріледі. Бірак батыр мүнан акталып шығады. Орынбордың генерал-губернаторы: "Махамбет Өтемісүлы жазадан күткарылып, шекарадан өткізіп салынсын, бірак оның бүдан былай шекараға жақындауына тыйым жасалсын, егер де бүл тыйымды бүзса немесе ішкі Ордаға өтсе, ол катал жазаға тартылсын”, — деп үкім шығарады.

Шекара комиссиясы бүйрығымен Махамбетті Кіші жүздің сүлтаны Арыстан Жантөриннің карауына, бақылауына жібереді.

Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстап бермек боп, талай топ құрады, алдап та, арбап та көреді. Шақыртып кісі де жібереді. Бірак Баймағамбет сиякты ата жау-ларының сырына канык Махамбет оның алдауына түсе коймайды. Сөйтіп жүрген шактарының бірінде ақын ойламаған жерден Баймағамбетпен үшырасып калады.

Өрі арыстан жүректі батыр, өрі жалынды ақын Махамбет үйге кіріп келгенде, султан да, оның нөкерлері де сескеніп калады, бірак сыр білдірмеуге тырысады. Ал Махамбет Баймағамбетке де, оның маңындағыларға да амандаспай отыра кетеді. Екі жағы да сак, арбасып отыр. Әңгіме үстінде Баймағамбет: "Исатай екеуің не істемекші едіңдер, соны айтшы?” — дейді. Махамбеттің "Баймағамбет сүлтанға айтканы” дейтін өйгілі өлеңі табан астында, осы арада шығарылған екен. Төрелер бірдеме дегісі келіп, бүған Баймағамбет калай карар екен деп жарамсактана карайды. Бірак Баймағамбеттің батылы бармайды. Біреу бірдеңе десе, кантөгіс боларын сезеді де: "Бүлай айтпаса, ол Махамбет бола ма, ондай сөзді көтермесем, мен хан боламын ба?” — деп көлгірсіп, жалтактай сөйлейді. Қайсар батырдың сүсы басьш кетеді.

Сұлтан "Махамбетті үстап берген жанға 1000 сом беремін” деп жар салады. Халык адал үльш хан баласына сатпаған. "Жер ала, бүлт шала” дегендейін, екі жүзді жандар ғана асыл ерді қапыда өлтіруге барған. Ол — акынның алые туысы әрі "досы” боп жүрген Ықылас деген опасыз, канішер. Елінің корғаны болған акынын ол түлкідей жылмаңдап келіп, зүлымдыкпен өлтірген. Ашық айкаста емес, Махамбеттің адал дастарканы үстінде дәм-түзын татып отырған шакта, жалған досы Ықылас сырт жағынан кеп, басын шауып алады. Дүние қүлы болған жеңдеттер шауып алған ақын басын Баймағамбетке тартуға әкетеді. Сөйтіп, ардагер ақын 1846 жылы 42 жасында дүние салады. Ақынның зираты Атырау облысы, Махамбет ауданындағы Қарой деген жерде.

Қазір ол жер "Махамбет ойы” делінеді. Сол жердегі ауыл Махамбет атымен аталады.

"Қара қазан, сары бала қамы үшін”. Исатай мен Махамбетке "ереуіл атқа ер салдырған да”, "егеулі найза қолға алдырған да”, "беркініп садақ астырған да” сол —

"кара казан, сары бала камы”. Оларды "толарсактан саз кештіріп” жүрген де сол, қарындас камы —ел камы. Олар "Еділ бойы ен тоғайға ел кондыруды, жағалай жаткан сол елге мал толтыруды”, елге еркіндік, молшылык өперуді армандады. Махамбет өзінің "Қызғыш кұс” атты өлеңінде еліне, халқына сүйіспеншілігін, Отаньша деген сезімін:

Ау, кызғыш кұс, кызғыш кұс,

Ел корыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен.

Көл корыған сен едін,

Сен де айырылдын көліңнен...—

деген психологиялық параллелизм арқылы барынша тебі-реніп, тамаша бейнелеген. Қызғыш күстың көлсіз тірші-лігі болмаса, ақынның туған елінсіз, туған топырағынсыз тіршілігі жоқ. Сол өлеңінде, Махамбет:

Сені көлден айырған —

Лашын кұстың тепкіні.

Мені елден айырған Хан Жөңгірдің екпіні, —

деп, кас жауының кім екенін айқын аңғартады.

Ол Баймағамбет сүлтанға айтқан сөзінде:

Өздеріңдей хандарды,

Қарны жуан билерді,

Қабырғасын сөгілтіп,

Қабырғадан аккан кара кан,

Ат бауырына төгілтіп,

Әділ жаннан түңілтіп,

Ат артынэ өңгердік, —

деп, кара казак баласы үшін сол киянатшыл хан-сүлтандарға қарсы күрескенін айтады.

Нарынды ақын Отан бейнесінде алады. Сол Нарында:

Ата менен ана бар, іні менен аға бар,

Қарындас, халкым, көп калды-ау,

Қатын менен бала бар, —

дейді. Нарын — атамекені. Акынның:

Күндердің күні болғанда,

Бас кесермін жасырман... —

деген жалынды, отты сөздері тек елім деп еңіреген ердің аузынан гана шығады. Акын халкын ерлік күреске үндейді:


Толарсактан саз кешіп,

Токтамай тартып шығуға,

Қас үлектен туған көтепті,

Қара нар керек біздін бұл іске.

Қабырғасын каусатып,

Бір-біріндеп сексе де,

Қабагын шытпас ер керек Біздің бүйткен бүл іске...

Бұл—неге күресіп жүргенін түсінген, халық мүддесін жеке басының мүддесінен артық санаған, халық үшін өз жанын пида еткен ердің сөзі. Махамбетті халықтың қадірлейтіні де, оны аңыз етіп сөйлейтіні де, оның сөздерін айрықша сүйіп оқитыны да сондықтан.

Махамбет — халқын сүйген, халық мүңын жырлаған, елім деп еңіреген акын.

"Ереуіл атқа ер салмай”. Махамбет өлеңдерінде романтизм элементі жиі кездеседі. Ол — көпшілікті күреске шақырған оптимистік, прогресшіл романтизм. Романтикалык пафос күрес мақсатымен үштасып жатады. Мысалы, "Ереуіл атқа ер салмай” өлеңінде:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза колға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Арып-ашып шел көрмей,

Тебінгі теріс тагынбай,

Темір қазык жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердін ісі бітер ме?!—

дейді.

Бүл өлеңде сары уайымның (пессимизмнің) үшқыны да жоқ, тура күреске шакырады. Алға қойган мақсатты орындап шығу үшін канша қиыншылық болса да шы-дауға, хан, патша, төре, сүлтан, билермен күресте қажы-мауға, торықпауға, табанды болуға үндейді.

Тағы бір өлеңінде ол осы пікірін бүдан да гөрі ашық айтады:

Беркініп садақ асынбай,

Біріндеп жауды кашырмай,

Қасарыскан жауына,

Қанды көбік жұткызбай,

Ерлердіи ісі бітер ме?! —

деп, күрес мақсатын айкын танытады.

Сонымен, Махамбет өлендеріндегі романтизм — басынан аяғына дейін жүртшылыкты күреске шакырған, жақсы-лықты алдағы күннен күткен прогрестік, оптимистік романтизм. Жеңіліп қалганнан кейін де:

Орама мылтык таре үрып,

Жауға аттанар күн кайда?

Түлкідейін түн катып,

Бөрідейін жол тартып,

Жау токтатар күн кайда?! —

деп, өршіл, күресшіл бетінен қайтпайды.

Арманын іске асыру үшін Махамбет "О, Нарын!” өлеңінде көпшілікке мынаны үсынады:

Алтын жакса жарасар,

Жалтыраған күміске.

Он екі ата Байүлы...

Тізгінін берсе колыма,

Заулар едім бір көшке... —

деп, "жалпы көпшілікті біріктіре алсам, соның тізгіні қолымда болса, мен бір заулап көрер едім” деп арман-дайды. Махамбет заулағанда, ханга карсы зауламақ. Күрес идеясын ол өлі де болса бірінші орынға кояды. Махамбет "Мүңайма!” атты өлеңінде хан әскерінің көтерілісшілерге жөне елге жасаған кысымын айта келіп, жолдастарын мойымауға, берік болуға үндейді.

Ханның ісі катайды,

Азамат ерден бак тайды.

Қанды көбе киініп...

Ұрандап жауға тигенде Кім женері талай-ды,

Жолдастарым, мүңайма! —

деп, ерлікке шақырады.

Демек, Махамбет еш уакытта болашақтан күдер үзбеді. Максатты өздері орындай алмаған күнде, кейінгілер орындаса, күрескерлердің жолын куса дегенді арман кылды. Қолына найза алып, ата жауына — хан, төре, сүлтан, билерге карсы шыгатьш үлдардьщ кандай болуы керектігін;

Асылдан болат ұл туса,

Екі жак болып келгенде,

Егескен жерде шарт кетер.

Жауырыннан өтін алса да,

Жамандарға жалынбас... —

деген жігерлі жолдар аркылы білдіреді.

Прогресшіл романтикалык сарындағы Махамбет өлеңдерінің ішінде, өсіресе ерекше орын алатыны — "Бағаналы терек жарылса” атты өлеңі.

Бұл өлең акынның соңғы кездегі көңіл күйінің көрінісі деуге болады:

Бағаналы терек жарылса,

Бакыраш жамап болар ма?

Қарағайға карсы бұтак біткенше,

Еменге иір бұтак бітсейші,

Қыранға тұғыр кыларға.

Ханнан қырық туганша Қарадан бір-ак тусайшы,

Халыктың кегін кусайшы,

Артымыздан біздердің Акырып тендік сұрарға.

"Арыстан одан кім өткен?!” Махамбет ел үшін еңіреген ерді аңсаған, соған бар ақындык жүрегін арнаған. Ол: "Асыл ердің баласы, жауды көрсе шыдамай, көзін салар қияға”, — деп, бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті. "Қарада да кара бар, хан үлы басып өткісіз”,— деп, елі үшін кан майданға тайсалмай түскен қайыспас кайсар, кара казак камы үшін халыктан туған ер үлды жырлаған, соны өнеге еткен, соған асыл сөз маржандарын тізген. Махамбет "казанаттан туған каз мойын”, "ауырдан туған жампозды” Исатай бойынан көрген. Сондықтан да оның жырларында Исатай түлғасы ерекше бейнеленген. Ақын оның ерлігін "Арыстан еді-ау Исатай, бүл фәнидің жүзінде, арыстан одан кім өткен?!” — деп суреттейді. Акын өсіресе "Тарланым” деген өлеңінде алуан сөз образдарын қолдана отырып, Исатай батырдың сом тұлғасын жасаған. Ең алдымен, Исатайды кол жетпес "таудағы мүнартып үшкан тарланға” балайды. Акын оның арыстандай кайратты тұлғасына орай көркем сымбатын: "Кермиьным, кербезім, керіскендей шандозым... Қырмызыдай ажарлым”,— деп суреттейді. Исатайдың сырткы сүлу пішінімен бірге, "теңіздей терең ақылдым, тебіренсе ауыр мінездім” деп,

оның сабырлы, ойлы, парасатты жан екенін, тек батыр ғана емес, "хиуадай базарлым” деп, сері екенін де көрсетеді. Оның ақбөкендей ойнаған ақтабан аты да, асынған қаруы да акын назарынан тыс қалмайды.

Мінгені Исатайдың Актабан-ай,

Сүт беріп, сүлы беріп баптаған-ай...

Актабаны астында,

Дулығасы басында... —

деп, қас батыр кейпінде мүсіндеген. Батырдың бойына "кірісін сары алтынға малдырған, сар жебелі садағы”, "тереңнен көзін ойдырған, сүр жебелі оғы”, киген киімі — бәрі жараскан. Ел сүйсінер ер бейнесін акын жеке суреттемей, "қасына ерген көп әскеріне” дейін шабыттана өрнектеген. Махамбет Исатайдың кескінін берумен, мінезін суреттеумен тынбайды. Батьфдьщ образы толык болу үшін, оны үрыс үстінде көрсетеді. "Соғыс” деген өлеңінде "жау бір өрттей қайнаған”, жүрт окка үшып, ок қардай борап түрған сүрапыл үрыстағы Исатай батырдың қимылын былай суреттейді:

Қабырғасын какыраткан,

Тебінгісін тесе аткан,

Тізгінінен кесе аткан,

Біздің кайсар батырдың Жүрегін сөйтіп ояткан...

Қайсар батыр қайратқа мінеді, намыска басады. "Мылтығын қардай боратып... камалды бүзып аларға” калың өрт ішіне койып кетеді. Батырдың осындай жағдайда шабуылға шығуына не себеп болғанын:

Жөнелмей батыр не кылсын,

Ерсары мен Қалдыбай,

Екі арыстан тең өлді, —

деп, оның ерлігін жөне жолдас үшін жан аямайтындығын көрсетеді.

Махамбеттің Исатайды соншама дөріптеуінің негізгі түйіні — "қызғыштай болған есіл ердің” тек ерлігінде не жолдасты тастамайтындығында ғана емес, сол ерлікті патшаға, ханға, билерге қарсы, еңбекші бүқараны жауыз-дардың қанды шеңгелінен босату үшін жүмсағандығында. Махамбет Исатайды халық үшін белдескен ер, батыр, ел басшысы, қамқоры етіп суреттейді.

Исатай өліміне ақын кабырғасы катты кайысады.

Исатай казасына байланысты өлеңдерінде де ақын оның бейнесін тереңдеп аша түседі. "Мүнар күн” — Махамбеттің батыр өліміне арналған классикалық шығармаларының бірі.

Өлең "Мүнар да, мүнар, мүнар күн” деген жолмен басталады. Күн неге мүнар тартқан? Бойың мүздап кеткендей, "мүнар күн” бір сүмдықтың хабаршысындай, не боп қалды? "Буыршын мүздан тайған күн”. Жаңағы сезімің одан әрі үлғаяды. Табаны бүдырлы буыршын мүзға тайса, ол — жақсылык емес. Ақын осындай поэтикалық қарама-қарсы өрнектер аркылы окушысын алға жетелейді, оны үлкен бір оқиғаға әзірлейді, көңіліне қайғы бүлтын үялатып, өзінің негізгі ойына алып келеді.

Аркаулының бойынан,

Теріскей дауыл соккан күн,

Садағы болат кылыштьщ Балдағынан сынган күн.

Хас бәйтерек жығылып,

Жығылғаны естіліп,

Алыстағы дүшпанның Куанып көңілі тынған күн.

Акын сонда сабаз ер өмірінің өкінішпен өткеніне қайғырады.

Қызғыштай болған есіл ер Қайран да жүрттан не көрді? —

деп тебірене жыр төгеді.

Аксүйектің баласын Кара ұлына теңгеріп,

Қоңыраулы найза қолға алып.

Жетімдерге жем бердім,

Ақырында дүние-ай,

Сол ерліктен не көрдім?—

деп, сабаз ер арманына жете алмай кеткеніне өкінеді. "Сол мақсатқа жете алмай, қор болдық-ау, Махамбет, шырақ-ай”, — деп, арманда кетті қайран батыр.

Ол "Егізімнен айырылдым” деп, қайғыра жыр төгеді. "Алдырдым қабыланымды қапияда-ай”, "ер қабыланын жөнелтіп, елсізде аңырап қалған шақ” деп өкінеді. Ақын батыр қазасының ел үшін екенін терең бейнелей алған, окушысын сол аркылы батыр қайғысына ортақ еткен.

Махамбет Исатай казасын бүкіл ел қазасы ретінде көрсетеді. Ақынның: "Ағайынның басы еді, алтын ердің касы еді. Исатайды өлтіріп, қырсык та шалған біздін ел”, "серкесінен айырылып, сергелдең болтан біздін ел” деуі де со дан. Өйткені Исатай — ел басшысы.

Исатайга арналған Махамбет өлеңдерінде батырға деген асқан сүйіспеншілік, терен сезім шынайылыгымен, мөлдірлігімен оқушыны сүйсіндіреді.

Исатай бейнесі ақын жырларында асқан көркемдікпен, шеберлікпен өрнектелген.

XIX гасырдың бірінші жартысындагы әдебиетте адам образын сомдауда Махамбет тамаша шеберлік танытқан.

"Махамбет атты батырмын”. Махамбеттін өзі де Исатаймен теңдес, түла бойы ерлікке толы биік түлға. Бүл оның жырларынан айқын көрінеді. Әрі жалынды ақын, әрі көтеріліс басшыларының бірі болған Махамбет өзін тек Исатайдың қоснн>ісымын деп кішірейтеді. Ондағы мақсаты — Исатай бейнесін жоғары көтеру. Мүнан ақынның үлкен адамгершілік қасиетін айқын байқаймыз. Ол "дүшпанына келгенде — тартылмай сөйлер асыл”. Ол "ежелден табан аңдысқан” Баймағамбетке:

Хан баласы ақсүйек,

Кыларын болса, кылып кал,

Күндердің күні болганда Бас кесермін жасырман, —

деп жауар бүлттай түйіле, найзағайдай атыла сөйлеп "кескілеспей басылмас” қайсар ерлігін танытады. Айта-рын бүкпей айтып салады, ар-намысын аяққа бастыр-майды, бас үрмайды. Қайта, оған "бойың жетпес биікпін” деп өктем сөйлейді. Ақын өзінің жауынан шоқтығы биік екенін кесек образды создер аркылы өрнектеген. Мысалы, "мен ақсүңқар қүстың сойы едім, шамырқансам, тағы кетермін”, "боз агаштан биік мен едім, бүлтқа жетпей шарт сынбан”, "шамдансам, жығар асаумын, шамырқансам, сынар болатпын” сияқты бейнелі сөздерден Махамбет бойындағы асқан қайрат-жігер, жаудан тайсалмас ер мінез-пішін байқалады.

Махамбеттін сол ер, ор мінезі ақынның мына бір жолдарында асқактай көрінген:

Дүшпаныма келгенде,

Тартынбай сөйлер асылмын.


Күла бір сүлу ат мінген,

Күйрық жалын шорт түйген,

Кум сагыздай созылған,

Дулығалы бас кескен,

Ту түбінен ту алған,

Жауды көріп куанған.

Мен Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын.

Мұнан кас батыр, тартылмай сөйлер акын бейнесі қапысыз танылады.

Ол "Атадан туған аруақты ер, жауды көрсе жапырар”, "үдей соккан дауылдай” каһарлы ер бейнесінде көрінген.

Ақын өлеңдерінің ерекшеліктері. Махамбет — лирик акын. Оның лирикаларының өзекті аркауы — елді ерлік күреске үндеу. Махамбеттің ерлікке толы "Ереуіл атқа ер салмай”, "Беркініп садак асынбай”, "Толарсақтан саз кешіп” сиякты өлеңдері — шынайы саяси лирика. Акын ерлерді кимылға, жаумен кескілескен үрыска, белдесе айқасуға шақырады. Махамбет өлеңдерін ереуіл жырлары дейтініміз де сондықтан.

Махамбеттің біраз өлеңдерінде элегиялык сарын да байкалады. Көтеріліс жеңіліп, алға койған максат орындалмай калған соң, акын көңілі жабыркау тартады, өзегін өрт шалады, ең аяулы достары, серіктері окка үшады, халық басына кара бүлт бүрынғыдан да төне түседі. Аңырап ел қалады, ер қуғынға үшырайды. Елім деп өзегі талған, халқьша қабырғасы қайысқан ақын өлеңдерінен мүңды саздар сезіледі.

Ел кабыланын жөнелтіп,

Елсізде аңырап калған шак.

Біздерден акыл сүрама, —

деп күйінеді. Енді бірде:

Тарықканда кайырылар Қарындасым менде жок, —

деп жалғызсырау сарынына басады.

Махамбет "Мүнар күн”, "Еменнің түбі — сары бал”, т.б. өлеңдерінде өзінің ішкі жан сырын, кайзрысын көзінен канды жас ағыза отырып, мүңая жырлаған. Қимас, абзал достарынан, аяулы басшысынан айырылған, көтеріліс кайғылы аякталғаннан кейінгі туған елінен, атамекенінен алшақтаған, ақынның жан азабын бар

жүрегіңмен сезінесің де түсінесің. Бірақ оның элегиялық сарындағы өлеңдерінің өзінде де оптимистік рух, күреске шақыру үні, ерлік жалыны сезіледі.

Махамбеттің "Аспандағы боз торғай”, "Арканың кызыл изені”, "Бүл дүниенің жүзінде”, "Арғымактың баласы”, "Толғау” атты өлеңдері философиялык лирикаға жатады. Өмірдің эр алуан кұбылыстарын, оның бір калыпты түрмай өзгеріп отыратынын, адамдар арасындағы карым-катынастарды бақылай келіп, ақын күрделі қорытын-дылар жасайды.

Қоғалы көлдер, құм, сулар,

Кімдерге коныс болмаған?

Саздарға біткен күба тал,

Кімдерге сайгак болмаған?

Басына жібек байлаған,

Арулар кімнен калмаған?

Тандап мінген түлпарлар,

Иесін кайда жауға салмаған?

Күландар ішпес бүршак как,

Кімдерге шөрбат болмаған?

Садағына сары шіркей үялап,

Жау іздеген ерлердің,

Кайда басы калмаған?..

Махамбет өлеңдерінде ғибратқа толы, нақыл боп кеткен мүндай өнегелі жолдар аз емес. Ол өзінің сондай терең ойлы сөздерімен кейінгі үрпағына да тіл каткандай, акыл өсиет айтып кеткендей.

Махамбет өлеңдері көбіне шешендік өрнекке күрыл-ған — нақыл, терме, толғау түрінде келеді.

Мысалы:

Кыран кұстың баласы Үшса келмес үяға.

Асыл ердін баласы Жауды көрсе шыдамай,

Көзін салар кияға.

Аз сөйлер де көп тындар Хас асылдын баласы...

Жаманнан туған жақсы бар Атасын айтса нанғысыз, —

деген сиякты толғаулары ел аузында қанатты сөзге айна-лып кеткен.


Махамбет өлеңдері көбіне жыр ағынымен келетін 7-8 буынды не бірыңгай жеті буынды болып келеді. Өлеңдері, негізінен, шүбыртпалы айнымалы ұйқаспен жазылған.

Махамбеттің сөз таңдауы көтеріліс мақсаттарына байланысты. Ол көтеріліс басшысы Исатайды биіктету үшін оны тарланға, арыстанға, ал өздерінің ата жауы Баймағамбетті нарқоспаққа балайды (наркоспак—түйенің ең нашар бір түрі). Сол аркылы оның жексүрындык бейнесін береді. Немесе хан-сүлтандарды "қарны жуан билер” деу аркылы да олардың жиренішті кескінін бере білген.

Махамбет — өз ойын капысыз жеткізу үшін сөздерді талғампаздыкпен колдана білген ақын. Бірак ақын оларды тек әсемдік үшін ғана ала салмаған, өмір шындығын терең бейнелеу үшін қолданған. Мысалы, Исатай казасына орай халык басына түскен каралы күнді бейнелеу үшін "мүнар”, "шүбар” сиякты эпитеттерді орынды пайдалану аркылы оның орны толмас каза екенін білдірген.

Ал максатына жете алмай, опык жеп, тауы шағылып, кайғылы халге үшыраған сөттерін:

Телегей теңіз шалкыған,

Қоғалы көлдер суалып,

Тізене жетер-жетпес күн болган,

Жапанға біткен бөйтерек Жапырағынан айырылып,

Ку түбір болтан күн болган, —

деп кішірейту, күлдырату аркылы бейнелеген.

Ақын метафораның үлғайған түрін де шебер колдана білген:

Мен — тауда ойнаған ка

Copyright MyCorp © 2024